Алдарыңызда… «абсурд театры»


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді. Күлкілі бола тұра, Оқуды жалғастыру

Байбекте бар, басқасында жоқ…


Олар мемлекет басқару жүйесіне мэйнстрим әкелуі тиіс болатын. Олар сүйікті истиблишменттің ителгі ұшар биігіндегі иерархияның сүйегін жаңартып, сүйкімін келтіруі керек еді. Олар керек жерінде капитан, лайық деп тапса лоцман болуы тиіс болатын. Осымен, олар, олар… дегеніміз, «Құдай берген» «болашақтықтар» ғой баяғы. «Тиіс» деген етістікті естісе де, естімесе де, біразымыз «болашақтықтардан» осыны күтіп едік. Қысқасы, «айрықша ені бар» жастарымыздың жағдайы жанына батқан Сағынбек Тұрсынов осы аптада депутаттық сауалын жолдады. Оқуды жалғастыру

Панарабизм. Екінші дубль


Әрине, бұл жолғы панарабизмнің жолы да, жосығы да бөлектеу. Тіпті, өткен ғасырдың өтінде пайда болған құбылыспен бүгінгі төңкерістер арасында параллель жүргізу де жаман бастама шығар. Ол заманда арабтар Осман империясының, ағылшын өкіметінің бұғауын үзуге қарсы бас біріктірді. Бүгінде тәуелсіз елдеріндегі авторитарлық тәртіпке қарсы бас көтеріп жатыр. Ол заманда ортақ агрессор еді, Оқуды жалғастыру

«Тәуелсіздік мен үшін екіұдай тәуелсіздік!»


«АЗАТ» ЖСДП-ның бас хатшысы, танымал жорналист әрі саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ осылай дейді… Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік нөмірді бейнеттеніп жүріп, белгілі азаматтардан бір-екі сұраққа пікірін сұрағанбыз. Біразы басылды кәзетке, ал Әміржан көкемдікі «әлдебір» себеппен түсіп қалды. Өз басыма өзге пікірлерден осы кісінікі ұнап еді… Оқып көріңіздерші, ой салады!

Тәуелсіздік елімізге не берді?

Тәуелсіздік елімізге көп нәрсе берді. Оқуды жалғастыру

Гай Юлий бізге «гость» болады…


Әйтпесе, Астанадағы биліктің иісі мұрнына баратын белсенділер алаөкпе болмас еді-ау. Жаңа жылды қарсы алуға деген алқын-жұлқын дайындығына қарағанда, біздің эрамызға дейін-ақ сүйегі фосфор мен калийге ыдырап кеткен Цезарьдың өзі қабырынан тұрып, шаңын қағып, қамзолын киіп, Елордаға келеді… Кекесін ғой. Естеріңізде болса, осы патшадан Жаңа жылды 1 қаңтарда тойлайық деген салт қалған. Сонымен, кеше «сұмдық» деп ауыз жабатындай жағдай болды. Оқуды жалғастыру

Астананың аурасы…


Жұмыс бабымен деп қояйыншы, Астананың сол жағалауына түнемесем де, баруыма тура келеді. Екі күннің бірінде… Осы шәрге келгеніме бір айдың жүзі толды десем, ойыма түйгенім – «Астана – биліктің бекінісі». Мұндағы жолға төселген жасанды мәрмерден жылтыр күмбезге дейін сықиған саясатпен сасиды (жақсы мағынасында). Шікірейген шенеуніктер.  Қожайынын күтіп қаңтарылып тұрған «тұлпарлар»  – маңқиған «Мерседес», «Лексус»… Оқуды жалғастыру

Қазақы катарсис


Кипаристі көлеңке тұтқан Аристотель ақсақалдың түйгені басқа еді… Тегінде, трагедиялық қойылым қорқыныш пен аяушылық сезімін тудырып, көрерменге осы кепті басынан кешірткізеді. Жан сарайы кеңейіп, иман құтысы тазарады. Талғамы өсіп, қайта тәрбиеленеді. Катарсис жайлы ілім саз-әуеннің әлеуметтік маңызына түкіргенім бар деген Платонға қарсы пікір айтудан пайда болды деседі білгіштер. Бұл енді басқа тақырып. Бастысы, қасырет пенде жанын перделеген кір ойды күштеп қуып, тініне дейін тазартады екен. Ұлт деңгейінде бұл ұғым өткен зобалаңды қабырғасы қайыса аза тұту, соны ұғынғаннан да норадрелиндік үреймен бір ұстынға топтасу болса керек. Оқуды жалғастыру