Болмаса, екінші аты – идеясыздықтан туған фоторепортаж. Осы аптада жөпелдемелетіп бір дүниелерді түсірмек ойлар баста ары-бері келіп кетті, бірақ соны қолға алар жарты күндік уақыт жүдә табылмай кетті. Оған әрине, ешкімнің де кінәсі жоқ. Сондықтан, «жаман да болса, жақсы, жақсы да болса жаманым» деп Ауғанстан сапарынан сол күйі компымда шаң басып жатып қалған фотоларды шығарып отырмын. Әрі мұнда тек қана Кабул. Мазари-Шариф, Герат, Балхыңда да болдық емес пе, олардың өзі бөлек жыр-дастан. Сонымен
Кабул деген қала осы. Ар жағы – смог. Токиодағыдай емес, тек мұнда көбісі ағаш пен көмір жағады. Сосын ауылдағыдай буалдыр түтін осылай бұлт боп тұрып алады…
Кезіндегі патшаның сарайы. Сосын кеңестердің 40-шы әскерінің бас штабы орналасты біраз уақыт. Қазір қайта реставрациялап жатқан түрі бар.
Министрлер кабинетінің ауласында бос орындық бар. Кім барып отырғысы келеді? ))
Мұнсыз болмайды. Ауғанстанда. Бұл бірінші блокпост
Ешбір елшілік өзінің маңдайшасына туын ілмейді. Типа террористерден сақтану тәсілі…
Есірткімен күрес министрлігінің түрі осы…
Жол қозғалысы департаменті. Біз барардан бір ай бұрын осы басқармаға лаңкестік шабуыл жасалған болатын. Беріспеді… Енді жайлап жөндеп жатыр. Мұнда терактіге бәрі үйреніп қалған. Ғимарат бүлінсе, қайтада-а-ан осылай жөндеуге де дайын
Міне, нағыз шығыс қаласы. Кабул
Оқушылар мектептен қайтып барады
Блок-постының көптігінен алдына қала салмайтын Кабулдағы сондай бір тарихи мүйістердің бірі
Пәкістан елшілігінің…артқы жағы
Кабулға барғанда хазар студенттер екі күндік аштық жариялап жатыр екен. Себебі – олардың қандастарын Пәкістанның Кветта қаласында жергілікті бандылар қойдай бауыздап жатты. Себебі, тағы да баяғы діндік тарихта жатыр. Хазарлар – шиғалар, олар аз….
Үкімет кабинеттерінде де, сауда орындарында да, барлық жерде қысқасы – Ахмад Шах Масуд культі
Қала шетіндегі шейіттер зираты. Мұндай зираттардың көптігі сонша, біраздан кейін мына жасыл туларға көзің үйрене бастайды. Қанша дегенмен, қанды жерде жүргеніңді ең болмаса осылар еш ұмытқызбайды
Қала сыртында әлі де болсын осындай палаткаларда өмір сүріп жатқан адамдар әлі бар.
Осымен Кабул сапары бітті. Алда әлі бұйырса Мазари Шариф пен Герат сапарынан фотолар бар еді. Олар Кабулдағыдай сұрқай емес. Ол жақта кішкене өмір бар…
Халед Хоссейни шығармаларын оқығаннан кейін қызығушылығым оянды осы елге. Соғысқұмарлықтары қашан тоқтар екен?!