Бұ кім, ей?


Есім-сойы – Өркен КЕНЖЕБЕК. Тіліңіз келмей қалып, «Өкен» деп қалсаңыз да, қарауы мүмкін.

Қайта құру деп ұран тасталған 1985 жылдың 19 қазанында «құрастырылған». Жамбыл өңірі, Талас ауданы, Ойық ауылының тумасы. Дархан деген әкесі, Зәбира деген анасы, Бану деген қарындасы бар деседі мұрағат деректері… Сегіз жыл информатика саласын оқып тауысса да, нанын журналистикадан тауып жүрген жайы бар. . Вьетнамсидао, джиуджитсу, кунг-фу секілді спорт түрлерінің… аттарын жатқа соғады. Қызығатын дүниесі ой қисапсыз: үнді киносы, автокөлік журналдарын жинау, сурет жинау, обшм қолына түскенді жинай береді. Құлақта бар дерекке сенсек, өзінің «Өркен-2030» деген стратегиялық бағдарламасына сай үйленуді, ағылшын тілін жете меңгеруді, домбыраның құлағында ойнап, шетелге шығуды жоспарлап қойыпты (шытыс!).

Журналистикадағы еңбек жолы Жамбыл облысындағы «Ар-ай» жастар газетінде басталған. Одан әрі… «Жас қазақ», «Дала мен қала», қайтадан «Жас қазақ». Қазір Астанада. «Халық сөзі» басылымында саяси шолушы болып қызмет жасайды-мыс. «Abai.kz» ақпараттық порталына да қызмет етіп қояды. Ара-тұра «Болашақтан» бастап, «Общественная позицияға» дейінгі газеттерге пікір-мікір беріп қояды. Еей, айтпақшы, «As club» қоғамдық қорында қамқоршылар кеңесінің төрағасы дей ме, сондай да бір мансабы бар (пәлесін қара өзінің)…

Үнді киносын ұнатады. Формула-1 жарысынан ләззат табады (қазір бірақ сол жарысты тамашалау мүмкіндігі болмай жүр). Қызықты кітап не журнал көрсе…өзгені ұмытады. Көлік айдауға құмартпаса да, автоиндустрия жаңалықтарын аңдып жүреді.

99 comments on “Бұ кім, ей?

  1. Рахмет! «Ештен кеш жақсы». Мен де сізді осы блог арқылы танып жатырмын ғой, бұл да бір қауымдастық екен, ұнап келеді

  2. «Өрмекті – көремекке» деп мақалдатып жіберсең, иә… Жақсы екен. Оң болсын! Тілектеспіз, бауырым. Қадамың сәтті болғай. Бірақ… «Өркеннің өрмегі» дегенді оқығанда Бекболаттың «Өрмегі» еске түсе беретіні несі екен, а?!.

  3. 1985 жылы құрастырылған Өркеннің алғашқы конструкторы кім екен? Әрине, қалжың. Өрмегің кер тірліктің кермек дәмін «татпай» ғұмырлы болсын. Тіліңе «темір кісен» дейтін «цензура» кесірін тигізіп, кесімін шығарып жүрмесін. Сүбелі дүниелерді дамылсыз жазуыңа тілектеспін!

  4. Дәу де болса, осы Мақаттық Арал бауырым-ау! Өзіне де тек алға талпынудан талмай, жұрт сусап отырған тақырыптарды қаузай беруге тілектеспін!

  5. Қайта құру кезеңінің тумалары журналистикаға да «қайта құру» әкелер ме екен? Іске сәт!!!!

    • Солай деп сенейік, қатарымыз да молайып келеді.. Кәмшат Тасболат, Жанболат Мамай, Жанар Елдосқызы, Динара Ізтілеу, Нұрболат Аманжол
      , Жарас Кемелжан.. дарынды журналистер көп қой

  6. Оркен ага сизди таныганыма коп жыл болсада макалаларынызды биринши рет окып отырмын!!! Бир айтар созим бар керемет!!!алдагы уакытта тек кана табыс тилеймин

  7. Оркен бауырым! жана жазбаларыныз кайда?!!! Шимай-шатпагынызга шоліркеп калдык:)

    • Жазатын тақырып көп қой, бірақ блогты жаңартып тұру да біраз уақытты сарп етеді. Бұйыртса, аптасына кемінде 2 жазба енгізіп тұруды міндетіме алып тұрмын

