Казак… қашаннан қазақ?


Жеке поштама жақында хат келіп түсті. Анатолий Чесноков деген азамат Алматыда өтетін «Медовый спас» деген мейрамға шақырыпты. Қып-қызыл христиандық жоралғы…

Шараны Вознесенск шіркеуінде литургия оқудан бастатып, қасиетті су сеуіп, айшық көтергізген соң, концертімен көңіл демдей қояды. Мәселе мұнда да емес (хат адасып та келген шығар, кім білсін).

Шатақ осы іс-шараны ұйымдастыруда іскерлік танытқан «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана» деген ұйымнан шығып отыр. Хаттың жоғарғы тұсында осынау ұйымның ресми атауы жазылған да, қазақшасына келгенде «қате» жібере қойған. Осылайша, «Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдарының қауымдастығы» деп аударылған мәтінде казак деген қазаққа айналып кетіпті! Жалма-жан қауымдастық төрағасы, бірінші премьеріміз болған Сергей Терещенконың телефонын тере бастадық. Таптырмады. Оның орынбасары Анатолий Чесноковтан алдымен ау-жай сұрап барып, ақыры жауабымызды алдық.

– Казак қашаннан қазақ еді? Мүмкін, бұл компьютерде мәтін тергенде кеткен қате (опечатка) шығар, а… Жөндей салуға болар?

– Әй, жай жөндеуге келе қоймас. Бұл біздің тараптан кеткен қателік емес. Әділет министрлігіне ұйымның жарғысын жіберіп, тіркетуге құжаттар тапсырғанда «қатемізді» түзеді. Олар ары да бері ойланып, казакты «қазақ» деп тапса, қалай қарсы тұрамыз?

– Бірақ казак кім, қазақ кім еді? Екеуі бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайды ғой.. Ең болмаса, лингвистерге қаратып алмадыңыздар ма?

– Лингвистер де «қазақ» дегенге келісті. Өзіңіз ойлап қараңызшы, казакты басқаша қалай жазуға болады енді? Не де болса, бұл ұйым жарғысында бекітіліп кеткен, министрлік құптаған.

«Ә-ә, бопты» деп әңгімені үзуден басқа амал қалмады. Әдейі істеді десек, Әділет министрлігіндегі өзіміздің қазекемдер «бүлдірген» болып тұр. Сонда ақ патшаның жарлығымен аруымызды астына салып, жерімізді жаулаған, батырымыздың белін үзіп, қамыт кигізген казакты «өзіміз» қылуда қандай саясат жатыр? Әсілінде, бұл саясат та емес, «кетсе, кете берсін» деген кержақтылық қана. Кержақтылықтың астарында өз ұлтын кемсіту ғана. Сонда Разин де, Пугачев те қазақтың батырлары саналғаны ма? Тупизм! Казак сөзінің төркіні козакь емес пе еді? Кезбе десін, кезаяқ десін, егер семантикасын қуалай берсе… Білмейді деп отырмыз-ау, мысалы осыны заң ғылымдарының докторы, сенатор Бауыржан Мұхамеджанов біледі. Бірақ дәл осы азамат Әділет министрі болып тұрғанда, яки 1999 жылдың 4 наурызында «Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдарының қауымдастығы» ресми тіркеуден өтіп кетеді.

2004 жылы ұйым қайта тіркелгенде де, министр Оңалсын Жұмабеков орнында еді. Ол да кімнің кім екенін ажырата алатындай азамат сияқты еді бір қарағанда. Енді қазақы азаматтардың қолынан кеткен ағаттықты министр Түсіпбеков түзей ала ма екен? Әлде Сіз де, казакты қазақ деп жүрсіз бе?

Advertisements

5 comments on “Казак… қашаннан қазақ?

  1. Негізі этимололгиялық тұрғыдан алғанда қазақ пен казактың мағынасы бір. Мұны кез келген лингвист тюрколог маман растайды. Бұл шатақтың барлығы 18-19 ғасырдағы орыс империалист ұлтшыл ғалымдарының қисық пиғылынан шықты. Орыс тілінде қазақты «қазақ» деп атағысы келмей ең алдымен «қырғыз-қайсақ» деді, сосын «қырғыз» деді, ал сосын тек Алаш зиялыларының талабымен әрең дегенде 1920 жылдары «Казак» деді. 1930 жылдардан соң Мәскеулік ұлы орыс «ақылды» саясатшылар мен ғалымдар Казак деген болмайды екен, өзіміздің казак сословиесімен шатастырып ала береміз. «Казах» деп соңғы әріпін кемсітіп айталық деген уағдаға келісті.

  2. Сендер ұлттың тарихын зерттемей-ақ алдымен өздеріңді
    зерттеп алыңдаршы данышпансымактар

  3. мына тәржіман деген оқырман не деген сауатсыз еді. Өркен аға барлығын дәлелдеп беріп тұрса да, казакты қазаққа теліп тұр. Соған қарағанда тәржіман нағыз қазақ емес, шолақ белсенді біреусіз ау. Жұртты шатастырғанша пікір жазбағаныңыз абзал!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s