«Мал бағу үшін мал болу керек»


Бүгін поштама екі материал келіп түсті. «Менің ғана» деп мақтанбай-ақ қояйын, тағы тоғыз адамның электрондық торабына жіберіпті. Әбжілдік танытып, «әркімдікі өзіне» деп осы блогымнан ойып тұрып орын беріп отырмын. Апторы – Батырхан Аязбаев. Алғашқысы Смағұл атамыздың күлін жерлеудегі көлеңкелі тұстар жайында. Мысалы, мәйіттің

жаназа намазы оқылмай мешіттен шығарылғанын, оны шығарып алып, бір сағат далада Иманғалиды күттіріп қойғанын жақсы байқаған екен. Біраз газет-жорналдан тілшілер келгенімен, ақпарат шығармағандарына қарап, Мәулен Әшімбаевтың тиымы болды депті. Қайдам, біздің «Халық сөзі» ертең басады бұл жайында… Мен де басып қойдым 🙂 Жарайды, екінші материал ауыл шаруашылығының ахуалы жайлы. Оқып, ой қосып көріңіздер!

Бұл қазақтың аталы сөзін ауыл шаруашылығы саласын басқарып отырғандарға қаратып айтуға болады. Себебі, мал бағып, бақша егіп көрмегендер ауыл шаруашылығын қалай басқара алады? Соңғы уақытта осы тектес азаматтар басқаруға үйірсек болғандықтан да, ауыл шаруашылығы шатқаяқтап барады. Кезінде малдың бас саны жағынан әлемдегі алғашқы бестікке кірсек, ендігі жағдайымыз шетелден мал сатып алуға жарайды. Сондықтан, малдың бас санын көбейту үшін бұрынғы кездердегідей мал бағып өскен, тәжірибесі мол азаматтарды басшылыққа әкеліп, ал қазіргі жетекшілерді мал бақтыру үшін «Ауылға дипломмен» деп айдау қажет. Әйтпесе, бұл саламыз 20 жыл бойы дамымағанымен, осылай дамымай қала бермек.

Факті керек пе, міне ресми мәліметтер: еліміз ет өнімділігі жағынан төмен көрсеткіште, яғни 1990 жылмен салыстырғанда етке өткізілген малдың орташа тірі салмағы 12,3%-ке төмендеді (310 келі), ал әлемдік стандарт бойынша бұл 500-520 келіге тең.

Шетелден әкелінген мал басы етті мал шаруашылығының асыл тұқымды табынының негізін құрайды. Өткен жылы етті мол беретін ірі қара малдың герефорд және ангус тұқымдарын АҚШ-тан (Солтүстік Дакота штаты), Канададан әкелді. Жүйесіз мал жайылымы есебінен 26,4 млн. га жайылым тозған.

Сонымен, мал шаруашылығын дамытуға негізгі кедергілер:

1. Өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасына және көлеміне кері әсер ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірудің ұсақ тауарлылығы.

2. Жақын туыстық шағылысуға және генетикалық құндылығының төмендеуіне әкелген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының қалыс қалуы және жүйесінің болмауы;

3. Азық базасының төмендігі. 1 шартты басқа бүгінгі таңда 24 азық өлшемінен келсе, қажеттілік негізі 32 азық өлшемін құрайды. Сонымен қатар, азықтандыру рационы шырынды азықтардың болмауы есебінен құнарланбаған. Осы себепті, ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық әлеуеті толық негізде көрінбей жатыр;

4. Жайылымдық алқаптардың жүйесіз қолданылуы олардың тозуына әкелді;

5. Жайылымдарды суландыру жөнінде тиімді шаралардың болмауы;

6. Арнайы етті тұқымды мал санының аз болуы және асыл тұқымдық тұқымдардың қуаттылығының аз болуы. Бүгінде елімізде олардың жалпы саны 122 мың басты құрайды немесе 1990 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз. Ал асыл тұқымды малдың үлесі 5,6% құрайды, ал 1990 жылы бұл көрсеткіш 43%-ды құраған.

Шабындық алқаптардың шаруашылықтар арасында бөлініп кетуіне байланысты оларды қолдану жүйесі бұзылып, құрылымдық жағдайы өзгерді. Лиманды суарылатын шабындықтар алқабы 1991 жылдан бері 20% азайған, ал осы кезеңде жақсартылған шабындықтар 2,5 есе кеміді. Сонымен бірген, суланатын алқаптардың көлемі күрт азайып барады.
Шөлейт және шөлді жерлерде малды жүйесіз бағу нәтижесінде олардың көбі тозған. Тозған жайылымдар қатарына көпжылдық шөптер жайылымдардың біржылдық және улы шөптерге ауысқан алқаптары да жатады.

Бүгінгі таңда 188,4 млн. га жайылым алқаптан 70 млн. га ғана қолданылады. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Сонымен қатар, қолданылатын жайылым алқаптардың жартысынан көбі тозған. Мал басын мал азығымен қамту үшін 30 млн. га жайылымды 3,5 мың бұрын қолданылған құдықтарды қалпына келтіру есебінен қолданысқа енгізу қажет. Бұл ретте шахталы құдықтарды қалпына келтіру нақты жобаларды жүзеге асыру есебінен жүзеге асырылуы тиіс.

Азық өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі 2,5 мың гектар жердегі азық дақылдар аумағын қолданылмайтын жерлерді шаруашылық айналымына енгізу есебінен 5 мың гектарға жеткізу қажет.

 

Advertisements

9 comments on “«Мал бағу үшін мал болу керек»

  1. тақырыпты не үшін “Мал бағу үшін мал болу керек” деп қойғаныңызды бәрібір түсінбедім….өкінішке қарай

  2. Өркенің өссін Өркен- өрнегің өспесін деді жаңа бір қария. Неге дедім? Тақырыпты шыққан тегіне нағлет айтып қойған ба деді, жоқ аяғы қаладан салбырап түсіппа? Міне жаңа заманның шалдары солай деді достым. Мен өз ойымды емес екі ортада отырған делдалмын. Яғни ақсақал клавятураны рүшкеше қолдана алмағандықтан бастамасын жаздым. Досым болған соң бастан аяқ жазбадым, Тараз тілімен Терпила болғым да келмеді .

    • Осы мақаланы оқығанда алдындағы аннотация дегенге өзі назар аударасыздар ма? Анық қылып бұның басқа автордың мақаласы екенін жаздым ғой, тапқан тақырыбы осы болса, маған нә қыл дейсің, Айеке?

      • Кінә артып отырған жоқпын бауырым. Тек ақ сақалдын ренжісін жаздым. Енді міне сенен де таяқ алып отырмын.

  3. . Жайылымдарды суландыру жөнінде тиімді шаралардың болмауы;
    осы жеріне көп көңіл бөлінсе ғой, өзі аз суды үнемді пайдалана алмаймыз

  4. өзі аз суды үнемдей алмаймыз расында, әйтпесе Израйль қу тақыр жерге оазис жасап отыр ғой тамшылап суғарудың арқасында

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s