«Айналайын» ба, «айналмайын» ба?


Жүрек бабымен Алматыға жиі барып жүрмін. Сондай суыт жүрістің бірінде Әділ Бек Қабамен бір купеге түсіп қалыппын. Әйгілі «Мыңнан бір мезеттің» бас редакторы, қаламы қызық іздеген Әдекең ғой… әңгімеден жіберді. Ақ костюм киген қалпында адамның түсіне кіргені, көшпелі алтын, Жезтырнақ – одан да не айтылмады десеңізші? Очм, айтылғанның азы ғана есте қалыпты. Мысалы, «Айналайын» сөзі. Әділбек ағамыздың пәленшесінші атасы Қаба деген кісі

қырғыз бен қазақ арасында беделі жоғары би болыпты. Үлкен дауды шешіп, үйіне қайтып келе жатқанда Қаба атамыз қатты ауырса керек. Шамасы, бақталастары дуалап, өлтірмекке бел байлапты. Содан не дейсіз, атамыз жолда өлуге жақындайды. Соны естіп, Қабаны қатты құрметтейтін бек ағамыз алдындағы асын тастап, асыққаннан атына ер салмастан, жайдақ шауып кетеді.  Алдынан тосып алып, «Мен өлсем, артымда балаларым жетім қалар. Сен өлсең, артында бүкіл елің жетім қалады. Мен сені айналайын, бүкіл кесапатыңды мен алайын» деп кісесін мойнына салып, Қабаны үш қайтара айналып шығады. Арада үш күн өткенде әлгі бек қайтыс болып, атамыз ауруынан құлан-таза айығып кетіпті. «Сондықтан, «айналайын» сөзін қазақ ең жақын адамына айтатын болған. Айналайын деген сенің бойындағы сырқатты мен алайын, қасіретіңді мен көрейін деген мағына берген» дейді мистик ағамыз. Аң-таң қалыппын.

Әрине, бұл жердегі әңгіме жын-перілердің қатысынсыз емес шығар. Басқалай бұны түсіндіру де қиын. Бірақ, мен үшін қызық болды-ей…. Сіздер қалай ойлайсыздар?      

Advertisements

39 comments on “«Айналайын» ба, «айналмайын» ба?

  1. Маған осындай әңгімелер өте қатты ұнайды. Себебін білмеймін. Бәлкім, анашымның әңгімелері ертегі, мысал әңгімелерден тұрғандықтан болар. (Сосын ол кісі адам айналып жүгіргенімді ұнатпайтыны да есіме түсіп отыр). Қазақ сөзге мән берген ғой, осы сөздің түп-төркіні солай дегенге сенем. өзі өзегіңді сурып тұрып айтуға тиісті сөз ғой (деп ойлаймын)

  2. Қаба қазақтың Стивен Кингі десек те болар )) МБМ оқып алып ұйықтай алмай дөңбекшіп жатушы едік бала кезімізде )) сол әңгімелердегі жын ба әлде шын ба оны әлі ешкім зерттемепті )) ертегі деген ертегі ғой негізі

    • Иә, МБМ бәріміздің балалық кезіміздегі сүйіп әрі қорқып отырып оқитын қосымшамыз болды ғой, ондағы біраз әңгімелер әлі есімде. Қаба расында Кингке тұспалдас, тек барлық жұмысынан босатып, осындай тылсымды зерттеуге тұсап қойса ғой, шіркін! Діннен де хабары көп!

  3. Қазақ сөздерін әркім өз аталары мен бабаларына тели берсе, не болмақпыз? Ойдан шығарылған нәрсе…мәселен мен былай» «бөссем» болады… Баяғыда Шерім бабам жолда келе жатыпты. Оны көре алмастар үзеңгісіне у жағып жіберген екен. Өлейін деп келе жатады. Ол кезде ауруханаға хабарлай қоятын сотка жоқ. Содан, өзіне ғашық болып жүрген байдың бір сұлу қызы алдынан шығып, «жаным, сен менің жанымсың, сен өлгенше, мен өлейін» деп үш рет айналып, үш рет құшақтапты да, үш күннен кейін комада жатып өліп қалыпты. Шерім бабам тірі қалыпты. Жаным сөзі содан қалса керек… Сенесіз бе?

  4. Осы «айналайын» деген сөзді ең көп айтатын адам Үмбетбай Уайдин шығар. Ол кісі бәріне «айналайын» деп сөйлейді ғой. Бұрын «ағай жұмаққа без очередь баратын шығар» деп күлетін едік, қазір расымен де солай-ау деп мойындайтын болыппыз. Әрине, Құдай кешірсін…

  5. Әбекең дегендердің көбісі соға береді@ Әбіләкім.
    Мұхтар аға жақсы мысал келтірген екен)))))
    ал,
    Жүрек,жүрек оның жөні бөлек тым
    Керек емес басқа дәлел деректің…

  6. ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou
    ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou
    ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou
    ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou
    ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou
    ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou
    ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ http://bit.ly/kwRpou

  7. сонда Әбекеңнің атасыннан бұрын қазақтар «Айналайын!»деп айтпаған ба?мұнсы қызықты әңгіме екен!алайда «қуып кеткен» әңгіме екен!хе хе

  8. Шындыққа жанасатын аңыз екен. Айналайын деген сөзді, мұқасынменде, жақсылығымен де айтамыз ғой., мен Қабаны айналып, ауруын алған кісіге риза болып отырмын, қазір «өлмесең, өмірем қап» дейді ғой.

  9. Иншаллах, этнография деректеріне суйенсек – казактар (жане онын аргы ата-бабалар) моланы Кагбаны айналгандай тауап етіп, айналатын болган, сондыктан да «аруагыннан айналайын» деген соз тіркесі калган. Арине, акикатында бул исламга дейінгі нанымнан калган теріс арекеттер, ал казіргі «айналайын» соз»н»н магынасы арине еркелету, жакын тарту магынасында айтылып жатады, иншаллах, онын окасы жок кой! Аныгын Аллах біледі!

  10. Айналайын деген сөз содан шығыпты дегенді ойлап тапқан осыны жазған адамның өзі ғой. Онда мен де болғанмын, Ол кісі «Сен өлгенше мен өлейін, садақаң болайын деп үш рет деп айналыпты, үш күннен соң Қаба дін аман жазылып, Садақа болған болыс қайтыс болыпты. Ел үшін жүрген азаматтарына садақа бола алатын шенунік бар ма бұл күнде деген

  11. Бас десе, құлақ деп. Сөзді мән беріп тыңдамағансың ғой сен әлде бұрмалап жатырсың ба? Тереңірек үңіл Және де ол әңгімені баяғыдан ел айтып жүр емес пе. Мен де ондайға сенбейтін адамның бірі болатынмын. Бірақ өз басыңнан өткен кезде ғана түсінесің Сондықтан бауырым білмесең жазып не керек. Ал Әдекең жайдан-жай бос әңгіме айтпайды. Осы есіңде болсын.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s