  8. Блогынызга кездейсок конакка кіріп, жіпсіз байланып калдым. Тіпті, мен де блог ашкым кеп кетті. Біздін елде де корем дегендерге корсетер дуние коп еді. Аттен, редакторлар тузеуден болек кузегенді колай коріп тур гой бізде де…

    • Ондай ықылас туғызып жатсам, тамаша екен.. Қатарымызға қосылыңыз, көмектесеміз! Ия, редакторларды жазғырғанмен, олардың үстінде құрылтайшылар, олардың үстінде мүдделі шенеуніктер я бизнесмендер тұр ғой, система…

  9. Ореке, блогыныз кызыкка толы екен.
    Гумыры узак, окырмандары коп болсын!
    «Оркен-2030» багдарламасынын жузеге асуына куа бола берейык!
    Арнур Аскаров, «Нур Астана» газеты

  10. Оркенин оссин, бауырым. Оз жеринде огей болган казактын бир кадесине жарасын. Озиндей улм максаты жолындагы азаматтар коп болсин.

    • Жылы ілтипатыңызға рахмет! Бұйыртса, өскенде Джип боламын депті бір «Запорожец»… Біздікі де сондай тілек 🙂

  11. Атыңды Өркен қойған соң,
    Өркендемесең бола ма?!
    Затың зерек болған соң,
    Жай жүру қайдан болады, ә?
    Қарыштай бер, бауырым!

  12. Aga, minauiniz tipten gajap duniye eken! Jogaridagilar sekildi men de blog ashkim kep ketti goi… Negzi tiliniz tamasha eken, katti suysindim! tfa-tfa! Allam ozinizge de, ormekterinizge de uzak gumir bergey!!!

  13. Өркен, блогың құт әкелсін! саған өткенде айтқан тілектерімнен артық ештеңе жазғым келмей отыр. Аман бол.

  14. Ой, қайдағы, қайта сол тілімізді жетілдіре алмай жүрміз ғой, сонда да тілектеріне үлкен-үлкен рахмет! Өркенің өссін деп қойсаң, ия 🙂

  15. Журналистерді ойын жария етіп жүретіндер дегенімен қатар, ізденісте өсектасушы депте жатады. Ал шындығында шындықты шырқыратып айту қиын секілді… Таңдауыңыз өзіңізге ұнаса болды ғой, себебі жұмысыңызды жақсы көріп жасаудан асқан бақыт жоқ.
    Сәттілік. Блогыңыз тамаша екен!

  16. Өмірін өсек тасуға, сол өсекті сатуға лайықтаған тілшілер болады. Бірақ, олар «күріш ішіндегі күрмегі» сияқты. Негізі, шыңдықты айта алатын мықты журналистер көп, тек мүмкіндік бер оларға. әрі журналистерден бүкіл қоғам, саясаткерлер жасай алмай отырған жақсылықты күтудің, болмай қалса жазғырудың қажеті жоқ. Біз – жай ғана дәнекерміз. Қоғамдық сананың манипуляторы емеспіз. Әркім орнын, өзіне сай міндетін білгені жөн ғой

  17. Көбіне орыс тілдегі дүниелерді қарап жатамыз.Бірақ бәрібір өз тіліміздегідей сусының қанбайды.Тамаша жазылған .Маған қатты ұнады.Көңілге қонымды дүниелерді қарап бір серпіліп қалдым.Сәттілік тілеим

    • Уағалейкумассалам! Аттасым-ау, осы бір ауыз сөзіннің өзі біз үшін ат басындай алтыннан қымбат қой! Саған да тілектеспін!

  18. Орнеги бар Оркен мырза!Менин блогымнын жумысын жургизуге жардем бере ма екенсиз?Айтпесе ашарымды ашып6 сасып калдым!

  19. Ау, оқасы жоқ! Блогыңыздағы соңғы жазбаңызға бірнәрсе деп кеңес беріп қойдым,, оқып көріңізші! Тегі болмаса, поштама жазыңызшы, окей?

  20. Өркен,қазақта бір жақсы сөз бар,»өркенің өссін!»деген.мен сол сөзді енді қазағыма айтқым келеді.өзің сыяқты қазақтың өркендері өсе берсін,өркендей берсін.өркендер өссе елде өседі!сенің қоғамның әр жанді жерін дүп басатын дәлдік жане жылдамдыққа ие қаламың қармыды болсын!

