Патамушта, Баян, патамушта…


           Түнгі 00.20. Біздің ауылда бұл уақытта Сико мен Сако үшінші түсін қайталап көріп жатады. Ал біз фильмге бардық. Фильм болғанда екі таңдау тұрды – не атышулы «300 спарталықтың» сиквелі, не Баян Есентаеваның «Байқаңыз, сиыры». Біз, әрине Леонардо ди Каприоға «Оскар» бермегеніне қарсылық ретінде Голливудтың «зеленкада» зеленый ақшаға түсірілген блокбастерінен саналы түрде бас тарттық)

full_cow7

Сонымен, түнгі уақытымды түгесімей, «Байқаңыз, сиырдың» «Дурнушка Беттимен» я «Доктор Дуллитлмен» параллелі секілді ауыр шимай жазып, өзімнің де, сіздердің де сұр быламықтарыңызды ашытқым келмейді. Тармақтар болсам

         1) Актерлер. Ең біріншіден, бұл Әбунасыр Серіктің комедиялық кинода жасаған ең сәтті образы. Ауыл әкімі сол ауылдың халқына тегі бір лайық. Ақшаны жақсы көреді, бірақ аңқау. Жұмасына бір рет қатынын бастан ұрып, сұлатып тастағанымен, көзіне сабан салмайды. Ұраншыл. Ұрдажық. Бірақ қазақы. Әбунасыр «Бауыржан-шоудан» жақсы актер ғой, бірақ мұнда образын дәл тауыпты, дарақылық пен шеберліктің қыл ортасында сальто айналады. Оның ойыны «Кавказская пленница» фильміндегі Саахов жолдастың (Владимир Этуш) рөлін еске салады, шамасы осы образдан өзіне шабыт алған-ау…

     Баянның әбден гламур журналдардағы, Аида Қауменованың қымбат көйлектеріндегі глянец образына ауылдың шаңын, сиырдың жапасын, жылқының құйрығын жаққысы келгенмен (кинода), бәрібір…гламур) Есентаеваны актриса ретінде бағалау маған өте қиын, себебі, баяғы Гүлназдан бастап ол кинода атын өзгертсе де, болмысын өзгертпейтін, яки әрқашан өзін ойнайтын секілді. Өзіне өте сенімді. «Байқаңыз, сиырда» екі есе салмақ қосып, басына целлофан киіліп қап, курстастарынан әжуаланып, мас боп қалып, абыройын шашып…біраз «төмендепті». Бастысы, сендірді. Кейбір сәттерде ол мазаққа қалып, сәтсіздікке ұшырап жатқанда оның өте табысты продюсер Баян екенін ұмытып, кинодағы Баян үшін қайғырдым. Демек, оған дейінгі драмалық ситуативтер өзін ақтады деген сөз….

         Қалған актерлер де өз орындарында. Басты «зұлым» Марлен (Азамат Сатыбалды) – Баянның курстасы, табысты бизнесмен, бірақ қасиетсіз адам. «Ғашық жүректе» Азамат Мейрамбек Беспаевтің көлеңкесінде қалып, күңгірт ойнап еді, мұнда көз қарықтыратындай болмаса да, «өй, өй» деп қалатындай жарқылдапты. Ұстанымсыз, бірақ өзіне өте сенімді адамның образына жақсы кіріпті, әсіресе сыртқы имиджі.

7        Бірақ, Баянға әу баста «мен сені қазақ тілін білуіммен-ақ сайлауда басып озамын» деп алып, ауылда бір ауыз қазақша сөйлемегені ұят ляп боп қалды. «Ғашық жүректегі» секілді мұнда да Баянның әйел қарсыласы, оның баяғы курстасы рөлінде Айгүл Иманбаева, Баянның жаңа ғашығы, ауылдағы мектеп мұғалімі Азат Сейтметов, ауылдағы лыпасыз баладан бастап соғыс ардагеріне дейін тап-тамаша ойнап шыққан.

