Шамасын білсең – шай, білмесең – жау…


2009_10___80x60Мен қай сусынды көп ішемін? Сусын деген тақырыпты берген сәттен бастап өзіме осы сұрақты қойдым. Су? Көп ішпейді екенмін. Лимонад? 2007 жылы жеңіл ақша іздеп, 2 күн Тараздағы лимонад зауытында жұмыс істеген тәжірибем бар. Зауыт деген аты…өте, жоқ өте әсірелеп айтып тұрмын, әйтпесе 3 кісі тұрып айнала алмайтын антигигиеналық қора болатын. Мен сироп тасимын. Біреу құяды. Келесісі қағазын желімдейді. Ал енді бір ноқалай (бастықтың туысы) жігіт баклашқаның басына қақпағын бұрайтын. Әр баклашқаны жабарда ішіне қақырынып бір түкіреді. Ыржиып, бізге қарайды. Біз де ыржиямыз (бастық туысы).

Содан кейін лимонад ішсем түкірік ішкендей жиіркенемін) Сыра? О, жоқ! Жас кезде сәл-пәл әуестік тартқаны рас, бірақ тежелдім. Өз-өзімді «Алтын Орда» газетіне «Тобылғы торы сусынның қандай теріс жағы бар?» деген екі беттік мақала (15 мың теңге қаламақы алғам) жазып барып тоқтатқанмын. Тағы да жиіркендіріп…

Сонда ең көп ішетін сусыным – қарап тұрсам, қара шай екен. Сүтсіз. Қантсыз. Бергамотсыз. Нағашы әжемнің қолында өскенім бар (басты себебі). Әлі есімде, бала кезде шілденің шіліңгірінде, ыстық киіз үйдің ішіне кіріп алып, 5-6 тұстас бала самауырындарды қайнатып алып, шай ішуден жарысатынбыз.

Сонда бәрінен арық, бәрінен қара мен озып кететінмін. Әлі есімде, ыстық күнде ыстық-ыстық 40-45 кесе толтырып шай ішкенім….Ішім күйіп барады, қуық қысып…дегендей. Бірақ, жеңетінмін) Сонда не үшін? Мақсатсыздық) Ал қазір шай ішеміз. Бірақ қалай? Қарап отырсам, төменде жазғанымның біреуін де жөндеп орындаған жоқ екенмін. Ал жөнімен ішпесең, шай деп жай қарап жүргенің іштен жау болып шығады екен. Қалай? Былай.

Шай ішудің 10 шарты

Шайды неге шампуньмен қатар қоюға болмайды?


Шай жапырақтарының бөгде заттардың иісі мен буын өзіне тартып алатын қасиеті бар. Сондықтан, ол шампунь, кір жуғыш ұнтақ секілді улы химикаттармен қатар тұрса, онда біраздан сон шай түріндегі шампунь ішуге даяр болыңыз. Мұндай шаймен улан өте қиын диагностикасы үшін де өте қауіпті.

Шайды неге ұзақ қайнатуға болмайды?


         Құмандағы шайды (заварка) ұзақ қыздарған сайын оның құрамындағы көптеген пайдалы заттардың пәршегі шығып, тұнбасына әдетте ерімейтін алколоидтар (гуанин) шығып кетеді. Ал алколойдтың ағзаңа оңдырмай әсер ететін жауыздығы бар. Сосын фенол, липидтер және эфир майлары өз бетімен қышқылдана бастайды да, шай тұнбаланады, дәмі мен иісі жоғалып, жынынан айрылған бақсыдай боп қалады.

Шайды неге ыстық күйінде ішуге болмайды?


      Қазекем сол шайды самауырыннан жаңа қайнаған бетінше, буымен бетін, өзімен кеңірдегін күйдіре ішеді. Жазсам да оған қарар жарықтық жоқ қой, дегенмен өте ыстық шай кеңірдік, өңеш пен асқазанды күйдіре келе, кейін өңеш қатерлі ісігінің пайда болу қаупін еселеп жібереді. Сенбесеңіз, соңғы зерттеу бар. Теһран университетінің ғалымдары бүй дейді: жылы шай (65 °C-ға дейін) қауіпсіз, температурасы 65 °C-дан асты ма, онда өңеш қатерлі ісігінің пайда болу мүмкіндігі 2 есеге арта салады. Ал 70 °C-дан артса, онда бұл қаупің 8 есеге артады (!). Сұмдық қой ә?

Сол ысты-ы-ы-ық шайды ешқандай кәмпит-пішінәйсіз ішсеңіз, әлгі өңештен алар пәлекеттің қаупі тағы бірнеше есеге артады екен. Мысалы, сүт қоссаңыз, сәл суиды. Оның үстіне өте ыстық су ауыздың сілекейлі қабығы мен тілді күйдіретін болғандықтан, шайдың керемет дәмімен толық кайф ала алмайсыз…

Шайды неге астың алдында ішуге болмайды?


