Смағұл Сәдуақасұлының күлін жерледі


Алаш ардақтысының мәйіт күлінің елге алып келгеніне төрт айға таяғанда барып, жер қойнауына берілді. Қасиетті жұмада, сағат он болмай Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде астаналық элитаның аздаған өкілі жиналып қалыпты. Нұрлан Өтешовтен Тоқтар Әубәкіровке, Әлихан Бәйменовтен Жарасбай Сүлейменовке дейінгі марқасқаның мың сан сұрыпы осында жүр. Көз қуанды…. Бар жоғы 33 жыл жасаған атамыз 20 жасында қазақ жастарының көсемі, 25 жасында ағарту министрі болған, тұңғыш қазақ театрының негізін қалап, Мұхтар Әуезов секілді ол кезде жас оғландардың шығармашыларын орыс тіліне аударып, демеушілік жасаған… Тізе берсек, ғұмыр талайы аз болғанмен, көп істі дегдітіп кеткен екен. Сонымен, мешітте Құран оқып, осыған дейін Дон зиратханасында сақталып келген күлін алып шығып, Астраханкадағы (Бөгенбай батыр даңғылының бойындағы) мұсылман қорымына апарып қойды. Бір уыс топырағын салып, Құранға бет сипап, бас имам, кешіріңіз бас әкім Иманғали Тасмағамбетовтың әңгімесіне аз-маз құлақ салдық. Әрине, әбүйір ғой, қала әкімі келіпті, әне Тұрсын Жұртбай жүр, Амангелді Момышев, Уәлихан Қайсаров, Қуаныш Сұлтановтар да қалмай келіпті. Бірақ, Смағұл атамызға бұйырған тоқымдай жер ұнамады. Топырақтың құрамы, гумус-сумусы емес, тура іргесінде қызыл әскерге қойылған сұсты ескерткіш селбиіп тұр. Бұрын бұл ескерткіш қазіргі Президент мұражайы жақта тұрған деседі. Айтпақшы, Имекең осы орынды таңдарда жолға жақын болғанымен әрі Азаматтық соғыста мүрдем кеткен қазақ жауынгерлерімен бір дәуірдің азаматтары болған соң, қасында жатсын деген ой болғанын айтты. Сәл-пәл қағыс естісем, сорри. Сонда Смағұл атамыз «қайтыс болсам, қызыл әскердің қасыңа қойындар» деп аманаттамаған шығар.

Әй-әй, Ғалия медресесін бітірген әкесі Сәдуақас хазіреттен білім алып, Әбіл молданың мектебінде дәріс тыңдаған атамыз қабірін ескерткіш көлеңкесі басып тұрарын білді ме екен?  

Суретті түсірген: Ө.К-ей

Advertisements

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s