Қартайдым, қайғы ойладым


«Қараптан-қарап қуасың-ей?» Осы сұрақты Өркен өзіне қоймады дейсіз бе? Қойды, әрине. Бірақ, 25-тегі жігітті 40-тың қызығы еліктіріп қоймапты енді. Жазып құтылайын депті… Жазсын. Қазекем өзі жас ерекшеліктері психологиясын жастанып оқымаса да, адам жасына сай амалдарын атап-атап кеткен. Бірден жүзге дейінгі кезеңді жіктеп, жырына қосып, ұлағат Оқуды жалғастыру

Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

Әлемді сұлулық құтқармайды…


Хорхе Луис Борхес, Хосе Ортега-и-Гассет… Осы есімдерді естісек, елең ете қалатынымыз бар. Өткір ойлы публицисті, озық пікірдегі ойшылы бар испан, аргентин халқын бақытты деп білеміз. Алайда, аузыныздың суын құртпай, айналаңызға қарай, адамдарды аңдай жүріңіз. Мысалы, Ерлан Жүніс. Менен ары кетсе, 12 ай, 19 күндей ерте туған… Бір облыста, басқа ауданда. Бір газетте қызмет атқардық, басқа уақыттарда. Ақын. Жорналшы. «Өзгеріс рухы – бір Сәтте! Сол сәттің белгісі – Сенде!», – дейді. Жырларын терең ойдың құдығына қауға салып, Оқуды жалғастыру

Адамның ұрпағын адам жейді


Менің сурет жинауға құмарлығымды білетін Abai.kz-тың администраторы Әсет «сюрприз» жасады. Поштама салып жіберіпті. Бірақ, көріп алып, жүрегімнің ауырғаны бар ма… Сондықтан, осы жазбаны жүрегі я жүйкесі әлсіз азаматтар көрмей-ақ қойғаны абзал. Құрметті оқырман, сізден осыған құлақ асуды өтінемін. Ал, көрем дегендеріңізге, кедергі бола алмаймын.

Оқуды жалғастыру