Шіркеу мен Ораза (контраст)


Астана. Абай  мен Брусиловский көшелерінің қиылысы. А-а айтпақшы, ассалаумағалейкум, ағайын. Екі айдан бері енді жүздесіп отыр екенбіз. Ақыры, көш соңында қалдым деп Уордпрессте жатыр ем, менен басқа ешкім қалмаған ба? Барларын бір дыбыс беріп қойыңдар (үшт-учт деп ысқырып па)) Оқуды жалғастыру

Қаринның туған күні & Құрылтай


Төрткүл дүниедегі қандастарымыздың төртінші құрылтайы тамам болды. Той тарқағаннан соңғы сүйек мүжу десеңіз де болады осынымды. Очм, тегенеден қымыз сапырылып, тай сойылып, тілек айтылды деп тізе берсең, ә? Астанадан «Этноауыл» ашылып, министрлердің өзі мұнарасынан түсіп, отандастарымыздың мұңын тыңдаған мамыражай уақыт болды. Ашылу салтанатында Оқуды жалғастыру

Осы да өнер дейсің бе, Өркен?


Бұлай деп біреу айтқан жоқ. Бірақ, «мына суретті неге түсіріп ең?» деп, соткамнан қызық іздегендер сұрап жатады. Неге-неге? Өнер үшін десем, Асылхан Әбдірайым, Шүкір Шахай сияқтылар шашымнан ұстап, іліп қояр. Шамам келгенде, шабытым қысқанда, қызық-ау дегенде… Еріктің ұлы Сони Сатиомен топ еткізіп түсіре берем, түсіре берем. Жақсы деген он жетісін қойсам, Оқуды жалғастыру

А. озыпты, Қ. қуыпты


А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… «Ел-Жұрт» сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.

Оқуды жалғастыру

Айып болмасын, Әлихан ата…


Бүгін, яки 5 наурыз қазақтың тұңғыш үкіметінің басшысы болған Ә. Бөкейханның туған күні екенін біреу білсе, біреу білмес. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 145 жылдың жүзі толып отыр. Бұл бір жағынан, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отырса, екінші жағынан Алаш зиялылары Жақып Ақбаевтың туғанына да 135 жыл, Әлімхан Ермековтің дүниеге келгеніне де 120 жыл толады екен. Айтарым сол, Оқуды жалғастыру

Дабайликс. Шаңғыкэмп


Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар жылдамдатып Блог құрылтайда жасар презент тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтінішПрезентейш саны көп болған сайын, жиынымыздың деңгейі жоғары болады деп түсінген абзал.  Оқуды жалғастыру

Көш кері кетсе, ақсақ түйе алдыға шығады


Алдағы сенбі – бесінші наурыз Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы болған Әлихан атамыздың бұ дүниеге келген күні… Биыл, міне осы мерейлі дата дөңгеленіп, 145 жылға келіп қалыпты. Кәк всегда кербақай үкіметтен қайыр жоқ қой. Тілеуің бергір Тұрсын Жұртбай, Серік Ерғалилар тұрғанда, Астана жастары Оқуды жалғастыру

«Шырақтар» шақырады…


Астана. Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысар тұсында қос үй тұр. Әу бастан әрқайсысы 25 қабаттан тұратын тұрғын үйлерді астаналықтар «Қос шырақ» деген атымен таниды. Ал екі айдан бері осы үйдің 16-шы қабатында, осы блогтың авторы тұрады. Өткен жексенбіде өмірінен безінген жасөспірім осы «шырақтың» шырқау биігінен жерге құлап, жантәсілім етті. Оқуды жалғастыру

Көктен де көркем екен


Кімде-кім мені коллобрационист деп кінәлай қойса, кешіріммен қараймын 🙂 Осы жасыма дейін Астананың бірде сәулетін сықақ етіп, бірде мүсінін мұқатып келіп едім. Енді міне, «қала мэрі қабылдауына шақырып қалар» деген қу оймен мына суретті қойып отырмын.

   «Бұл қайдан адасып жүрген сүгірет?» деп сұрасаңыз, айтайын: Жердің аэрофото және жерсерік арқылы түсірілген фотоларын сатумен айналысатын «GeoEye» деген корпорация бар. Америкада, Даллас деген дәу қаласында пәтер-штабы бар көрінеді. Оқуды жалғастыру

Путинмен жарысамын!


Біз Азиададан алтын жаудырып жатқанда, орыс көршіміз Түркияда өткен Универсиадада жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға жетті. Сол жарыста «жыртып» қайтқан спортшылармен Владимир Путин бейнебайланысқа шыққанда, «беру встречные обязательства научиться кататься на коньках«, – деп жігітше сөз берген еді. Путин қайда-а-а, Өркен қайда? Оқуды жалғастыру

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу


Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының «аттанына» салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз. Жиналдық. Кеше «қағаз толғатып, кәзет туатын» күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. «Алматыдан Асхат арнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..» деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, «Шербеттің» ұзын үстелінің қос қапталын Оқуды жалғастыру