Телібеков неге тегін жасырады?


«Аузымен от бүркіп, шоқ шайнап» жүрген «дінбасы» Телібековтің өмірдерегі… белгісіз. Бимағлұмбыз. «Қашан, қай жерде дүниеге келіп еді, бұрын кім болып еді?» деген сауал тумай жатып-ақ, жұта салыңыз. Себебі, сабазымыздан қанша сұрасаң да, сөз шығармайды. www. guljan.org сайтына берген соңғы

бейнеконференциясында Телібеков тағы да тегін жасырып қалыпты.

Тікелей қойылған сұрақтан «Жеке өмірім жайлы айтуды онша ұнатпаймын. Одан да маңызды мәселелер бар деп білемін. Менің өмірбаяным тіптен қызық емес, тіптен керемет емес», – деп жалтарып өтеді. Ол тұрмақ, өзі басқаратын Қазақстан мұсылмандар одағы туралы да сараң ақпаратпен көз сулап қоятынын қайтерсің… Сұхбатта «Біздің Астанада, Шымкентте, Жезқазғанда, Қарағанды облысында филиалдарымыз бар. Қаржылық қолдау жоқ. Ешкім жалақы алмайды. Керек десеңіз, ұйымның банкте есепшоты да жоқ», – деген сөздермен өзіне аяныш тудырғысы келеді. «ҚМО-ны араб шейхы қаржыландырады» деген қауесетті де, «ҚМО – Американың мемлекеттік департаментінің жобасы» деген сыбысты да түтігіп отырып тас-талқанын шығарады.

Жарайды, олай болмай-ақ қойсын делік. Алайда ағамыз ел басқарудағы ашықтық, жариялылық дегенде алдына жан салмайды да, жеке басының жариялылығына келгенде жақ ашпайды. Бүкіл мемлекетті басқарып отырған азаматтардың адал болуын жақтайды да, жеке ұйымының жұмысын жасырып қалады. Өмірі жайлы өзгенің білуін қаламаса, Телібековтен басқа біреу болса түсінер едік. Ұялып, ұяңдық (скромность) танытқаны деп ішіміз жылыр ма еді… Бірақ әсіредемократ Мұрат мырзаның бұл мәнісінде ары кетсе, екі себеп бар шығар. Не «тіптен керемет емес» өмірбаянында «но-сы» бар. Оны жұрттың білгенін қаламайды. Білсе, бүгінгі күйіне зар болып қаламын деп қорқар. Не болмаса, бұнысы батыстық технологтардың «сүфілеп» берген саясатына көбірек саяды. Яки, өзіңді неғұрлым жұмбақ ұстап, құпияңды алдырмаған сайын абыройың артып, атағың өзіңе бағынбай кетеді. Содан да, харизма деген қиын істе «ауа ішіп, су жейтін» адам көрінгісі келеді.

«Запретный плод сладоктың» кебі секілді, загадкасы көп болған сайын назарды өзіме аударам деп ойлар. Кім білсін, осыдан кейін Телібековтің сілекейінде, (тфуу, не айтып кеттік), тойыс сөзінде дуа бар ма, жоқ па? Дүдәмалмыз

Advertisements

20 comments on “Телібеков неге тегін жасырады?

  1. Мұратты жиырма жылдан астам танимын. Өте талантты орыстілді ақын және прозаик. Өлеңдерін жалпы оқырман үшін жазса да, қазаққа және қазақ үшін жазған болып көрінеді де тұрады. Ойы тәуелсіз, оны-мұны өсек, алып қашпа сөзден алшақ ұстайды өзін. Қанша рет «Қазақстан» арнасында жүргенде ол туралы хабар жасасам да, тегін сұрамаппын. Оның тегін қайтем, маған керегі оның кісілігі, шын мәнінде патриоттығы. Бір кездері кітаптарынан қорқып, баспаханадан шығып тұрған таралымды /тиражды/ арнайы қайшы-қондырғыға салып, қиып тастаған болатын.

