Шіркеу мен Ораза (контраст)


Астана. Абай  мен Брусиловский көшелерінің қиылысы. А-а айтпақшы, ассалаумағалейкум, ағайын. Екі айдан бері енді жүздесіп отыр екенбіз. Ақыры, көш соңында қалдым деп Уордпрессте жатыр ем, менен басқа ешкім қалмаған ба? Барларын бір дыбыс беріп қойыңдар (үшт-учт деп ысқырып па)) Оқуды жалғастыру

Өмір-күрес (позитив)


Он екі мүшең сау, ақыл-есің түзік болсаң да, бұ дүниеден баз кешуді ойлаған кезің болды ма? Немесе бар сәтсіздігіне Құдайды кінәлаудан артық ештеңе таппайтын сәтің ше? Онда мына суреттерді көзбен шола кетсеңіз.

Бұл азаматтың аты-жөні – Дастин Картер. Американдық. Сәби кезінде қатерлі қан ауруымен ауырғандықтан, оның аяқ-қолдарын отап тастаған. Оқуды жалғастыру

«Айналайын» ба, «айналмайын» ба?


Жүрек бабымен Алматыға жиі барып жүрмін. Сондай суыт жүрістің бірінде Әділ Бек Қабамен бір купеге түсіп қалыппын. Әйгілі «Мыңнан бір мезеттің» бас редакторы, қаламы қызық іздеген Әдекең ғой… әңгімеден жіберді. Ақ костюм киген қалпында адамның түсіне кіргені, көшпелі алтын, Жезтырнақ – одан да не айтылмады десеңізші? Очм, айтылғанның азы ғана есте қалыпты. Мысалы, «Айналайын» сөзі. Әділбек ағамыздың пәленшесінші атасы Қаба деген кісі Оқуды жалғастыру

«Балам» бірге толды!


«Виртуальды бала». Бала демей немене, бар уақытыңды алады, біреу тиіседі, біреудің көзі өтеді екен, жаялығын ауыстырып, жаңартып отырмасаң, тағы болмайды. 2010 жылдың 28 мамырында жарық дүниеге келген блогым бүгін бір жасқа келіп қалыпты. Оқуды жалғастыру

Фотожұмбақ: Ереже рәсімге қайшы ма?


Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде Теректі әулие кешені бар. Ежелгі кен өндіру орындары, көне мазарлар сақталған гранитті төбелердің бірінің жұрт арасындағы жалпақ атауы – «Сырғанақ».

Себебі, екі қолыңды тіремей, осы тастың үстінен төмен сырғанасаң, тілегенің орындалады деген сенім бар. Кім шығарғанын кім білсін, бірақ бұның қандай да бір ережеге қайшы болып тұрғаны болмаса… Ол қандай ереже болды екен? Оқуды жалғастыру

Тоғызыншы мамыр кімнің тойы?


Биыл Отан қорғаушылар күнін Таразда, Жеңіс күнін Алматыда қарсы алдым. Содан мейрамның дуын сезініп, думанын көрейін деп 28 панфиловшылар саябағына барғам ғой. Жаңылыспаппын. Саябақ ішінде адамға соқтықпай жүру мүмкін емес. Жас та, кәрі де жадырап, құшағын қалампырға толтырып, бірін-бірі «С праздником» деп құттықтап-ақ жатыр. «Мейрамыңмен» десе, жүрекке дарымай ма, кім білсін. Содан не дейсің, «Даңқ» мемориалының артқы жағын ала бере үлкен-үлкен плакаттар іліп қойыпты. Қалаған адамын қуанышын Оқуды жалғастыру

Ақпараттан алып отырыңыз!


Былай ғой, нақ-нақ үш ақпаратым бар. Бір сөзді он сөзге көбейтетін өнерімді қоспай-ақ қояйын :-). Біріншісі, «Мінбер» қорының дәстүрлі семинары басталады. Бұйырса.

Алматыда осы айдың 27-28-інде, Астанада маусымның 24-25-інде өтеді деп жоспарлап қойыпты. Енді бұ л семинарда миыңызды су қылып, сусабын сатудың тәсілін көрсетпейді. Оқуды жалғастыру

Фотожұмбақ: Бұл қоспаның не құдыреті бар?


Қытайлықтар тағамдық қоспаның жаңа түрін ойлап тауып, оны 45 юаньға бағалап, оже шығыс провинцияларында сатылымға шығарып жіберген көрінеді. Сонымен, бұл пастаның сұмдығы да сол,

алдыңыздағы доңыз етін әлдебір мақұлықтың (жарайды, мал дейікші) етіне әп сәтте айналдырып жібереді. Құдыретін жазып қойыппын-ау, бірақ тумысынан шошқа еті қай малдың еті болып кетуі мүмкін? Оқуды жалғастыру

Осы да өнер дейсің бе, Өркен?


Бұлай деп біреу айтқан жоқ. Бірақ, «мына суретті неге түсіріп ең?» деп, соткамнан қызық іздегендер сұрап жатады. Неге-неге? Өнер үшін десем, Асылхан Әбдірайым, Шүкір Шахай сияқтылар шашымнан ұстап, іліп қояр. Шамам келгенде, шабытым қысқанда, қызық-ау дегенде… Еріктің ұлы Сони Сатиомен топ еткізіп түсіре берем, түсіре берем. Жақсы деген он жетісін қойсам, Оқуды жалғастыру

Фотожұмбақ: Бұлардың құлшылығында қандай қателік бар?


Мәдине қаласы. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешіті (әл Мәсжид ән Нәбәуи). Мына азаматтардың бірі қолын жайып, дұға қылып, енді бірі намаз оқуға ниеттеніп тұрған сияқты… Бірақ, осы арада бір өрескел қателік бар. Кім бірінші байқар екен?

Оқуды жалғастыру

Фотожұмбақ: Қай ел ұмыт қалған?


Газетімнің өткен санында Оңтүстік Африка Республикасының мектептерінде қолданылатын саяси картадан жұмбақ жасырғанмын. Бізге қызық болып көрінеді-ау деген екі ерекшелікті табыңыз дегем… Алғашқылардың бірі болған журналист-блогшы Салтан Сәкен болды.

Оқуды жалғастыру