«Жүрегіңнен қыл суырып, жан-дүниеннің шайырын қайнатады» деді біреуі. «Алматы үшін әктуал екен, көзіңнен сора ағызып, көңіліңді былқ-сылқ еткізіп босата салады» дегеннің де сөзін тыңдай салдық. Очм, «Жел сілкінісіне» бармасаң, бұ дүниенің бұла киносынан құр қалып бара жатқандай болдық қой енді… Бардым. Бірақ көре алған жоқпын. Жарты сағат ертелеп жеткенмен, Оқуды жалғастыру
Tag Archives: Алматы
«Татлерді» не таң қалдырды?
Күн ілгері «Tatler» жорналының буы бұрқырап тұрған жаңа санын қолыма түсірдім. Өткен ғасырдың өкпегінде жарыққа келген жорналдың қағазы жылтыр, беті қалың, беделі жоғары екені белгілі шығар. Енді сол басылымның орыс тілшісі Алматының балағынан теңге төгілген байшыкештерінде мейман болыпты. Обалы не, тілші Эдуард Дорожкин тілінен бал тама Алматыны да, Оқуды жалғастыру
«Жазықсыз» жұмыртқалар…
Осының алдында ғана «Қолдан жасалған «қаһармандар» деп, оппозициядағы сабаздарды сынағандай болғанбыз. Сол материалымызда олардың қай шарасы болмасын, «бейнелі түрде, тауық жұмыртқасын басқа қырынан қарағанмен бірдей» деген де теңеу кеткен… Оқуды жалғастыру
Пойыздағы әңгіме: «Досқалиевтің кеткені дұрыс болды…»
Алматы-Қызылжар бағытындағы пойыз. Әжік-күжік әңгіме. Арамызда дәрігер бар екен. Қарағандының орысы. Қызылжардың облыстық ауруханасында қызмет жасайды. Аты кім еді, әй.. жарайды, маңызды емес. Маңыздысы, аннан-мұннан тоқығаны көп, білімді жиған, кәсібін сүйетін маман екен. Дәрігер деген соң елең етіп, «Досқалиевтің халін» сұрадық қой енді… «Шыны керек, сол Досқалиевтің кеткені дұрыс болды», – деді де қойды. Оқуды жалғастыру
«Джамбулдан» «Алма-Атаға» дейін
Қыркүйектің аяғы, қазанның басы… отарбамен біраз ойқастауға мүмкіндік алдым. Таразда болып, қарындасымның тойын өткердім. Алматыда болып, танымал журналист Кәмшат Тасболатты күйеуге ұзаттық. Қысқасы, жақсылап көңіл де көтердік, туфлиді майыстыра, жер тепкілей биледік те… Бірақ, кейіннен билеттеріме қарасам, мен мүлде адресатқа барыппын. Тараз дегенім – Джамбул. Алматы дегенім – Алма-Ата болып шықты. Сенбесеңіз, билеттеріме қараңыз. Сонда, «Қазақстан темір жолы» қай ғасырдың өтінде қалып қалған? Әлде, жалғыз Елбасының жарлықтарын құймышағына қыстырмай отыр ма? Түсініксіз!
Фетхуллаһ Мірқасымұлы..?
Осы аптада Алматы төрінде қаламгер ағайын үшін ақ түйенің қарыны жарылып, ғаламат той болып өтті. Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толды. Иә, бұл тек «ардың ісін» ойлаған арда азаматтардың думаны емес, қалың оқырманның, демек біздің де тойымыз десек, тура болар. Абай ескерткiшiне қалампыр шоқтарын қойып, мерекелiк пленумде Олжас Сүлейменовтен Шерхан Мұртазаға дейінгі марқасқаларымыз бой көрсетіп, сөз сөйледі. Солай болуы тиіс сияқты… Оқуды жалғастыру
«Оңтүстік астана» деу орынсыз!
Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігінде Алматыны «Оңтүстік Астана» деп атау жиі кездеседі. Мәселен, өзгенің қатесін тексергенде өкпесі айырылып кете жаздайтын «Время» газеті ауа-райы болжамын бергенде, «Южная столица» деп бақырайтып қояды. Жаңылысады деуге ауыз бармайды. Оқуды жалғастыру
Біздің көшенің «девішкесі» қайда?
Алматыға келдім. Әй, бірақ, осы жолы мен көріп-біліп жүрген Алматыға бір жері ұқсамайды да. Дұрысы, алып мегаполистің бір «айшығы» жетіспейтін сияқты. Бұл не болды екен деп бас ауыртайын.. Ағаштар тұр. Көліктер қозғалыста. Адамдар да қалыпты тұрмысында. Адам демекші, біздің көшенің қыздары жоқ екен… Жұт жалмаған ба, жалмауыз кемпір ұрлаған ба дерсіз. Біздің көше дегенім – сұлу Сәкеннің көшесі ғой… Оқуды жалғастыру