Бұның қаншалық махаббатқа жататынын білмедім. Бірақ, белгілі «брендім» арқылы бір мәселенің шешімін шұбатып көрмекпін. Досым десем дау туып кетер, Оқуды жалғастыру
Category Махаббат мекені
Махаббат мәселесі. Кеңес керек!
Досым бар. Дүниетанымы, дене бітімі маған келеді. Қайбір күні «сыра ішейікші» дейді. «Сіміре алмаймын» дедім. «Сырымды айтайыншы» деді. «Тыңдайын» дедім. Общым, айтқаны былай: студент қызды жақсы көреді, сүйеді екен. Негізі, екеуі де бір ауылдан шыққан, бір мектепті оқып-тауысқан. Бір айырмасы енді, жігіт қыздан алты жас үлкен… Содан соң да, жігіт әлгі қызға қайдан қарасын? Кішкентай ғой. Кейін екеуі біраз жылды араға салып барып, басқа қалада кездесіп қалады. О кезде жігіт жұмыс істейді, ал қыздың университетке түскен кезі. Баяғы кішкентай қыз.. толысқан, тәнінен жұпар аңқыған, балауса сұлу аруға айналыпты. Оқуды жалғастыру
Түн ауғандағы «телеграмма»
Бұл хат махаббат сезіміне мас болып, әлдебір қызға ес-түстен айырылғанша ғашық боп, жұмыстан қалып, сақал жіберіп, ас-судан қалған мәжнүн күйде жазылған-ды. Алдымен «Дала мен қала» басылымында жарыққа шықты. Кейіннен «Болашақ» газеті көшіріп басты. Өзіме сондай ыстық сезімнің куәсі болған хатты блогыма қоюды жөн көрдім.
Ардақтым!
Сізге қарата жазылған жазбада, «м» деген меншік жалғауымен артық кетсем, айыпқа бұйырмаңыз (басқалай нұсқа басыма келмеді). Оқуды жалғастыру