    • Алғыстан басқа айтарым жоқ, Секе! өзің журналист болмасаң да, зерттеулеріңмен, ашы шыңдық, өткір пікірлеріңмен блогосферада атыңды қалыптастырған жігітсің ғой, алған бағытыннан тайма, шаршама!!!!

  21. Уағалейкумассалам, жо-жоқ ешқашан.Болашақта шетелге барып, оқып келмек ойым бар, бірақ журналистің дипломын алу үшін ғана оқу деген жоспарымда жоқ.

  22. ултынын жанашыры ма десем!!! блогтын дал шекесине казак макалы табылмады ма?

      • Соны айтам )))) Адамның жеке қалауына қоғам нұсқауының күш бергенін қабылдай алар ма едіңіз? Әй, қайдам! Әр адам – индивид. Өзіндік әлемі, өзіндік тілі бар ғой.. үнді киносына деген құштарлығым сияқты мысалы

    • Міне, мен ұлттың жанашыры едім деп тек қазақтың мәтелін қолданып, Абайдың сөзін айтып, Алаш арыстарының афоризмдерін келтіруге де болады. Бірақ, тап осы жебірей мақалы ұнайды маған, қайтем енді ұнаған соң, әрі бұл жеке блогым, тиісінше күнделігім осы болғандықтан, қоюға правом бар шығар, қалай ойлайсыз? еврей мақалын жазсам, сол мүддеге сатылып, Машкевичтің інішегі болып, қазақ мүддесіне қалам жүгіртпейтін, бас ауыртпайтын меңіреу міреу болып кетті деген сөз емес шығар. Мен де өз дәргейім жеткенше қазақтың қалқасы көтерілсе, санасы оянса деген тілеудегі көптің бірімін. Біреуге Спинозаның сөзі, біреуге Акутагава, маған осы ұнайды… әзірге

  23. Өркен қандайсың???
    Өз блогымды ашпақшы едім.. Сөзбасын неден бастасам екен??Бұл баяғы Ербол ғой педтегі.

  24. Қандайсың дегенің қиын болды-ау, баяғы өзің білетін Өркенмін ғой, блог ашуды жалпы білесің бе, негізі оны біреу көрсетпесе, мұнда түсіндіру қиындау іс, Таразда барғанда жолығысайық та,

  25. Рахмет! «Человек должен оставаться человеком» деген сияқты, блогтың да блог күйінде қалғаны дұрыс. Әрі сайтқа айналдыруға бір адамның күші аздық етеді… Осыған да шүкір

  26. Атыңа затың сай екенсің. Түріңе қараса таза қиялисың. Арақ ішіп темекі тартпасаң оның тіпті құптарлық екен, тек автокөліксіз жүрме, тезірек темір тұлпарға қолыңды жеткіз. Блогың өте керемет.

  27. Рахмет! Қиялисың дегеніңізді комплимент деп түсіндім ))))))))) жарайды, көлік болар, алдымен бас құрап алу керек болып тұр бұйырса

  28. Музыкаларыңыз күшті екен. Қайдан тауып алдыңыз? тағы бірнешеуін жарияласаңыз, басып алайын.

    • Аа, рахмет! Менің талғамымдағы музыкалар ұнағаны қызық екен, тамаша саздар бар ғой, бұйыртса саламын осы апта ма, келер апта ма, тек қазақ пен үнді әндерінің арасында балансты ұстауым қиын

  29. бұ кім десем Ойықтар екен ғой, сәлем бердік, Бөлтірік шешеннің ұрпағымысың ей? )))

  30. ООО ағатай! Рахмет маған пікір қалдырғаныңыз үшін! Менде журналистиканың аулына ұарай беттеп келе жатқан жастрадың бірімін. Сіз секілді менің де мамандығым журналистикаға дәл келмейді. Мамандық деген Менеджер еді! Қазір жорналшы болмақ үшін оқып жатқан жайым бар! Сәттілік!!! 🙂

  31. Өреке, «Формула-1-дегі» көз ілеспес жылдамдық, журналистік шыңды бағындыруда жұғысты болсын»

  32. Тіл, көзден сақтасын! Блогыңыз жіпсіз байлайды екен, кете алмай отырмын. «Өркеннің өрнегі» өрлей берсін!!!

