Қазақстанның ең заманауи диірмені


Заманауи зауыттар үйреншікті білдектер жиынтығына қарағанда фантастикалық фильмдер көрінісін еске салады. Барлық үдерістер нағыз перфекционистердің өздері риза болатындай етіп құрылған. «Kazakh Invest» ұйымдастырған Қостанай қаласында пресс-тур кезінде мен қуаттылығы тәулігіне 700 тонна бидай немесе жылына 155 мың тонна ұн өндіретін «Бест Костанай» ЖШС заманауи диірмен кешенінде болып қайттым.

Кәсіпорын тарихы 2006 жылы басталды. Бірінші ұн диірмені 2010 жылы құрылды, екіншісі – 2014 жылы. Ал 2018 жылы Елбасымен телекөпір уақытында ең қуатты және заманауи кешен іске қосылды.

Құрылысқа технологияларды қоса алғанда 1,5 млрд тенге шетелдік инвестициялар тартылды. Зауыттың қуаттылығы мен қолданылатын технологиялар бойынша Азия және Еуропада баламаның болмауы оны бірегей етеді.

1

2. Диірмен кешені Қостанай облысында өсірілетін жоғары сапалы бидайдан «ПРЕМИУМ» санаты бойынша ұн өндіреді

2

  1. Кәсіпорынның коммерциялық директоры Олег Куртвапов елімізде инвесторлар үшін қолайлы шарттар жасады деп айтып берді. Әрине, ұн өндірушілерінде де мемлекет тарапынан қолдау шараларына қатысты қалаулары бар. Орталық Азияның көршілес елдері соңғы жылдары салықтар мен акциздердің көмегімен Қазақстаннан ұнды емес, өз елдерінде одан ары өңдеу үшін Қазақстаннан бидайды импорттағанды қолайлы етуде. Бұл мәселе бидай өңдеушілерінен басқа, қазақстандық өнеркәсіп саласының кез-келген өңдеуші-экспорттаушыларына да қатысты. Сондықтан, шикізатты экспорттауға қайта бағытталмауымыз үшін болашақта өңдеушілерді қорғайтын бағдарлама қажет.

3

4. Жаңа кешен қолданысқа берілген соң, компанияның бидай бойынша тәуліктік жалпы өңдеу қуаттылығы 1200 тоннаны құрады

4

  1. Бидайды тазалайтын және илейтін жетілдірілген жаңа құрылғы бидайдың бес түрлі сұрыпын бір мезгілде өндіруге мүмкіндік береді. Заманауи зертханадан басқа ағында ұн сапасын бақылайтын автоматтандырылған лазерлік жүйе желіні бірегей етеді. Спектралды талдау әдісі арқылы ұнның ылғалдылық, ақтық, ақуыздар мен майлардың қамтамасыз етілу көрсеткіштері анықталады. Мұндай өлшемдер әр 30 секунд сайын жүргізіледі және ақаулықтардың болуына жол бермейді.

6

7

8

10. Технологиялық желі бірыңғай болғандықтан, бұл бүкіл технологиялық процестерді компютерлендіруге мүмкіндік береді. Бақылау жүйелері мен өндірісті басқарудың арқасында толық автоматтандырылған режимге көшіп оны қашықтықтан басқаруға болады

10

11

  1. Ұн қапқа түсетін құбырлар жүйесі

12

13. Қаптау желісі

13

14. Ұн қапталған соң конвейер арқылы дайын өнімдер цехына жеткізіледі

14

14. Ұн қапталған соң конвейер арқылы дайын өнімдер цехына жеткізіледі

15

16. «Бест Костанай» ЖШС барлық өнімдері экспортқа бағытталады. Көбінесе бұл Орталық Азия өңірлері, ұн бір бөлігі Қытайға жөңілтіледі

16

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s