Құтылмадым-ау, сенен құрылтай


Біздежеинский айтқандай, бұл «біздегі жанр дағдарысының» басы емес. Аяғы десең, иә 🙂 Бүткіл интернеттің назарын бір сәт өзіне аударған Блог құрылтай өтті-кетті. Өзегімді керосинмен өртеген өкініш, сонда түсірген суреттерімді троян жегені еді… Қаратпаған травмотологымыз қалмады, тәуіптер сиқын көріп, сілекейіне ие бола алмай, сілейіп жатты, очм. Құдай жарылқағанда, Оқуды жалғастыру

Блогшылар «Нысанаға» ілікті


Керекинфода «Блогшылар «Азаттыққа» шықты» деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, «Нысанаға» да ілігіпті «құрғырлар». Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, «Жетінші арнадағы» жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Авторы – өзіміздің қазаққа бергісіз Максим (мен Мақсат деймін) Рожин. «Блогшылар деген кімдер?» деген сұрақты көтерген сюжеттің ұзақтығы – 9 минут 4 секунд. Былайша, біз жайындағы үздік бейнесюжеттің бірі болды деп ойлаймын… Сіздер қалай ойлайсыздар?


Құрылтай. Қалған-құтқан…


Алдыңғы жазбамда айттым. Бұл жолы да айтады екен демеңіз. Бірақ, көрсетуге болатын кереметтер бар боп тұрғаны… Блогкэмпте диаметрі басымнан дәу фотосайман ұстап жүргеніме жұрт куә. Өтірік басқаным, шын түсіргенім бар, біраз фотоны жиғандай болған едім.. атаңа нағылет Оқуды жалғастыру

Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім


«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы Оқуды жалғастыру

Тұңғыш рет.. Бірінші болып…


Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше «Кермес» дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық. Оқуды жалғастыру

Дабайликс. Шаңғыкэмп


Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар жылдамдатып Блог құрылтайда жасар презент тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтінішПрезентейш саны көп болған сайын, жиынымыздың деңгейі жоғары болады деп түсінген абзал.  Оқуды жалғастыру