    • Прозаик екенін сіз айтпасаңыз, білмейді екенмін. Телібековты жаман кісі деуден аулақпын… дегенмен, тым демократ болып көрініп жүргенде, тегін неге жасырады деп таңданғам. Болды, басқалай кінәм жоқ)

  2. Мынадай бiр хадис бар, » дiн маселесiнде кiмнiн тура жолда екенiн бiлгiн келсе торт нарсесiне кара,бiр нарсесiне карама, деген. 1- уй iшiне кара, (аузындагы созi уйiшiнде жузеге асама), 2- достарына, 3- iлiмнiн козiн кайдан алатындыгына, 4- бос уакытын немен откiзетiндiгiне. Ал, ендI дiн турасында Алашка акыл айтып журген агамыз озi жайында айткысы келмесе калай сенемiз. Рухани багыт берiп, журектерге жол корсететiн мусылман Адам ашык болса керек. Пайгамбар с.г.с айткан торт нарсе оте манызды. Айтпесе, пенде деген аузына сыйганын айта бередI.

  3. Ауызымен от бүркіп, шоқ шайнаған деген тіркесті алған екенсіз Өркен Мырза, оны тырнақшаға алу керек. Қай ақынның өлеңінен алғаныңызды өзіңіз де өте-мөте жақсы білесіз. Ескересіз ғой.

  4. «Міндетін атқара алмаған әкімдердің басын кесу керек» деген ұсынысын естігенде-ақ ел тіксініп қалған еді.

  5. расында Мұрат мырзаның тегін айтқанда тұрған не бар?мүмкін әкесі комунист коммунист болған шығар,не сапхоз басқарған шығар.оның оқырманға не қажеті бар?журналистердің сұрағына жуап бермесе өз еркі.
    ал егер ата тегін,семиялық,отбасылық жағдайын ашық айту керек,жария ұстау керек болса,неше әйел,неше бала барын ашық айту керек болса Елбасыдан бастап Мәсімов тан қостау керек қой.
    бырақ бізде жариялық бір қоғамдық ұйымның жетекшісінен басталу керекпе?
    Жалпы Мұрат қажыны өзім өмірі көрмесемде сөзі дұрыс,ойы ашық адам деп ойлаймын.

    • Телібековтың тегін қайтеміз деп таң болғанның бәріне: Анонимустың пікірін оқуға кеңес беремін. Одан артық жауапты мен де таба алмаймын

  6. Мәселе тегінде болып тұрған жоқ қой. Жалпы Телібековтің тентек ойлары мұсылманшылыққа кір келтіріп болды, Өзінің кезінде география ма, бір пәннен сабақ бергенін естігенбіз. Орта Азия университетінде де жұмыс істей ме? ОБСЕ, батыс, ұйымдарының жиындарында жүретінін көз көрген.

    • Мұсылманшылыққа кір келтірді дейсіз бе, онысы қиын екен, маған әйтеуіір ол саясиланған дін платформасын орнықтырмақшы болып жүрген адамға ұқсайды да қояды

  7. kokjal83 жазғанына толық қосылады екем, тегінде тұрған ештеңе жоқ. БАҚ беттерінен айтып жүргендерінің көбі ойға қонымды, қазаққа болсын дейтін адам сияқты. Қазіргі қоғамда ашық айтатындар шыққаны жақсы, мақтау-мадақтау айта бермей, тойып болған жоқпыз ба?!
    Одан да қазаққа қарсы шығып жүргендерді, бұғып жүрген зиялысымақтарымызды сынайық.

  8. Қазір билікке, басшыға қарсы сөз айтсаң, қаһармансың ғой. Осы қағида да бұ кісінікі де. Жағымпаздық деп өздері айыптайды да, бірақ қоғамдық пікірге жағыну, батысқа, өзгеге жағыну дегенді жағымпаздық деп танымайтыны қиын да

  9. Мұрат Телібеков, Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы:

    – Тозақ жұмаққа жақын жерде ор­наласқан. Арақашықтығы алыс та емес, Қаскелең мен Шамал­ған­дай жер, бірақ бұл екеуінің айыр­машылығы Лос-Анджелес пен Қызылордадай.

    (zakon.kz сайтынан) («Алаш айнасы» газеті, «дедімай-ау» айдарынан)

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s