«Ішкі тыныштықтың» ішірткісі


-Я узнал, что мой папа, на самом деле не мой папа.
-Твой папа — гусь. Тебя это шокировало?

«DreamWorks». «Кунг-фу Панда-2». Осы екі ауыз сөздің өзі кинотеатрға жетелеп апаруға жетерлік. Енді жата қалып, жырғап мақтайын десем, жүдә ұнаған жоқ. Тұра қалып таспен атайын десем, тегі нашар емес. Тегі дегенім, 2008 жылы По есімді алаңғасар панданың ақырында ұлы жауынгерге айналатыны жайлы мультик мегахит болған. Қазір де «Шрэк«,

«Мадагаскар», «Мұз дәуірінің» триологиясымен тең дәрежеде иық тірестіріп тұр ғой… Айтпағым, мульт авторлары қызық хикаяны баяндағысы келгенімен, мені баурай алмады, әріптесім Әсияға да ұнамапты. Әйтпесе, басқа жұртқа ұнағаны соншалық, «сиквелі приквелінен асып түсті» деген сұм теңеу тауып алыпты 🙂 Содан ал, кемшілігін іздейік келіп…. Біріншіден, «ішкі тұрақтылықты іздеу» деген таптаурын пәлсапаға түсіп кетіп, әзілқой, әңгүдік аюға сериоз қалпы жараспай, жабыспай жатты. Жарайды делік, осыдан келіп, «әкем кім? шешем қайда?» деп арасында думкаға кетіп, көрерменді ұмытқан кезі көбірек болды. Әзілдері әлсіз («Букашки рулят» немесе «Все попёрло» стильінде). Бұны бірінші бөліммен салыстырмалы түрде соғып отырмын. Ал персонаждар, пейзаждың кескінделу жағынан сөз жоқ, әлдеқайда алға шығып кеткен. Әрине, «Пиксармен» таласпайды ғой, бірақ графикаға бестен артық баға болса, қояр ма едік деп қоям))) Бұған дейін «Спаун» деген мультсериал түсірген Дженнифер Юдің режиссерлігі соншалық ақсап тұрған жоқ. Бірақ экшн-көріністер көп болғандықтан да, «зрелищность» деген пәлекет сәл зығырымды қайнатты. «Қытай менің табанымның астында жатады» деген бас жексұрынның рөлі де жаман емес. Біріншісінде айбарлы жолбарыс еді, бұнысында сәнденген сұрқия тауыс. Ең қатты ұнаған персонаждың бірі – Поның бала кезі еді, жас сәбидің дауысын, қылықтарын айнытпай келтірген. Қарап отырып, елжірейсің. Әттең, Ханс Циммер коммерциялық сазгердің короліне айналғандықтан, тректерін бірінен бірін айыру қиындау болып келеді. «Кариб теңізінің қарақшыларында» да Циммердің есте қаларлық сазы болмады.      Соншалық сынап алып, өзім осы мультикке екі рет барыппын. Сондықтан, барыңыздар! 150 млн-дық бюджетін ақтауға үлес қосыңыздар, ең болмаса)))

Advertisements

30 comments on “«Ішкі тыныштықтың» ішірткісі

  1. «Тачкиді» көрсетіп қойды ма? Көріп болған соң, не туралы екенін толық айтпасаң да болар еді. Әйтпесе, бәрін сеннен оқып алған соң, көрген қызықсыз болып қалатын тәрізді 🙂

    Бұл мультқа бармаймын деп шештім. Сонда басты жеткізгісі келген ойы не болыпты?

  2. Ана «жүректің мәселесі» бір күні «Не панда По, не мен!» деп мәселені төтесінен қоятынына сенімдімін:))

      • Баяғыда бір жігіт жұмысына көзі көгеріп келіпті. Жанындағылар сұраса: «Шындықты бетке айтатын жігіттерміз ғой» депті. Сөйтсе, әйеліне күңікілдеп сөйлегенде оқтаумен бір перген екен… хаха

        Қхммм., очм. Алғаныңның табиғаты шын әйел болса, түбі қояды «жүрегіңнің мәселесі»:)))

  3. Тачкилерді осы айдың аяғында көрсетеді, шамасы. Панданың не істегенін, сюжетін айтқан жоқпын ғой)))) басты ойы негізі Лорд Шен деген тауыс қытайды қырып жойған соң, Панда мен оның бес досы жорыққа шығады, сондағы қызығы, бастысы әке-шешесін іздеуі, кім екенін тануға ұмтылғаны.. сондай очм, көру керек

  4. Мағанда ұнағаны Поның кішкентай кезі, әсіресе мамасы тастап кетіп бара жатқанда көзімнен жас шығып кетті :).

    • Ол күнге де жетерміз.. бірақ батыстық студиялардың даму қарқынына қарап, қорқып кетесің осы күні, ұшып барады ғой Құдай салмасын

  5. а мынауың жақсы екен. Әйтпесе өткендегің рецензия емес мазмұнын айтып шығу болып ед, Мынауың жарап кетті

  6. «Кунгфу панданың» бірінші бөлімінде Угвэй ұстаздың гүл жапырақтарына айналып кететін жеріндегі музыкасы қатты ұнайды: http://youtu.be/YVYQcGQpyoM

    Тыңдап көр, Өреке 🙂

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s