Өмір-күрес (позитив)


Он екі мүшең сау, ақыл-есің түзік болсаң да, бұ дүниеден баз кешуді ойлаған кезің болды ма? Немесе бар сәтсіздігіне Құдайды кінәлаудан артық ештеңе таппайтын сәтің ше? Онда мына суреттерді көзбен шола кетсеңіз.

Бұл азаматтың аты-жөні – Дастин Картер. Американдық. Сәби кезінде қатерлі қан ауруымен ауырғандықтан, оның аяқ-қолдарын отап тастаған.

Сегізінші сыныпта жүргенде ол мектептің күрес командасына кіргенімен, ұзақ уақыт бойы біреулер үшін күлкі мен мысқылдың эпицентрі болғаннан басқа нәтижеге жетпеді. Оның мүгедек қалпында күрес майталманы болатынын ол кезде ешкім білген жоқ еді… Бірақ Дастиннің еңбекқорлығы мен өмірге деген құлшынысы көп күттірмей-ақ, өз жемісін бере бастады. Жоғары сыныптарда ол мектеп командасын бастап, Огайода күрестен өткен біріншілікке алып барды. Сол жарыста Дастин өз салмақ категориясы бойынша қатысқан 16 спортшының арасынан суырылып шығып, бірінші орынды алып кетті. Міне, осындай азаматтардың құлшынысын байқап-ақ, Алла тағала аманат еткен тәніміздің барлығына шүкіршілік еткің келеді.

Тәубемізге келіп, қос дүниедегі тірлігімізді де бекем қылуға асығып жатсақ, кәнекей?

Advertisements

20 comments on “Өмір-күрес (позитив)

  1. Мдаа… бұ жігіттерге қарап отырып шүкір етіп, өзімізге қарап пікір етуіміздің тағы бір себебі осы-ау… Рахмет, Өркен! Тәубамызға түсірдің…

  2. ia, Orken, bul jazbanyzga kop-kop rahmet. Shynymenen taubamyzga tusirdininiz. Omirdin azdy kopti kiynshylyktaryna renji bermei, Allah ka barlygy ushin shukirlik aitkanymyz jon goi negizi.

    • бір жігттер түсірген «Милосердие» деген фильм бар, ол енді керемет, өзіміздің арамыздағы намазхан ағайындар туралы….

  3. Аяғы, не қолы жоқтардың басқа мүшелері ерекше күшті болады. Мысалы, соқырлар жақсы естиді деген сияқты. Көрші ауылда бір жігіт бар дегенді естимін. Екі қолы кішкенесінде дамымай қалған екен. Ал қазір өзі аяғымен мәтәсекілді шашып, жинайтын көрінеді. Деніміз сау болсыншы.

    • Біздің жақта, Үшарал ауылынан шыққан суретші бар еді, аяғымен сурет салатын, сұмдық енді көрсең суреттері, көрмесін өткізіп жүрді. Кейіннен тұрмыс құрып, бала да туып алды

  4. Он екі мүшең сау, ақыл-есің түзік болсаң да, бұ дүниеден баз кешуді ойлаған кезің болды ма? не деген акымак едим!

  5. Өркен саған рахмет. 12 мүшеміз сау болсын!!! Өркен сенен бір өтініш көмектесіп жіберші, мен блогыма блогерлердің тізімін жазып қояын десем білмеймін. Сізді Асхат ағайдың блогының ішінен ашып алдым енді сізді өз блогыма қабылдау үшін не істеймін. тағыда білгім келетін жерлер бар бірақ.. .. бізде бәрі толық білмей жатыр. Маған қосылыңызшы агентпен сұрап алайын потом мазаңызды алмаймын. Пікірімді өшіріп тастасаңыз дұрыс болар еді. қуып жазып кеткенім үшін алдын-ала кешірім сұраймын. Көп рахмет. Блогыңыз керемет екен. akkonil86@mail.ru

    • Осы беттің үстінде Ұнады, Жаңасын қосу, Түзету деген бөлімдер тұр, байқасаң… Соның Жаңасын қосу дегенін басып, Сілтеме дегенді шертесің. Ары қарай өзіне ұнаған блогтың сілтемесін қойып, атын жазып, қоса саласың, өте түсінікті

  6. Бұл жігіттен жеңілген балуандар қайтып боз кілемге шығуға желаниясы қалмай қалатын шығар, а?! Белдеспей жатып-ақ тауы шағылып, туы жығалатын, біздің кержалқау спортшыларға көрсететін сурет екен.

  7. Ассаламу алайкум!!!

    кавзир блогтар жабылды? казир кай сайттар аркылы блог ашкан дурыс?

    • Уағалейкумассалам, сабыр түбі сары алтын деген осы, сәл күтіп едік, міне ашыла қойды. Осы Уордпрессте ашқаның дұрыс, алдымен Джимайлдан пошта ашып ал ол үшін

  8. Өмірі аяқ киімге жарымай, аяғы тоз-тоз сіңірі шыққан бір кедей аяғы жок асып-тасқан байды көріп тәубесіне келіпті…

  9. Мдааа, біреуден кейін, біреуден ілгері өмірге күніге мың шүкірлік қылуымыз керек қой сол, ұмыта береміз инсандығымызға салып

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s