Орындалмай қалған эксперимент


urlенкнекнАқша деген ұғымның өзі Иса (ғ.с.) пайғамбардың туғанына дейінгі VII-ші ғасырға дейін болмаған деседі. Болғаны – бартер. Сен түлкінің терісін берсең, мен саған тұздың 10 кесегін, сіз 2 уыс арпа берсеңіз, ол 7 ортасы тесік тас береді дегендей ше…


Ақша деген тақырып берілгенде-ақ өзіме 2 күндік эксперимент жасаймын деп шешкен болатынмын. Мәнісі былай: сәрсенбі мен бейсенбі, 2 күн қалтама көк тиын салмай, ақша деген дүниені ұмытып, тіршілік кешіп көремін.

Ол үшін Тәшеновтегі үйімнен Қонаевтағы жұмысыма дейін жаяу барамын. Жаяу қайтамын. Екі күн. Ары кетсе 20 минут. Бұған дейін де осылай жасап көргенмін. Эксперимент емес, шын ақша таусылып қалғанда)


IMG_0291


Ал түсте қарын ашқан кезде мына Canon 1100D фотоаппаратының менде бар объективінің қақпағын Жандос Құсайынға бартерлеймін. Себебі, оның дәл осындай маркадағы фотигі бар, ал қашанда техникаға тыным бермейтін Жандос қақпағын баяғыда жоғалтып тынған. Айталық, мен қақпақты беремін, ол жасымық сорпасы мен бір кесе шәйін алып береді. Әйтпесе, негізі бұл қақпақ «Есіл» дүкенінде 2000 теңге тұрады. Бартер деген енді әділетсіз дүние)) Тәуелсіздік алғанда бес қойға бір қап ұнды бартерлеген де күндер өтіп еді ғой, қазағым деп қояйыншы

IMG_1964


Кешке қарын аша бастағанда Әсел Тұрсынғазы мен Мақпал Мадиярова секілді бойдақ қыздарымызға керегін беремін. Оларға керегі не? Романтика! Ал романтика тіпә үнді киноларында)) 1 дискі айталық 2 самсаға тең! Ал мұндай дискілерден Құдайға шүкір, бр үйді толтырып жіберетіндей базам бар)


IMG_1966

Ортасында жүрек жалғап алу үшін мынау «Қазақстан темір жолының» ескерткіш медалын бартерге салуға тура келеді. Өзі жеңіл қоспадан. Әдемі-ақ. Бұған бір қызықса, «Қазақстандағы» Нұрмұхаммед Байғара қызығады. Себебі…сол, жұлдыз ғой енді) Бартеріне 1 кесе шәй мен 2 пирожный, айталық. Жетеді.

IMG_1965Бірақ өмір деген тек асхана мен дәретхананың арасы емес қой. Арасында байланыс бар. Ол үшін мысалы Активтың сайтына кіріп, тегін СМС хабарлама жіберу қызметін пайдаланамын деп ойлағанмын…

gdgdfgdgdgf


Осылай да осылай кете береді. Осылайша, екі күн ел қатарлы, ештеңеден қағылмай, бірақ ақшаға ештеңе сатып алмай өмір сүруге болатынын дәлелдегім келген, дауншифтерінңсс.. Бірақ , ең қызығын айтайын ба? Бұл эксперимент болған жоқ! Себебі, кезектен тыс ауырып қалдым (бірақ оның кезектен тысы болушы ма еді). Сондықтан, бұл пост емес, идея

 

Advertisements

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s