Би алаңының билеушісі


_DSC0788Тұла бойдың тыншысын бастыруға таптырмайтын жер. Жастар үшін. Дискотека. Кәтте музыканың арасынан аяқ-қолды еріксіз қозғап жіберетін музыканы таңдап, талғап беру дидижейлердің қолындағы дүние. Өзі диджей сөзі ең алғаш 1934 жылы американ комментаторы Уолтер Винчелдің аузынан шыққан. Бұл терминді ол алғашқы диджейге айналған радио жүргізушісі Мартин Блокқа қатысты айтқан көрінеді. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Дөңгелекті деградация


Онда күш десе күш (547 төрт аяқты тарпаңның күші), жылдамдық десе жылдамдық (сағатына 300 шақырымды аузыңызға сабан тістеп отырып бағындырасыз), көненің стилі, БМВ-ның моторы. Әрі сұмдық қымбат та емес – кәшәлогыңызда 50 мың еуро болса, жарар еді. Бірақ, осы айда тарихтың қатаң кубалдасы Wiesmann деген немістің суперкарын былш еткізіп соғып, бассүйегін шашты да тастады. Банкрот! Бітті! Енді оңбайды…

the_spectral_automobile Оқуды жалғастыру

Шамасын білсең – шай, білмесең – жау…


2009_10___80x60Мен қай сусынды көп ішемін? Сусын деген тақырыпты берген сәттен бастап өзіме осы сұрақты қойдым. Су? Көп ішпейді екенмін. Лимонад? 2007 жылы жеңіл ақша іздеп, 2 күн Тараздағы лимонад зауытында жұмыс істеген тәжірибем бар. Зауыт деген аты…өте, жоқ өте әсірелеп айтып тұрмын, әйтпесе 3 кісі тұрып айнала алмайтын антигигиеналық қора болатын. Мен сироп тасимын. Біреу құяды. Келесісі қағазын желімдейді. Ал енді бір ноқалай (бастықтың туысы) жігіт баклашқаның басына қақпағын бұрайтын. Әр баклашқаны жабарда ішіне қақырынып бір түкіреді. Ыржиып, бізге қарайды. Біз де ыржиямыз (бастық туысы). Оқуды жалғастыру

Орындалмай қалған эксперимент


urlенкнекнАқша деген ұғымның өзі Иса (ғ.с.) пайғамбардың туғанына дейінгі VII-ші ғасырға дейін болмаған деседі. Болғаны – бартер. Сен түлкінің терісін берсең, мен саған тұздың 10 кесегін, сіз 2 уыс арпа берсеңіз, ол 7 ортасы тесік тас береді дегендей ше… Оқуды жалғастыру

Tour de Afghan. Mission Kabul


Болмаса, екінші аты – идеясыздықтан туған фоторепортаж. Осы аптада жөпелдемелетіп бір дүниелерді түсірмек ойлар баста ары-бері келіп кетті, бірақ соны қолға алар жарты күндік уақыт жүдә табылмай кетті. Оған әрине, ешкімнің де кінәсі жоқ. Сондықтан, «жаман да болса, жақсы, жақсы да болса жаманым» деп Ауғанстан сапарынан сол күйі компымда шаң басып жатып қалған фотоларды шығарып отырмын. Әрі мұнда тек қана Кабул. Мазари-Шариф, Герат, Балхыңда да болдық емес пе, олардың өзі бөлек жыр-дастан. Сонымен

20130224_071413 Оқуды жалғастыру

Сүттанудан семинар


urlСүт деген сұйықтық бар. Алла тағаланың шапағаты ретінде арнайы Наһл сүресі түсірілген балдан бір жері кем емес. Ол экономикада алып индустрия, аспаздықта алуан ассортимент болғанымен қоймай, ана сүті деп адамзаттық құндылық дәрежесіне көтерілген бірден-бір сұйықтық. Оқуды жалғастыру

Ох, не деген жұқсыз едім….


1339853399_human-dnaМенің әкем маған тартқан. Дұрысы, мен оған… Қатпа қара. Қанша жесе де, ішсе де бетіне көрінбейді, бөксесі шықпайды. Сондықтан, сылтауым дайын – «денсаулығың мол емес екен» десе, «генетика» деп саусақтарымды ДНК-ның спиралындай айқастыра саламын. Оқуды жалғастыру

Қанын ішіне тартқан сұлулық…


BRITAIN/Foto by bigpicture.ru

Орысша «Зловещая красота» бола ма екен, Ернар Бекеновтың сайтында тұрар триллердің тақырыбына сұранып тұр (патентін тегін берем). Постері шамамен былай – артқы фонда – гүл жайнап тұрған көктем, алдыңғы фонда – бір қанаты жоқ көбелек. Ақыры, көктем деген астро-фенологиялық абстракция тақырып беріп отырсыздар, осыдан басқа не күттіңіздер, ә) Оқуды жалғастыру