Шатақсыз шайлоо…


Аспантаудың арғы бетіндегі ағайын кеудесіне алақанын қойып, Әнұранға тербеліп тұр. «Өркүндөй бер, өсө бер, Өз тагдырың колунда…» дейтін қайырмасына келгенде, жанарынан бырт-бырт етіп, жас үзіледі. Себебі сұрамай-ақ белгілі шығар. Соңғы бес жылдың бедеріндегі саяси сүреңсіздік жұрттағы бақыт деген батпырауықтың жібін үзіп жібергендей еді. Солай көрінсе де, Сіз үлбір үмітті әлі де үзе көрмеңіз! Оқуды жалғастыру

Досқалиевты дәрігер емес, актер дей ме?


Біздің дәуірге дейін дәурені өткен Гиппократ дегенді білерсіз. Білсеңіз, ақсақал дәрігердің артынан ант қана емес, айта жүретін сөз де қалыпты. Айталық, «Ars longa, vita brevis…» Түсінікті тілге «тәпсірлей» қойсақ, – «өмір қысқа, өнер жолы ұзақ, оңтайлы сәттер өткінші, ал тәжірибе алдамшы». Нақ осы нақыл басқа емес, Ж.Досқалиевтің төңірегіндегі жайға сұранып тұр. Оқуды жалғастыру

Сабильянов пен секс…


«Жас Алаштың» коллаждары қашанда ой ұшқырлығы мен батылдығымен тәнті қылатын. Аталмыш газеттің 20 шілдедегі санында Жанболат Мамайдың мақаласы жарық көрген-ді. Қазіргі шақырылымдағы депутаттардың қай бастаманы көтеруге, я қолдауға, я қарсы шығуға шамасы келмеді дегендей, тәуір сараптама жазған. Бірақ, бас мақаланың коллажы түсініксіз. Парламентте ел біледі, жұрт таниды деген екі депутат бар десек, соның бірі болатын Нұртай Сабильяновтың қолына «секс» белгісін ұстатып қойған. Бұнымен не айтқысы келді екен? Мүлдем түсініксіз. Мүмкін, сіздер ақыл қосарсыздар?