Қазақстандық кілемдер IKEA компаниясына қалай жетті?


Қазақстанда кілемдерді үйдің ішкі көрінісінде пайдалану мәдениетінің тамыры тереңде жатыр. Сонымен бірге көп жылдар ішінде дәстүрлер мен оларды тұтыну көлемі айтарлықтай төмендеп кеткені өкінішті.

Қалай ойлайсыз, елімізде қанша кілем және кілем бұйымдары өндіріледі? Бұл ретте Қазақстанда жыл сайынғы тұтыну 12,5 млн текше метр кілемді құрайды. 2012 жылы Қазақстанда бар жоғы 5,7 мың текше метр өндірілді (тұтынылатын көлемнің 0,04% бөлігі). Алайда бұл жағдай Шымкент қаласында «Оңтүстік» АЭА-да «Бал Текстиль» кәсіпорны пайда болған соң қатты өзгерді. Мен ол жерде «Kazakh Invest»ұлттық компаниясының шақыруымен болып қайттым.

1994 жылдан бері кілемдерді көтерме саудамен айналысқан шымкенттік кәсіпкер Талғат Ысқақов түрік инвесторларын тартып, 2011 жылы әріптестерімен ЖШС тіркейді. Түрік әріптестері инвестициядан басқа кілем сапасының технологиясын қоса әкелді, ал қазақстандық тарап 17 жыл бойы жұмыс істеген өңір нарығын жақсы білді. Мұндай бірлестік өз нәтижесін қысқа уақыт ішінде берді, 2015 жылы нарықта отандық өнімді тұтыну үлесі 20%-ға дейін артты. Кәсіпорын өнімін экспорттай бастады, оның ішінде
2016 жылы әлемге танымал IKEA компаниясымен келісім орнатты.

  1. Кәсіпорын «Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан. Сұраныс үлкен болғандықтан, 3 кезек қызмет етеді. Әр кезек жеткізіп салумен және асханада тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген. Зауытта немесе Түркияда оқытылған мамандар стипендия алады.

01

  1. «Kazakh Invest» Шымкенттегі өңірлік директоры Игорь Копайловтың айтуынша, қазіргі уақытта қалаға инвестиция тарту жөніндегі негізгі бағдарлардың бірі – ол тоқыма өнеркәсібін дамыту. «Kazakh Invest» переференциялар, визалық қолдау және қазақстандықтарды технологияларға үйрететін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота алу үшін инвестициялық келісімшарт әзірлеу жөнінде кәсіпорындарға консалтингтік қызметтер көрсетеді.

02

  1. Бірінші кезеңді кәсіпорын 4 тоқыма білдегінен бастады, қазір олардың саны 10-ға дейін жетті. 2015 жылы полипропиленнен түкті жіптер өндірісі бойынша жаңа цех ашылды.

Жіптер өндіру үшін шикізат

03

  1. Жіп өндірісі өнімнің өзіндік құнын 20%-ға төмендетті.

04

  1. 2016 жылы компания қазастандық өнімді өзінің еуропалық желісі арқылы іске асыратын IKEA желісімен келісім орнатты. Ол үшін компания түк ұзындығы мен тоқу сапасынан бастап, кәсіпорындағы қызмет шарттарына дейін барлық көрсеткіштер бойынша қатал тексеруден өтті. Кілемдер үйлерінде ішкі көріністерінің негізгі бөлігі болып табылатын Араб елдері мен ҚХР-ның нарықтарына шығу жоспарда.

05

07

  1. Michel Van De Wile (Бельгия) тоқыма білдектері.

08

  1. «Бал Текстиль» ЖШС-да қызмет ететін дизайнерлер бар. Олар тұрақты негізде жаңа кілем суреттерін ойлап табады және оларды кілемнің автоматты өндірісі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге жүктейді. Адамның физикалық еңбегі білдектерге жіп орнатуға дейін ықшамдалған.

09

  1. Кілем бұйымдарының ені 5 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы тапсырыс берішінің талабына байланысты километрге дейін жетуі мүмкін.

010

11.

011

12. 012

13.

013

14. Ақаулардың болуы көзбен бақыланады, алайда өндірушілердің айтуынша, ең заманауи құрылғыларды пайдалануды есептесек, бұл өте сирек орын алатын жағдай

014

15.

015

16. Қажет болған жағдайда бұйымға шашақ орнатылады. Қажетті тығыздықты, үтіктеуді қамтамасыз ететін жеке құрылғылар бар.

11.jpg

17. Өнімді маркерлеу

016

18. Өнімді қаптауға арналған құрылғылар

017

19. Іс жүзінде өнім қоймаларда сақталмайды. Күн сайын болашақ тұтынушылар алып кетеді.

018

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s