Бұлай істесеңіз, мархабат! Бірақ, сілекейіңіз сұйылып кетеді де, ішкен тамағыңыз біртүрлі дәмсіз сезіледі. Сосын өшіңізді әйеліңізден аласыз) Әрі шайдың бай химиялық құрамы астың химиялық құрамымен реакцияға түсіп, асқазандай төбелес болады. Шайдың құрамындағы ақуыздар анау тамақтың ақуыздарымен әрекеттесіп, соңғысын жеңіп кетеді екен. Сөйтіп, біздің ағзаның құрылыс материалы деген лақабы бар ақуыз сіңбей адыра қалады. Иә, шайдың құрамында астың тез сіңуін қамтамасыз ететін ферменттер де көп..көп. Бірақ, бұл қасиетті негізінде ас өте майлы, қорытылуы қиын болған кезде қолданған жақсы.

Шайды неге тамақпен бірге шылап ішуге болмайды?


         Ең абзалы, шайды ас ішіп, асатаяқ босатқан соң, 20-30 минут санап барып ішсеңіз. Неге? Алдыңғы бөлімнен қараңыз.

Шайды неге аш қарынға ішуге болмайды?


Шайдың «суық табиғаты» бар. Оны қалай түсіндірсем екен? Аш қарынға ішсеңіз, көкбауыр мен асқазанды тоңазытып, түрлі жағымсыз сезімдерге апарып, ар жағынан бір-екі дерт жалғап кетуі де ғажап емес. Содан соң сөреде қаптап, жарнамада жылтыңдап кеткен «Макси чай», «Нексти чай» секілді салқын шайдың дым пайдасы жоқ екен. Суықты іркіп, ылғалды жинақтап қалады. Одан әрі көкбауырдың, асқазан бездерінің қабынуы секілді сырқаттар құтырып шыға келеді.

Шайды неге көп қыздыруға болмайды?


Қып-қызыл шайдың құрамындағы теин – бас ауруы мен ұйқысыздықтың бас себебі, білмесеңіз.

Шайды неге бірнеше мәрте қайнатуға болмайды?


Шайды бірнеше мәрте қайнату шайдың сапасына әбден байланысты. «Еуропаша» қайнатқанда (әр қайнатымы 5-10 минут) 3-4 қайнатымнан кейін шайдың жапырақтарында құнды деген ештеңе қалмайды. Ғылыми сынақтар дәлелдегендей, алғаш қайнатқанда шай жапырақтардағы пайдалы дүниялардың 50%-ы бөлініп шығады, екіншісінде 30%-ы, ал үшіншісінде – тек 10%, төртіншісінде – 1-3%. Бұдан әрі (бесінші рет) қайната берсеңіз, онда пайда емес, зияны шығады.

Ал «пин-ча» тәсілімен (шағын құманға шайды көп салып, бірнеше секунд қана қайнату)шай 5-15 қайнатымға шыдайды. Шайдың сапасына қарамастан….

Шаймен неге дәріні шаюға болмайды?


Дәріні тек қана таза ауыз суымен жұтады немесе шаяды. Шайдың дубилді элементтері бөлініп, танинді құрайды, ал бұдан көптеген дәрі-дәрмек тұнып қалып, құрамы бұзылады. Демек, ағзаға дұрыс әсер етпейді.

Кешегі шайды неге ішуге болмайды?


Бір тәулік тұрған шай дәмінен, иісінен, дәрумендерінен.. түгінен айрылып тұрады. Оның үстіне протеин мен қанттың көптігінен бұл шайыңыз енді бактериялар үшін ең қолайлы орта. Сараң болмай, соларға қалдыра салыңыз енді) Егер шайыңыз бұзылмаса, кейбір ауруларға ем ретінде қолданса болады. Мысалы, тіс еттеріңіз қанаса, тіліңіз ашыса, ауызыңызды шайсаңыз. Тәулік ұсталған шайда қышқылдар мен фтор өте көп болғандықтан, майда тамырлардағы қанның шыпшуын тоқтатады.

eveningҚысқасы осы. Шайды ішу керек. Иә. Бірақ, жөнімен.. Өзіме де сабақ болды)

4 comments on “Шамасын білсең – шай, білмесең – жау…

  1. Дұрыс-ақ қой! Бірақ шәйді ыңғайына қарай іше беремін. Қызылорда облысы ыстық қой 🙂

  2. Осылай жатық тілмен, теңеулермен, образдармен жазған нұсқаулықтар сіңімдірек екен маған. Құр википедияша тізе бергеннен. Жеп-жеңіл оқылатын мақалаңды, бір-ақ асадым.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s