  33. бұл кіма, ей? .. сонымен кім екен десем, сен екенсің ғой.. негізі өркеннің өрнектерімен бірінші рет тансыу үстіндемін, мені қызықтырды тамаша! жарайсың, рахмет саған, жақсы дүниелер көп сияқты, тоқта алдымен оқып болайын , басын бастап едім өзі ішіне қарай тартып барады, кеттік! Өркеннің өрнегіне..

  34. а рас мен қай күні сені «сонымен солай дейік» тен көріп қалдым ау дейім, атына сәп салмаппын,. Амантай (қажы) АҚСАҚАЛ жәйлі пікірде..!??

  35. Келдім, қарадым, оқыдым))) Қызық екен))) Қаламыңыз мұқалмасын дер едім бірақ бұл сөз сәннен қалған сияқты, ең бастысы клавиатура теретін саусақтарыңыз аман болсын!

  36. Бұл – «Жамбыл-Тараздағы» бұрынғы әріптесің ғой. Ұмытпасам 2007жылдың күзі. Сол кездің өзінде тынымсыз, ізденгіш едің. Талабыңа нұр жаусын!!!

    • О-о Гүлсая! Қалайсың? Хал қалай? Түркістандасың ба қазір? Сары қыз, аузымнан Кока-коланы жұлып алып, зиянды дейтін қыз. Сенің қылықтарыңды Кәмшат Тасболатқа ұқсатамын қазір))))))) Рахмет! Өзің де отбасы бақытына кенел, аман бол

  37. Бұл кім ей?! деген тұсына келіп тағы да «kudai kz»-па деп калдым гой…кешелі бері бір казах бауырымды кайта дінге насихаттап жур ем…сол сайтта осындай бурышы бар екен олардын да!!! Біздер кімбіз дейтін…. Бірді айтып бірге кеттім гой!!! Ореке каламын карымды болып…улт канжыгасына толымды дуние тастай бергейсін!!!
    Бауырын 5!!! пы/сы….(или пи эс деп айтуым керек пе) 5 деген атауымды осы сендер сиякты сайт ашып алганда тастайм ау деймін!!! Комек ете аласындар ма калай ашу керектігіне?!?!?

    • Мяссаған, қатты ұялып қалдым ғой.. мені анадай деп ойлап қалдың ба, әлхамдулиллаһ мұсылманбыз! Бес бауырым, бар тілегіңе рахмет! Ал көмектесу жағынан келсек, алдымен қайда тұрасың? Соны айтшы

  38. Өркен ассалау бауерем. Мен сенің ауылыңнан боламын.Дәл ауылың емес берірек тұрамын. Шығыс жағында. Казир алыстааа журмин. Бірақ жүрегім Жамбылда. Мына соңғы кездері қазақ блогтарынан Бозымбаев туралы боз боран мақалаларды оқып жүрмін. Менде де біраз былықтар мен шылықтардың әрине фәктімен айтылатын дүниелер бар еді. Соны сіздің блогыңызға салсам, сала құлаш етіп. шығарар ма едіңіз. Мен қалай жіберейін қайда соны айтсаңыз. Әйтпесе мен компютерді онша білмеуші едім.

  39. Салем,қазақ интернетінің дамуында алдына жан салмай, тың идеяға толы қызықты жазбалар жазып жүрген Өркен мырза! Домбыраның құлағында ойнасам, өзімнің стартегиялық жоспарларыма сай өмір сүрсем деген идеяларыңыз тамаша екен!!!)))

  40. Өркен блогыңыздағы жазбалар әдемі екен. Тіліңіздің шұрайлылығына таң қалып отырмын. Сіздер былтыр «Мінберден» түлеп ұшсаңыздар, біз биылғы семинардың яғни қазжурдың алғашқы қарлығаштарымыз-деп бір жағынан мақтанып қояйыншы.))) Осындай жазбаларыңызға қарап, бізде ертең солай жазармыз деген үміттемін. Менің блогыма да бас сұғып, комментарий тастап, тұрыңыз!

  41. расында блогыңдағы өзің туралы жаpған мәліметтеріңе қарап өзіңнің қандай қызғылықты адам екеніңді ағңаруға болады… жалпы сіз сиақты қазақтың азаматтарының қатары арта түскей… сізге қарап кей азамат сымақтар бойында, ойын да түзесе екен деймін…жалпы еңбекқорлығыңды айтамын

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s