Түнгі 00.20. Біздің ауылда бұл уақытта Сико мен Сако үшінші түсін қайталап көріп жатады. Ал біз фильмге бардық. Фильм болғанда екі таңдау тұрды – не атышулы «300 спарталықтың» сиквелі, не Баян Есентаеваның «Байқаңыз, сиыры». Біз, әрине Леонардо ди Каприоға «Оскар» бермегеніне қарсылық ретінде Голливудтың «зеленкада» зеленый ақшаға түсірілген блокбастерінен саналы түрде бас тарттық)
Tag Archives: Болливуд
Шаршама, Шах-2
Осы блогқа келіп-кетіп жүргендердің Өркеннің үнді киносына құмарлығын білмейтіні кемде-кем шығар. Осыдан екі-үш күн бұрын Ютубты ақтарып юрып, керемет қуанышқа кенелмесім бар ма? Шуақты шаттықтың фотондарынан үстімдегі футболкам дыр-дыр жыртылып кетті (енді тек еден сүртуге жарамаса :-)). Оқуды жалғастыру
«Цугцванг»
Мұхтар Әбіләзовтың мәселесі кәзет біткеннің «квадрат сантиметрлерінен» түспей тұрған тұс, естеріңізде шығар (айыптау материалдарының дені жоғарының нұқуымен жазылды, если што). Алаяқтың ақ-қара тақтаға құмарын аңдап, шахматқа қатысы, шатысы бар сөзден тақырып тудыратынбыз… «Жас қазақта» жүргенімде, «Цейтнот» деп материал жазғаным бар. Сол кездері цугцванг деп Оқуды жалғастыру
«Өлемін» деген өтініш
«Болливуд базары» деген айдарды ара-тұра үнді киносына шолу жасаймын деген ниетте ашқанмын… Бірақ, бұған көбіне тыртыңдап кинотеатрға барғандарымды түртіп жүрмін. Осы олқылығым үшін сайтман (С.Абас шах) достарым сын айтпай тұрғанда, бүйтейін: бүгін Санджай Лила Бхансалидің «Мольбасын» таныстырамын. Қазақшалағанда, «Құлшылық» бола ма екен, ал үндішесі – «Guzaarish». Оқуды жалғастыру
Шаршама, Шах!
Бүгін білсеңіздер, Болливуд жұлдызы Шахрух Ханның бұ дүниеге келген күні. Бұйыртса, 45 деген жастың төресін бүк түсірмекші. «Ии, сонымен не айтпақшысың?», – деп, интерес қуалап отырған игі жақсыға айтарым, бұл датаны елемей, ескермей кете алмадым.
Қазақ-хинди сөздігінен…
Қайырлы түн – Шубх ратри
Менің атым (есімі) – Мера нам (…) хэ
Сенің атың кім? – Ап ка шубх наам кья хэ?
Рахмет – Дханьявад
Халың қалай? – Ап кейсе хэ?
Өтінемін – Мехербани Оқуды жалғастыру