Екінші бөлімге «ентелеп» жеткенше, Бүркіт батыр осы темәны талдырып тастапты. Жарайды, алдымен Жезді кентіне жолай соғып, Кенесары ханға қойылған бюстті тамашаладық. Арғысын қойшы, бұрын бұ жердің «бақташысы» болған Лениннің басын Берік әкім былай бір шауып өткенде кесіп алып, енді былай жорғақтап өткенде Кенесары бюстін салыпты деген аңыз бар. Расында, бюст қоюдың жұмысы жеңілдеу, комиссия шақырмайды екенсің. Енді ескере жүрерсіздер, бұл Астанадағы Хан Кенеге орнатылған ескерткіштен кейінгі екінші белгі екен. Жездінің тағы бір Оқуды жалғастыру
Tag Archives: Айдос Сарым
Қазақтың рухани қуат стансасы. I-бөлім
«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» деген сөзді қазекем айтқанына секеміміз бар. Қалай десеңіз, айбыны асқан Абылай хан жылда 300 жасқа тола бермейтіні анық емес пе? Сөйте тұра, мұрнына су жетпей жатқан «мықтылар» тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспал келген тойды есінен Оқуды жалғастыру
«Цирк кетті, клоундар қалды»
Орыстарда осындай сөз бар еді ғой… Клоун осы қалпында ұнағандықтан, қазақшалағым келмеді. Айдос Сарымның «бұрын … спектакльмен, кейін киномен салыстырушы едік, енді циркпен теңестіреміз. Сонда бұл кері қарай эволюциялану, жанрдың энтропиясы, саясаттың девальвациясы емей, немене?» деген пікірін оқып қалып едім. Рас қой. Әбүйір болғанда, «әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылдының» керін келтірген сайлаудың әдепкі кезеңі бітті. Кеше президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталып, көш бастауға артық-кемі жоқ 22 адамның ниет білдіргені анық болды. Бұрын-соңды болмаған жағдай десе де болады. Оқуды жалғастыру
«Уәдемелі» увертюра
Қорықпаңыз… бай тілімізде «уәдемелі» деген сөз жоғын біліп тұрмыз. Білгенмен, Айдос Сарымның сарказм түрінде қолданған «терминінің» тым жақсы болып тұрғаны. Әңгіме былай, әнебір күні өзбектің С.Ұбайдуллаев дегені «Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, былайша айтқанда, Оқуды жалғастыру