Хоккей. «Тұспалсөз-Қазақия»


Астаналық блогшылар жұмада жиналып, келер жылдың құрылтайына дайындықты пысықтап қайтқанбыз. Одан кейін Мұрат («Тұспалсөз») пен Рахат («Қазақия») командаларының арасында хоккей матчы болған еді…

Мынау сол кескілескен ойыннан түсірілген бейнежазба. Режиссері – Ө.Д. Кенжебек деген дебютант

А. озыпты, Қ. қуыпты


А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… «Ел-Жұрт» сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.

Оқуды жалғастыру

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу


Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының «аттанына» салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз. Жиналдық. Кеше «қағаз толғатып, кәзет туатын» күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. «Алматыдан Асхат арнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..» деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, «Шербеттің» ұзын үстелінің қос қапталын Оқуды жалғастыру

Астаналық блогшылар, аттан!


«Аттан» деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек «блогшылардың бабасы» дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым 7 ақпанда біздің қалада болады деседі «Дабайликс» ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып, Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті. Оқуды жалғастыру

Қазақ блогшыларының алғашқы басқосуы болады! Ой қосыңыздар!


Бет-аузын Glossina palpalis, кешіріңіз цеце шыбыны цүйіп (сүйіп) тастағандай аттан салғым келіп тұрғаны! Иншалла, Қазақ блогшыларының алғашқы басқосуын ұйымдастырамыз деген ниет бар. Ниеттің негізі бұрын да бар етін. Бірақ, бұ жолы Ерлан Қарин деген саясаткер я саясаттанушы (ол жағы маңызды емес), бастысы ұлтшылдығы ұрып тұрған ағамыз осы бастаманы қолдап отыр. Қос қолдап. Бұйыртса, «мани-мани» жағын маймен сылағандай етіп, бір шағылмаған тоқпан жіліктен тауып беремін деді. Енді не әңгіме дейсіз ғой, блогер бауырларым, сол басқосуымызды өткізу турасында бас қатырсақ! Ой қоссаңыздар! Оқуды жалғастыру