Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, Оқуды жалғастыру

Панарабизм. Екінші дубль


Әрине, бұл жолғы панарабизмнің жолы да, жосығы да бөлектеу. Тіпті, өткен ғасырдың өтінде пайда болған құбылыспен бүгінгі төңкерістер арасында параллель жүргізу де жаман бастама шығар. Ол заманда арабтар Осман империясының, ағылшын өкіметінің бұғауын үзуге қарсы бас біріктірді. Бүгінде тәуелсіз елдеріндегі авторитарлық тәртіпке қарсы бас көтеріп жатыр. Ол заманда ортақ агрессор еді, Оқуды жалғастыру

«Жазықсыз» жұмыртқалар…


Осының алдында ғана «Қолдан жасалған «қаһармандар» деп, оппозициядағы сабаздарды сынағандай болғанбыз. Сол материалымызда олардың қай шарасы болмасын, «бейнелі түрде, тауық жұмыртқасын басқа қырынан қарағанмен бірдей» деген де теңеу кеткен… Оқуды жалғастыру

Саяси комикстің сабаздары


Баяғыда ауыл балалары жекпе-жекке шығарда, «қане, сен шық, жоқ, сен шық», – деп, бірін-бірі итермелеуші еді ғой. Болмаған соң, ортаға білегінде күші барын емес, «жоқ» деп айтуға да жігері жетпейтін жасығын шығаратын. Күштінің төмпешінен көнбіс баланың жасына ерік бергені де, танауынан қан аққаны да қаумалаған балалар үшін қызық… Ал, өткен аптада саясаттағы «жекпе-жек», яки Президенттік сайлауға түсетін пенденің есімі белгілі болды. Оқуды жалғастыру