Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім


«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы Оқуды жалғастыру

Тұңғыш рет.. Бірінші болып…


Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше «Кермес» дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық. Оқуды жалғастыру

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу


Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының «аттанына» салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз. Жиналдық. Кеше «қағаз толғатып, кәзет туатын» күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. «Алматыдан Асхат арнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..» деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, «Шербеттің» ұзын үстелінің қос қапталын Оқуды жалғастыру

Астаналық блогшылар, аттан!


«Аттан» деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек «блогшылардың бабасы» дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым 7 ақпанда біздің қалада болады деседі «Дабайликс» ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып, Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті. Оқуды жалғастыру