Ананың көңілі балада, баланың көңілі… помидорда


Әйгілі Роберт Земекистің 1994 жылғы «Форест Гампын» көрмегендеріңіз жоқ шығар. Сол жерде сахна бар еді. Бір қара нәсілді жігіт Форесттің зығырын шығарады ғой. «Менің анам асшаяннан тамақ пісіреді. Менің анамның анасы асшаяннан тамақ пісіреді.  Әжемнің анасы  да асшаянды жақсы көрген.  Негізі, біз тұқымымызбен асшаян жейміз» деп. Сол секілді, мен балаға суықпын. Менің әкем балаға суық. Оның әкесі де балаға суық. Атамның әкесі де балаға суық. Неге екенін білмеймін, бәріміз балаға суықпыз. Иә, біз тұқымымызбен сондай едік. 🙂

Дегенмен, жүрегіне мұз қатқан қатігез деп сөгуге асықпаңыз. Азамат болған соң, шаңырақ көтердік те, енді соның нағыз кульминациялық тұсы да жақындап қапты. Иә, жақында бөпелі болмақпыз, Алла қаласа.  Шынымды айтсам, бұған дейін «бала және мен» деген түсінік ешбір қиыспайтындай көрінуші еді. Күн өтіп, мезгіл таянған сайын әлгі жүректегі кейбір талшықтарға жан бітіп, сезімін қытықтай бастағандай ма. Әйтеуір болашақ бөпеңнің бойында маған тиесілі қан түйіршіктері мен ет-сүйектердің бөлшегі жүргенін сезгенде, түрлі сезімге түседі екенсің. Әкелік өтілі айтарлықтай болғандар білетін болуы керек. Иә, бұл бір керемет шоу болғалы тұр не десе де.:)

Сонымен, бала тақырыбына мына бір видеоны жан-жарымның қатысуымен алдым.  Өзіне де керегі сол. «Ертең бөпелі болмақсың, бұйырса. Сондықтан қазірден кішкентай кісілермен тіл табысып, сыр тартып көр» деп көрегендік танытқан түрім еді.  Әне-міне қол-аяғын бауырына алғалы отырған әйелімнің Блогиада шеңберіндегі құлшына атқарған еңбегіне баға беріп жіберіңіздер.

Advertisements

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s