«Балам» бірге толды!


«Виртуальды бала». Бала демей немене, бар уақытыңды алады, біреу тиіседі, біреудің көзі өтеді екен, жаялығын ауыстырып, жаңартып отырмасаң, тағы болмайды. 2010 жылдың 28 мамырында жарық дүниеге келген блогым бүгін бір жасқа келіп қалыпты.

Сол күні «Қазақы катарсис» деген мақаламды салсам, осы құттықтауыммен блогымда барлығы 202 жазба жарияланыпты. 75 500 рет қаралып, 3 050 пікір жазылыпты. Жұрт 682 рет «Өркеннің өрнегі» деген сөзді іздеп келсе, «Ғашық жүрек коктейльі» 3 793 рет оқылып, хит болып тұрғанын несіне жасырайын… 777 ілмек салыппын, 11 бөлім жазыппын деп жыртылып отырғанда, соңғы кездері сылбыр тартып, блогымның бақырып-шақырғанына қарамай, сапарлатып, сезімге бой алдырып, сылтау іздеп жүріп қалғанымды мойындаймын. Алайда, алдағы маусымда осы қарқынды ұстап түруға уәде етемін.

Сондықтан, осы кезге дейін блогымды оқып, пікір жазып, қуаттап, қолдап келген оқырмандарға алғыстан басқа айтарым жоқ!   

Advertisements

47 comments on “«Балам» бірге толды!

    • Махаббат мекені, әрине «Мінбер» ғой.. бұл осымен үшінші рет ашқан блогым ғой, ендігәрі тастамаспын деген ниеттемін, иншалла

  1. Балаңыздың туған күні құтты болсын!ОБүгінде ол бәрімізге ортақ балақай болып отыр ғой…))) Жазар дүниеңіз көбейсін!

  2. Ал,Өреке, біздің құттықтауды да шын жүректен қабыл ал. Қаламыңнан туған небір қызықты дүниелеріңмен оқырмандарыңды сусындата бер!

  3. «Балам, бірге толдың. Ел жүгін арқалайтын азамат болдың! » деген ақылды тыңдайтын жасқа жетіпті ғой Өркеннің өрнегі де :). Бірақ бұл блог ол әңгімені туа сала орындап жүрген сияқты, тіпті талайлар Өркенегродан тәлім алғанын да айтып жүреді. Құтты болсын, Өркен! Өркенегро қазақы бағытта дами берсін!!!

  4. Ал, Өркен, құтты болсын!!! «Балаңның» ғұмыр жасы ұзақ болсын.
    Сенен тек жақсы жазбалар күтеміз!

  5. «Бүгін сенің туған күнің балапаным, БЛОГЫМ» деп әндететін уақыт жетті сізге Өркен аға)))))))))))) Құттықтаймын шын жүректен!!!!

  6. Happy birthday, then, to you «child»!!! wish him and you all the happy dust that could possible be on this earth!!! dep aityp koian baska comments ten erekshe bolsyn dep, birak in Eng bolsa da, shyn jurekten 🙂

  7. Салем, Өркен, балаңның бір жасы құтты болсын! Осындайда балаңа өмір сыйлауға себепші болған «Мінберді» де аузыңа бір алып қойсаң.

  8. Барлықтарыңызға үлкен-үлкен рахмет! Есенгүл әпке, постым Тотыныкыне ұқсап кетпесін деп әдейі «Мінберді» қоспап едім… Әйтпесе, сіздер ғой біздің көзді ашқан

  9. Ok. Рахмет, балаң ғұмырлы болсын, өзің өмірлі бол, өмірің мағына мен мәнге толсын.

  10. bloginizdin otken tuylgan kuni kutti bolsyn,kew kuttyktaganymdy aiypka buyrmaniz bugin gana kirdim,bloginiz winimen de ote keremet eken,budan kein de kazak elin ademi azil men wingirgan windikka toly wiraily makalalrinizben kuantyp jure beriniz

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s