«Жақсыны» көрмекке…


Блогым бүлк етпей, бір бүйіріне түсіп жатып алса, бұның да бір себебі бар еді. Айтайын дегенше, айдай «агент-урада» бәрі айтылып, жазылып жатыр ғой… Жаңалық сол, «Жақсы» деген сайт ашып жатырмыз.

Менің қатысым мұнда – «жобаның үйлестірушісімін». Өзім әлі не істеп, не қойғанымды айқын түсініп жүрген жоқпын. Бәріне араласып, біресе жазып, біресе агенттен спам жіберіп, бірде баннер жасап отырған жайым бар. Очм, «Жақсымен» бірге жаңа шабыт алғандай күй кешіп жүрмін. Бір тапсырмадан бір тапсырмаға үлгермей… ұйқы деген ұйыққа екі аптадан бері бата алмай жүрген. Қысқасы, қазақ интернет кеңістігіне жаңа портал келіп қосылды.

Ошарыла қарайтындай… өзі он сайттың қарасына да жетпейміз ғой негізі. «Абай» бар, «Маса» бар, «Мінбер» мен «Замандас» бар, басқасын еске түсіруге біраз күн керек. Қысқасы, бұл сайтты неге аштық, неге «Жақсы» деп қойдық? Сұрақтың бәріне жауапты Бас тақырыптағы шимайымда беруге тырысқам, бірдеңе деп пікір жазсаңыздар, жүдә жақсы. Жазбасаңыздар, осы жазбамды оқығандарыңызға да рахмет.

Жаза берсе, сөздің түбіне кім жеткен? Өзіммен идеялас, пікірлес жігіттердің басын қосып, қоғамдық негізде (себебі, шығармашылық ұжымдағы барлық азаматтың негізгі өз жұмысы бар) пайдалы дүние жасайықшы деген ой болды. Қолдап, кеңесін берген ағалар болды. Ашсаңдар, жазайық деген жазармандар болды. Ықылас болды. Азын-аулық тиын болды. Портал ашылды. Пәлесінен аулақ, «Жақсы» атына сай болсақ деп жанталасып-ақ жатырмыз. Бас редакторымыз – белгілі журналист Сәкен Сыбанбай. Мастодонт. Жігіттер де осал емес, әрқайсысы әр каналда атын танытып жүргендер.

Сөздің аяғы. Қолдауларыңыз керек. Сайтқа раскрутка жасауға қаржы қарастырылмаған соң, спам жіберіп, сәл ұятымызды кетіріп жатқанымыз бар. Бірақ, агенттегі ағайын бұған үйреніп те қалған шығар 🙂 Сол порталымызға, ең болмаса басында сауатты раскрутка жасап беретін маман болса. Жұмысқа аламыз дей алмаймын, бірақ азын-аулық теңгесіне келісуге болатын шығар. Ашыла салып, алақан жайып жатыр демеңіз.

Бірақ, бұл порталдың ерекшелігі, 100 пайыз ақпаратты өзіміз өндіретіндіктен, жақсы материал табу қиынға түсетіні сөзсіз. Сондықтан, ақпараттық көмегіңізді де аямаңыз. Тіптен, ең болмаса, сайтымызға екі-үш күнде бір кіріп, «ұлттың қамын жейтін» материалдар оқып тұрыңыз! Миға салмақ түсірмейтіндей қылып жазуға біз тырысармыз))) Біздің мақсат нөмірі бірінші болу емес. Мақсат оқылымды болсақ, біз көтерген мәселе шешімін тауып, біз айтқан сөз қақты жібітсе дейміз де….

Тіптен, ең құрығанда, күніне 5000 адам келіп, оқитын бірінші қазақтілді сайт болсақ дейміз! Бұған не дейсіз? Әрине, арман ғой әзірге.       

Advertisements

31 comments on “«Жақсыны» көрмекке…

  1. Амансың ба, барсың ба?!!! )))))) Өте қуанып жатырмын. Қазақ тілді сайттардың көбейгені күшті ғой. Керектен өзге қазақша сайт білмейді екем))) (ұят ай десеңші). АЛЛА жазса, кірем де, пікір жазам да, оқимын да!

    АЛЛА қолдасын))))

  2. бұған енді не дейміз? Армандарыңды ала беріңдер! Мақсаттарыңа жете беріңдер!
    (жатпайсыңдар-ау әйтеуір 🙂 )

  3. «Осы Асхаттың да жүрмейтін жері жоқ екен…» дейін ба?:))) Бәрекелді, Өркен негр! Негрсің ғо жүрген! Басқа сөз таппай отырмын!

  4. «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын»,- демекші, жаңадан бой көтерген қазақтілді ұлттық порталдың ашылғанына қуаныштымыз. Көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі «ҚАЗАҚ» деп тулаған әрбір пенденің оқып, пікірін айтып, талқылап тұратын, керекті ақпаратын алатын, өзіңіз айтпақшы №1 қазақтілді сайт болсын, Инш!

  5. Сайтқа HTML кодпен «Мен jaqsy (жақсы) көремін» деп көздің (жүректің) суреті бар эмблема жасап қойсаңдаршы. Блогтарымызға іліп қояйық, инш!

  6. “Жақсының» жақсылығын айт – оқырманы артсын!
    десем, бола ма, болмай ма? 🙂

    Өреке, қаржыландыру жағы қалай болып жатыр? Аса құпия емес пе?

  7. Құтты болсын деймін, қазақша сайттар көбейе берсін. «Жақсыны» жүрген жерде жарнамалап, айтып жүрмін. Өте ұнады, видеосы да бар екен. Жалпы, Сәкен Сыбанбайдың жазғандарын қадағалап оқып жүруші едім, мастодонт десе мастодонт қой!

  8. «Жақсыны» ашқандарыңыз жақсы болыпты! Ұлттың қамын жейтін материалдардың жазылғаны да құптарлық. Ұлтымыздың жастары әлсіреп жатқанда, «Жақсыдай» сайт дәрумен болып, ұлттық иммунитетімізді көтере берсін!

  9. «жақсыны»ны жалықпай жалғастырып,жан-жаққа жанталаса жариялап,жарапазандай жақтарың жақтарыңа тимей жарнамаласаңдар жақсы жастар жан жақтан жабырлап жаман деп жамандамай жақсы екен деп жар салар.
    жалындаған жас Өркен,»жақсыны»жылықпай жалғастыр….

  10. «жаксы» деген терминге сай жумыс жасауларын керек болмаса халыктын
    журегине жол табу киын

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s