Фотожұмбақ: Ереже рәсімге қайшы ма?


Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде Теректі әулие кешені бар. Ежелгі кен өндіру орындары, көне мазарлар сақталған гранитті төбелердің бірінің жұрт арасындағы жалпақ атауы – «Сырғанақ».

Себебі, екі қолыңды тіремей, осы тастың үстінен төмен сырғанасаң, тілегенің орындалады деген сенім бар. Кім шығарғанын кім білсін, бірақ бұның қандай да бір ережеге қайшы болып тұрғаны болмаса… Ол қандай ереже болды екен?


Advertisements

15 comments on “Фотожұмбақ: Ереже рәсімге қайшы ма?

  1. Екі жардың арасындағы қуыстан өтсең күнәң төгіледі, құдықтан су шықса, кемшіліктен пәк боп шыға келесің, өтпелі тесіктен өте алсаң, тап таза боп шыға келесің дегенге ұқсайды екен. Мынау әлгі христиандық шіркеудегі әкей күнәңді кешіреді деген сияқты танымға қайшы, тіпті қисынға қиыспайтын дүние ғой.

    Тәуба ету мен күнәләрдан сақтану ғана ғой негізі шешім

  2. Тас пен тауға табыну ғылыми тілде фетишизм деп аталады. Мұсылман кейбір киелі тас пен таудың қасиетін біледі, бірақ оған табынбайды…Ал мына тасқа ойнап жүріп жәй әншейін қанша сырғанаса да болады…мәселе амалда емес, мәселе ниетте…
    жай қазақ мұндайға алаңдамайды, ал діндарсымақ неофит тәлібтер мұндайды көргенде қатты алаңдап, осы нәрсе шірік пе, шірік емес пе, осыны мына жұртқа айтып түсіндірсем бе түсіндірмесем де де көңілін күдіктің құрты жейді…

  3. Ондайға баратын адам әуелі Алла деп ниеттеніп барады. Тастың бірнәрсе беретіне ешкім де кепіл бола алмайды. Бірақ, тасқа бардым енді құдай береді деген сенімі нығаяды.

  4. «Бірақ, тасқа бардым енді құдай береді деген сенімі нығаяды.»***********************

    ұят-ай?! Сонда не, құдай сенің тасқа келіп сырғанауыңа қарап қапты ма?! Осы таң қалам да ше?! Анау Арыстанбабқа баратыны да, әулие аралайтыны да намаз оқымайды ғой?! АЛЛАға құлшылығы жоқ. Сөйте тұра, өзі қалағанды АЛЛ бермесе, через біреу арқылы тартып алам дегенді жасағысы келеді?!
    Ау Переводчик бауырым..(тәржіман)….»жай қазақ мұндайға алаңдамайды, ал діндарсымақ неофит тәлібтер мұндайды көргенде қатты алаңдап, осы нәрсе шірік пе, шірік емес пе, » -********************- мынау қай сасқаның?! Қаның қазақ! Қазақты машхар сотта жақсылардың қатарынан көргің келсе, әр қазақтың жұмақтық болуын қалап алаңдасаң не бопты?! Қайта ұлтқа жаның ашыса, бүгінін ғана емес, ертеңгі мәңгілігіне де алаңдауың тиіс емес пе?! Әлде саған бәрібір ме?! қазақ тозақы бола ма, жумақы бола ма?!

    • 5 сенде бір догматик тәлібсің-ау деймін…әр қазақты құтқармайақ өзіңді құтқарып ал әуелі

  5. Аллаға шірік қосқым келемеиді .Алла бір ол қақ.
    Бірақ ана тас тілегіңді орындап жатса қалыңдау шалбар кип ап неге сырғанамасқа ?))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s