«Жақсыны» көрмекке…


Блогым бүлк етпей, бір бүйіріне түсіп жатып алса, бұның да бір себебі бар еді. Айтайын дегенше, айдай «агент-урада» бәрі айтылып, жазылып жатыр ғой… Жаңалық сол, «Жақсы» деген сайт ашып жатырмыз. Оқуды жалғастыру

Проза. «По блату»


Қанат Әбілқайырды алғаш рет 2008 жылдың күзінде көрдім. Алматыға барып, «Ана тіліне» келіп тұрғанда, асханадан бір-бір шыны шәй ішкеніміз бар. Әңгімесі әңкестеу көрінді. Қалыпқа сыймайтын турашыл мінезімен кейін танысып жатырмыз ғой… Журналистиканың иісін мұрнымызбен енді сезіп жатқан шақ. Сол кезде сүңгі ұстаған супертілшілер сапындағы Әділбек Жапақ, Қанат Әбілқайыр, Ерлан Әбдірұлы дегендермен амандасудың өзі ауылда (Таразда) Оқуды жалғастыру

Смағұл Сәдуақасұлының күлін жерледі


Алаш ардақтысының мәйіт күлінің елге алып келгеніне төрт айға таяғанда барып, жер қойнауына берілді. Қасиетті жұмада, сағат он болмай Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде астаналық элитаның аздаған өкілі жиналып қалыпты. Нұрлан Өтешовтен Тоқтар Әубәкіровке, Әлихан Бәйменовтен Жарасбай Сүлейменовке дейінгі марқасқаның мың сан сұрыпы осында жүр. Көз қуанды…. Бар жоғы 33 жыл жасаған атамыз 20 жасында қазақ жастарының көсемі, 25 жасында ағарту министрі болған, тұңғыш қазақ театрының негізін қалап, Мұхтар Әуезов секілді ол кезде жас Оқуды жалғастыру

Қартайдым, қайғы ойладым


«Қараптан-қарап қуасың-ей?» Осы сұрақты Өркен өзіне қоймады дейсіз бе? Қойды, әрине. Бірақ, 25-тегі жігітті 40-тың қызығы еліктіріп қоймапты енді. Жазып құтылайын депті… Жазсын. Қазекем өзі жас ерекшеліктері психологиясын жастанып оқымаса да, адам жасына сай амалдарын атап-атап кеткен. Бірден жүзге дейінгі кезеңді жіктеп, жырына қосып, ұлағат Оқуды жалғастыру

Құтылмадым-ау, сенен құрылтай


Біздежеинский айтқандай, бұл «біздегі жанр дағдарысының» басы емес. Аяғы десең, иә 🙂 Бүткіл интернеттің назарын бір сәт өзіне аударған Блог құрылтай өтті-кетті. Өзегімді керосинмен өртеген өкініш, сонда түсірген суреттерімді троян жегені еді… Қаратпаған травмотологымыз қалмады, тәуіптер сиқын көріп, сілекейіне ие бола алмай, сілейіп жатты, очм. Құдай жарылқағанда, Оқуды жалғастыру

«Былғаныш би» vs «Қара жорға»


«Пепси-пәкәленнің» бидегі парқына кім жеткен? Арын биден Ди ен биге, Вертигодан Тектоникке дейін жастар басын жерге қадап, жұлқынып билеп жатады. Жөн ғой.

«Грязные танцы«, «Шаг вперед» деген кинодағы қимылдарды қайталап, топ болып таласып, трусиіне дейін шешіп болсын, бір-бірін мазақ қылып, маңайын майшамша қыздырады… Бірақ, «Қара жорға»Оқуды жалғастыру

Блогшылар «Нысанаға» ілікті


Керекинфода «Блогшылар «Азаттыққа» шықты» деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, «Нысанаға» да ілігіпті «құрғырлар». Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, «Жетінші арнадағы» жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Авторы – өзіміздің қазаққа бергісіз Максим (мен Мақсат деймін) Рожин. «Блогшылар деген кімдер?» деген сұрақты көтерген сюжеттің ұзақтығы – 9 минут 4 секунд. Былайша, біз жайындағы үздік бейнесюжеттің бірі болды деп ойлаймын… Сіздер қалай ойлайсыздар?


Менің кітап менюімнен…


Қисық бастап, Аршат жалғаған кітап ұсынуда кезек созып алдым. Әдейі емес, жұмыста әбігерге салынып. Жарайды, ұсынатын үш кітабым мынау.

1. Құран

«Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат»

(Әли Имран сүресі, 138) Оқуды жалғастыру

Дарын Мубаров. «По блату»


Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: «Жұлдыздар отбасы» деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын «Жұлдыздарға» шықса… Оқуды жалғастыру

Құрылтай. Қалған-құтқан…


Алдыңғы жазбамда айттым. Бұл жолы да айтады екен демеңіз. Бірақ, көрсетуге болатын кереметтер бар боп тұрғаны… Блогкэмпте диаметрі басымнан дәу фотосайман ұстап жүргеніме жұрт куә. Өтірік басқаным, шын түсіргенім бар, біраз фотоны жиғандай болған едім.. атаңа нағылет Оқуды жалғастыру

Құрылтайда ісім, Құрылдайды… ішім


«Ең жиі жаңаланатын блог» аталымында жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып тастапты. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалап, тойыс жазыпсыздар. Аққан сөзге ауызы Оқуды жалғастыру