         2) Мәйегі. Фильмнің синопсисін жазып, сөз қопсытпай-ақ қояйын. Оқып аларсыз басқа жерден. Айтайын дегенім, фильм комедиялық жүктемесін артығымен алып шыққан: әкім мен оның әйелінің арасындағы «Маған неге гүл сыйламайсың? – Гүл сыйла деп айтып па едің? Тұр ғой әне, огородта толып….» тақырыбындағы ұрыс-төбелесі, Баянды әкімнің қызыл УАЗигіне салып алып, үйге әкелуі, Баянды аттың бас бермей, алып қашу сценалары залды күлкіге қарық қылды. Баянның жеке көмекшісі Сэмнің атын әкімнің алғаш қағыс естіп, басқаша айтуы…умора)

         Мүмкін, дәл осы мағыналарды саналы түрде Есентаева-Ұзабаев фильмге салмаған болар, бірақ Баянның кейіпкерінің ауылға келіп, тұрғындарын залға жиып, орысша ұрандатқанымен, ешкімнің түсінбегені, соңынан ермегені – ақырынан «Ауыл адамдары мені түсінбейді. Себебі, мен олардың тілінде сөйлемеймін» деп мойындауы ұнады. Осы тұста залдағы көрерменнің біразы басын изеп, «көрдің бе, әне, Баянның өзі қазақшасыз күнің түн екенін мойындап жатыр» дегендей қомпаңдап қалды.

         Екінші момент. Бәстесіп депутат болам деп жұлқынған Баян ауылға барып, алдымен әйелдерді өзіне қаратып алу жолдарын іздейді. Күйеулерің сендерге жөндеп қарамайды, гүл сыйламайды деп азғырып, жекпе-жек тәсілдерін үйретіп, ерлеріне қарсы айдап салады. Бірақ, бұнысынан да дым шықпаған соң, дұрысы феминистік екпіні басылып, сөзін ауылдықтарға қазақшалап жүрген ыңжықтау мектеп директорына ғашық болып қалады. Ақыры Баян депутаттықтың бәйгесінен бас тартып, оған әлгі мектеп директорын (Азат Сейтметов) ұсынады. Соған қолдау жасайды. Қысқасы, «байтал шауып, бәйге алмастың» Есентаевша нұсқасы. А шо, бізге, еркектерге бұл ұнайды)

8         3) Маркетинг. Естеріңізде болса, орыстың қарақшылық кино,клип көшіретін арзаңқол торрент-трекерлерінде Баян Есентаеваның фотосымен өтірік жарнамалар толып жүрді. Былтыр. «Баян Есентаева осылай пәлен келі салмақ тастады» деген жалған жарнамалар. Оларды Есентаева сотқа берем деп бір шүйліккен – бірақ мұның жел диірменге қарсы күрескен Дон Кихоттың тірлігі екенін ол білген. Енді осы ақпараттық фонды Баян фильм арқылы өзіне әдемі пайдаланып отыр. Фильмнің басында 120 келі тартатын сұрықсыз семіз Баян 20 жылдан соң талдырмаш бүйрекбет Баянға айналады – бұл әлгі Баянның атын жамылған жалған арықтатқыш препараттарға күлу. Самоирония. Ал маған өз-өзіне күле білу қасиеті өте ұнайды, себебі өзіме айнадан қарап қатты күлем десең ә)

          Одан соң фильм 6 наурыз, мойындайық, мойындамайық, Әйелдер күнінің қарсаңында шықты. Бұған дейін бұл қулыққа Бекмамбетовтың ғана басы жетіп жүрді. Әр ресми Жаңа жылдың қарсаңында «Елкилердің» жалғасын, «Тағдыр тәлкегінің» римейкін түсіріп, мұнысын ТМД халқы таусыла күтетін бір ритуалға, дәстүрге айналдырып жіберді. Бұл барлық киноиндустрияда бар, әсіресе коммерциялық кино саласында. Голливудта ең басты блокбастерлердің релизін АҚШ-тағы Рахмет күні (День Благодарения), Әкелер күні (День Отцов) секілді ірі жалпыхалықтық мейрамдарға туралайды. Болливудта мысалы, Шаарух Хан ірі жобаларының тұсаукесерін Дивали мейрамына, ал Салман Хан Құрбан айтқа белгілейді. Сондықтан, маған әлемдік трендті енді Есентаеваның жалғастырып кеткені әбден ұнап тұр.

