Патамушта, Баян, патамушта…


           Түнгі 00.20. Біздің ауылда бұл уақытта Сико мен Сако үшінші түсін қайталап көріп жатады. Ал біз фильмге бардық. Фильм болғанда екі таңдау тұрды – не атышулы «300 спарталықтың» сиквелі, не Баян Есентаеваның «Байқаңыз, сиыры». Біз, әрине Леонардо ди Каприоға «Оскар» бермегеніне қарсылық ретінде Голливудтың «зеленкада» зеленый ақшаға түсірілген блокбастерінен саналы түрде бас тарттық)

full_cow7

Оқуды жалғастыру

«Ликвидатордың» диагнозы – лағу


Тақырыптағы етістіктің тура да ауыспалы мағынасында айтарым осы. Иә, Сатаевтың соны туындысы қазақ киносының қалыбын жаңаша құяды. Бұрын-соңды болмаған беталыс әкеліп, «боебой» рухты бөпелеп тастайды… Сонда да, Сатаевтың осы кезге дейінгі кинографиясында маған бұл өтпелі, өткінші дүниедей көрінеді де тұрады. Сонымен, несі ұнамайды дейсіз ғой?

1) «Жақсы тақырып – жарты мақала«. Оқуды жалғастыру

«Цугцванг»


Мұхтар Әбіләзовтың мәселесі кәзет біткеннің «квадрат сантиметрлерінен» түспей тұрған тұс, естеріңізде шығар (айыптау материалдарының дені жоғарының нұқуымен жазылды, если што). Алаяқтың ақ-қара тақтаға құмарын аңдап, шахматқа қатысы, шатысы бар сөзден тақырып тудыратынбыз… «Жас қазақта» жүргенімде, «Цейтнот» деп материал жазғаным бар. Сол кездері цугцванг деп Оқуды жалғастыру

«Ғашық жүрек» коктейльі


«Ғашық жүрек». Орысша атауы – «Жұлдызға арналған коктейль». Бұл – Баян Есентаеваның продюсер, Асқар Ұзабаевтың режиссер, ал Мөлдір Әуелбекованың бас рөлді алып шыққан актриса ретіндегі алғашқы киносы. «По идее» мұндайда орыс «первый блин комом…» дейді. Ағылшын «The first step is always the hardest» деп айтады да кешіре қояды. Гвинейлік… жарайды енді, кіл дебютанттың «күс-күс» қолынан шыққан кинодан қорыққаным соншалық, Астанадағы премьерасының алғашқы күніндегі бірінші сеансқа барып көрдім. Оқуды жалғастыру

Жиіркеніш


Бұл – Батдоржийн Жаргалсайхан деген моңғол режиссерінің маңдайалды туындысы… Тура бір «тұяғы» жер иіскімей тұрған кинотанушыдай желіттім-ау. Ғафу өтінем. Өркеннің моңғол ағайында мэйнстрим барын бүгін ғана біліп тұрғанына беті-аузым ұялып тұр. Алдымен, «Сарыарқа» кинотеатрында «моңғол киносының күндері өтіп жатыр» деген ақпарат тараған. Агентпен. Бейсенбідегі сеансқа бара алмадық. Газет-толғақ. Әйтпесе, «Менің байғұс әкем» деген драма келген жұрттың көзінен кеселеп жас аққызыпты. Жұмадағы сеанс «Жиіркенішпен» басталды. Оқуды жалғастыру

«Одиссей», «Пианист» және.. Өркен


Осы жаз шетел ауған шекпендісі бар, киногері бар, әйтеуір қазақы есімдеріне янкилердің құлағын үйретіп үлгерген қандастарымызды қайта таныған маусым болды. Бекмамбетов келіп, берекелі думан ұйымдастырғаны бар. Енді міне, Еркен Ялгашев деген азаматымыз 13-14 шілдеде елге келіп, «НОМАД» атты шым-шытырық фильмдердің фестивалін өткізіп кетті.

Оқуды жалғастыру

Бәрекелді, Бекмамбетов! Дольф қымыз ішті, Тайсонға бас тартты


Астанада биыл тұңғыш рет халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер фестивалі өтіп жатыр. Иә, мұндай байқау, бастамалардың талайы өтіп жатыр ғой… Тек, Тимур Бекмамбетовтың фестиваль аясында Бурабайда тұтас қазақ ауылын көтергені сондай көңіліме жақты. Оқуды жалғастыру

Ағылшындар қазақ киносына ауыз салды


«Қазақтың доп тебу мен кино түсіруге қыры жоқ». Бұл тұжырымға басымызды төмен салып, келіспеске хақымыз жоқ. Енді осы ақауды түзеу мақсатында тұманды Альбион елінен көркем фильм түсіреміз деп киногерлер келді.

Алматы шәрінде баспасөз мәслихатын шақырған британдық түсіру тобы қазақ даласының қайталанбас ландшафтарына тамсанып, осы жазирада бүр жаратын махаббат хикасын суреттемек болғандықтарын баяндады. Суретші һәм болашақ фильмнің режиссері Рут Макленнан елімізге бірнеше жыл бұрын келіпті. Оқуды жалғастыру