Патамушта, Баян, патамушта…


           Түнгі 00.20. Біздің ауылда бұл уақытта Сико мен Сако үшінші түсін қайталап көріп жатады. Ал біз фильмге бардық. Фильм болғанда екі таңдау тұрды – не атышулы «300 спарталықтың» сиквелі, не Баян Есентаеваның «Байқаңыз, сиыры». Біз, әрине Леонардо ди Каприоға «Оскар» бермегеніне қарсылық ретінде Голливудтың «зеленкада» зеленый ақшаға түсірілген блокбастерінен саналы түрде бас тарттық)

full_cow7

Оқуды жалғастыру

Advertisements

«Ғашық жүрек» коктейльі


«Ғашық жүрек». Орысша атауы – «Жұлдызға арналған коктейль». Бұл – Баян Есентаеваның продюсер, Асқар Ұзабаевтың режиссер, ал Мөлдір Әуелбекованың бас рөлді алып шыққан актриса ретіндегі алғашқы киносы. «По идее» мұндайда орыс «первый блин комом…» дейді. Ағылшын «The first step is always the hardest» деп айтады да кешіре қояды. Гвинейлік… жарайды енді, кіл дебютанттың «күс-күс» қолынан шыққан кинодан қорыққаным соншалық, Астанадағы премьерасының алғашқы күніндегі бірінші сеансқа барып көрдім. Оқуды жалғастыру