Жұмыртқадан кім жаралды?


Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау 🙂 Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр. Оқуды жалғастыру

«Қыздық пердеге» құрмет…


Бас шаһарымызды бастан-аяқ шолып шыққан шетел тілшісі «Астанада тарих аз…» тілін тістепті. Жұмыс барысымен жолығып тұратын Ерлан ағам (Қарин) осыны айтқанда, ойға қалдым. Ол жорналшының «нәсілі, нәмі кім еді» демей-ақ қоялық. Бірақ «тарихы аз…» дегені жон арқамыздан таспа тілгендей болды. Бұл аз десе, Итальяның «Il Foglio» басылымынан Луиджи де Бьязе деген біреу келіп, Астананың сәулетін мысқылдап суреттейді. Оқуды жалғастыру

Пәлелі патриотизм


Жазғы демалыста Жамбыл облысының біраз ауылында болудың сәті түскен еді. Ауыл өзгермейді дейміз… Өзгермесе, осы «нюанстар» қайдан шықты? Әрі бұлардың аталған облысқа емес, Қазақстанның басқа да аймақтарына қатысы бар деген сенімдемін.

«Бәйтерек» ескерткіші.

Қазір өзін-өзі сыйлайтын әрбір ауылдың әкімі Астана символынан көшірме жасайды. Жасайды да, ауылдағы көлік айналатын «кругтың» қақ ортасына қонжита салады. Оқуды жалғастыру