              Одан соң…ымыз бітпеді ғой, бірақ Баян бұл фильмге 500 мың долларға жетер-жетпес ақша жұмсапты. Сөйте тұра, бейненің сапасы, актерлік жұмыс, сценарий – қай жағынан да «Қазақфильмнің» 2 жыл бұрын жарнамаланып, 2 жыл үздік-создық түсірілетін, шетелден актер, жақын елден актриса шақырып жатып 2 миллион долларды әзер жеткізіп түсіретін талай «шедеврлерінен» әлдеқайда жақсы, сапалы, қызық, жеңіл. Есентаева айтады: «Мен құны 500 мың доллардан артыққа ешқашан фильм түсірмеймін. Себебі, ол ақталмайды». Дұрыс айтады және дұрыс істейді. Онымен қоймай, «Байқаңыз, сиырдың» телевизияға арналған 8 сериясын да түсіріп тастапты. Ол жақтан да рейтингті қиша сыпырмақ түрі бар) Қысқасы, пәле)

          Әрине, әзірге Асқар Ұзабаев Гайдай емес. Бірақ біздің деңгейге бұл өте жақсы меже. Бұл – коммерциялық кино. Бұдан «Шалдағыдай» бастың сүйегі шытынайтын «шифрлер», «Мың баладағыдай» жүрек тұсын шымырлайтындай патриоттық пафос күтпеңіз. Сондықтан, жай ғана барып, жай ғана көріп қайтыңыздар)    

url

         Фильмнің дінге қатысты тұсы. Біреу-ақ

         – Может мне мечеть построить? (Баян)

         – Неет, у нас уже 4 мечети (Әкім)      

        Фильмдегі «гиперсілтеме». Екеу-ақ

        1) Баянды Есентаева еткен Теменовтың «Махаббат бекеті» фильмі 1993 жылы түсірілген. Есентаеваны «сиыр» еткен бұл фильмнің басы 1993 жылдан басталады. Бірақ, негізгі оқиға 2013 жылы өрбиді…

         2) Фильмде Баянның кейіпкері мектепке барғанда, оқушылар «Баян апайййййй» деп амандасады. Ол, әрине, тыйып тастайды. Әрине, бұл оның «Ғашық жүрек» фильміне (2011) сілтеме.

         Фильмдегі саяси астарлар

       1) Баянды журналистер қуалап келіп, «Бұл былығың не? Бұған не деп жауап бересіз?» дегенде ол, әрине «Патамушта, патамушта» деп тіл қатады. Экс-министр Серік Әбденовтың мемі)

         2) Азат Сейтметовтың сомдауындағы мектеп директоры журналистерге оңды-солды сұхбатында «Ауылға ақша аз бөлінеді, жетпей жатады, қайда бассаң да қоқыс» деуі

        Фильмдегі продакт-плейсмент

        – Баянның KFC жеуі)

        Фильмнің басты минусы

        – Дыбыс. Әсіресе, фильмнің басындағы әр адамның сөздері күңгірлеп, бір-біріне астасып, өте арзан фильмнің әсерін берді.

Advertisements

7 comments on “Патамушта, Баян, патамушта…

  1. Мен Баянның бұл киносыны әлі көргем жоқ, тек «Кеш ю»-дің клипін болмаса. Бірақ содан-ақ сәл байқағаным корейдің (кәрістің дегенім ғой, керей десем өзіміздің керейге, Шыңғыс хан тұсындағы керейлерге жақындау естілгесін – жағымдырық, ал кәріс деген орыстың «кореец»-інен шыққан ғой) «200 пұттық ару» (Двухсот пудовая красотка) дегне фильміне қатты ұқсаттым. Өреке, көрген шығарсыз, сіз киноман жігітсіз ғой, көрмесеңіз қарап көріңіз, сізге ұнауы керек деп ойлаймын, қыздыың семіздігінен соған аумай қалған сияқты. Ал жалпы мазмұны жағынан бәлкім қателесіп тұрған шығармын…

    • Дұрыс айтасың, бұл әлемдік кинода әбден таптаурын болған шаблон. Сондықтан да, уақыт пен көрерменнің ықыласына төтеп берген осындай «Золушка» хикаяларға коммерциялық кино қайта-қайта айналып келуден жалыққан емес. Баян да сондай)

  2. Фильм туралы жақсы жазып шығыпсыз, әсіресе «жай ғана барып, жай ғана көріп қайтыңыздар) » дегеніңіз ұнады. Расында, жай ғана көріп, жай ғана ұмытыла салатын фильм. Фильмнің басы ұнамады. Ішімдік ішіп, не істеп не қойып жатқанын білмейтін студенттердің кейбір қылықтары жүрек айнытады. Жалпы, 1 рет көруге болады ))

    • Сізге ұнамаған көріністі әдейі 1993 жылдардағы разруханы беру үшін әдейі жүрек айнытатындай берген деп ойладым

  3. «Ал маған өз-өзіне күле білу қасиеті өте ұнайды, себебі өзіме айнадан қарап қатты күлем десең ә)» ))) сондай ақылдымын дейсіз ғой, ә)

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s