Бір апта болды ма, блог дегеннің бетіне қарай алмай отырмыз. Қылуетіне түсіп кетті деп қайғыдан бас алмай жатқанда, бүгін ашылды. Аңсатып барып… Амал не, Ләззат Танысбай айтпақшы, «виртуальды өмірден Оқуды жалғастыру
Tag Archives: Бекболат Тілеухан
Қаринның туған күні & Құрылтай
Төрткүл дүниедегі қандастарымыздың төртінші құрылтайы тамам болды. Той тарқағаннан соңғы сүйек мүжу десеңіз де болады осынымды. Очм, тегенеден қымыз сапырылып, тай сойылып, тілек айтылды деп тізе берсең, ә? Астанадан «Этноауыл» ашылып, министрлердің өзі мұнарасынан түсіп, отандастарымыздың мұңын тыңдаған мамыражай уақыт болды. Ашылу салтанатында Оқуды жалғастыру
Қазақтың рухани қуат стансасы. I-бөлім
«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» деген сөзді қазекем айтқанына секеміміз бар. Қалай десеңіз, айбыны асқан Абылай хан жылда 300 жасқа тола бермейтіні анық емес пе? Сөйте тұра, мұрнына су жетпей жатқан «мықтылар» тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспал келген тойды есінен Оқуды жалғастыру
Блогшылар «Нысанаға» ілікті
Керекинфода «Блогшылар «Азаттыққа» шықты» деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, «Нысанаға» да ілігіпті «құрғырлар». Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, «Жетінші арнадағы» жұлымыр бағдарламаның нысанасына…
Авторы – өзіміздің қазаққа бергісіз Максим (мен Мақсат деймін) Рожин. «Блогшылар деген кімдер?» деген сұрақты көтерген сюжеттің ұзақтығы – 9 минут 4 секунд. Былайша, біз жайындағы үздік бейнесюжеттің бірі болды деп ойлаймын… Сіздер қалай ойлайсыздар?
Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере…
Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере)
«Астарын ақтарамыз» деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. «Керекинфоға» ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар. Алайда, Оқуды жалғастыру
Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім
«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы Оқуды жалғастыру
А. озыпты, Қ. қуыпты
А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… «Ел-Жұрт» сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.
Дабайликс. Шаңғыкэмп
Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар жылдамдатып Блог құрылтайда жасар презент тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтініш… Презентейш саны көп болған сайын, жиынымыздың деңгейі жоғары болады деп түсінген абзал. Оқуды жалғастыру
«Ағайындылар-2» (Бекболат Тілеухан, Мұхтар Шерім, …)
Есінеп тұрып, еле-еле кереуетінен кеудесін көтеріп алған ел-жұрт, қалайсыздар! Армысыздар, бармысыздар демекші, таңғы эфирде – «Бармысың, блогшым» хабары. Бүгін де дым қызық жоқ. Блог құрылтайға дайындық қызып жатыр. Айжаннұр алты грамм алтын жалатылған айнасын жоғалтып алыпты (Скотланд-ярд адам салыпты, қызық-ей, біздің ҰҚК қайда қарап отыр?). Амангелді Абылай ханмен спириттік байланысқа түсемін деп, киізде ұйықтап, кіреуке киіп жүр екен. Оқуды жалғастыру
Жұмыртқадан кім жаралды?
Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау 🙂 Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр. Оқуды жалғастыру
АптА KыZы немесе «қызығы»
Жексенбіде үйге келіп жығылсам, «Қазақстан» телеарнасы аптаның қоясын ақтарып, сораптап, кешіріңіз сараптап жатыр екен. «Апта КZ» алғашқы хабарын Азиада алауын облыс орталықтарымен алып жүруге арнапты. Дұрыс қой, жүгірген «тұлғалар», тоңған жұрт, толқынды сөздер… солай болуы тиіс те. «Базар жоқ» дейін десе-е-ем, Оқуды жалғастыру