Тоғызыншы мамыр кімнің тойы?


Биыл Отан қорғаушылар күнін Таразда, Жеңіс күнін Алматыда қарсы алдым. Содан мейрамның дуын сезініп, думанын көрейін деп 28 панфиловшылар саябағына барғам ғой. Жаңылыспаппын. Саябақ ішінде адамға соқтықпай жүру мүмкін емес. Жас та, кәрі де жадырап, құшағын қалампырға толтырып, бірін-бірі «С праздником» деп құттықтап-ақ жатыр. «Мейрамыңмен» десе, жүрекке дарымай ма, кім білсін. Содан не дейсің, «Даңқ» мемориалының артқы жағын ала бере үлкен-үлкен плакаттар іліп қойыпты. Қалаған адамын қуанышын

білдіріп, алғысын айтып па, әйтеуір бір тілек жазып кетуіне арнап қойған түрі. Жазылған тілектің дені – орысша. Жазғыштың басымы – қазақтың жас өркені. Екі ауыз сөйлемді құрай алмай тұрып, орысша жазбасаң, жеті атаңнан бері сыбап, сынық қадам жер басқызбайтындай үрей бар… «Позор» қате болса да, «поздравление» жазады. Былай қарағанда ауыз былғауға болмайтын дүние, я Хабаршы Мұрат айтқандай, «Рухани марғаулықтың көзге көрінбес синдромынан» басқа түк те емес. Қазақша жазғандары да бар ғой, бірақ әй біздің «балалық ауруынан» сыр алдырып қояды.

Бір ғана суретті алайықшы. Мұны жазған адам (оқушы дейікші) не туып-өскен топырағының анық атауын білмейді, не орфография дегеннен оңбай қателеседі. Қазақ болғанымен емес, қауым ішіндегі тайпа, тайпаны құраған руының атымен мақтанады. Азан шақырып қойған атынан гөрі интернеттегі никнэймі ыстық. Мұны да қойшы, Мәңгілік алаудың маңына жақындағанда, Георгий лентасын жағасына қыстырған жастар ұшыраса кетті. Біреу болса мейлі, біразы – «қазақ десең, тағы өзіне тиеді». «Хотите ленточку?» – «Жоқ». Менің үсті-басымды бір шолып, «мынау не деген нигилист» дегендей шамданыс көзінде шартылдап тұр.

Бұл жолақтың Георгий крестіне, орденіне қосымша сән екенін, Қасиетті Георгийдің өзі орыс аңызындағы үш мәрте өліп-тірілген қаһарман екенін «мың өліп, мың тірілген» қазақтың жасы қайдан білсін? Білсе, тақпас еді. Ар санар еді. Бұл жолақты Жеңістің нышаны ретінде Ресейдің жасы, адасып біздің орыс тақса да ағат емес. Бірақ, Георгий лентасы Қазақстандағы Жеңіс күнін атап өтудің атрибутикасы деп ашық белгілеп, бұйрық шығарған кім бар екен? Ал біз мұнда «Ұлы Отан соғысынан» бас тартып, әлемдегі «Екінші дүниежүзілік соғыс» деген атауына көшейік деп аттандап қоямыз-ау.

Аталмыш соғысқа азат қазақтың биігінен қарағандағы әділ бағасын беріп, атын қойып, амалын бекіткеніміз абзалырақ. Әйтпесе, жас ұрпақ «Ұлы Отанды» қойып, «Ұлы Ресей соғысының» жеңісін тойлауға тырысып жүр.


Advertisements

8 comments on “Тоғызыншы мамыр кімнің тойы?

  1. Оныңыз рас. Ресейліктер тіпті тек Ресейдің соғысы болғандай реңк беріп, Жеңісті өздеріне алып кетіп бара жатыр. Әрі бармай-ақ, кинематографтан да байқауға болады. Советтік деректі, көркем фильмдерде нұсқаумен болса да қазақ, өзбек, гүржі жүретін. Қазіргілерін тіпті қарауға ұят: майданға тек Мәскеудің тұрғындары қатысқан сыңайлы.

    • «майданға тек Мәскеудің тұрғындары қатысқан сыңайлы» қатырдыңыз Ереке)))) қазақ, өзбек или өліп кеткен я тылда отыр деп түсіндіретін шығар сценарийлерінде

  2. Өзімізден де бар «Мыналардың киносының қай жерінен қазақ атып шығар екен» демей-ақ кино түсірсек бізге кім қой десін?! Жас буын келе-келе бұл соғысқа қазақтардың да қатысқанын білмей кетуі мүмкін

    • Әбеке жөн сөз айтасың, әрі-беріден соң келешек ұрпақ Мәскеуді қазақтар қорғағанына сенбейтін болар. Көрсеткендерің құр қағаз, монохромды сурет деп, кино қайда, лента қайда десе, машқара ғой))))

  3. АЙ АГАЛАР?!ОРЫСША ЖАЗДЫ ДЕП НЕ АЙТЫП ОТЫРСЫЗДАР! АРАДАГЫ УРПАК САБАКТАСТЫГЫН ЖОГАЛТЫП ЕНДИ ЖАСТАРДЫ КИНАЛАЙДЫ. АГАШТЫ ДУРЫС КУТСЕ ТУЗУ ОСЕДИ. КУР СОЗДИН АДАМДАРЫМЫЗ ГОЙ! АБИЛАКИМ АГА АЙТПАКШЫ БИЗГЕ ЕШКИМ КИНО ТУСИРИП ИДЕОЛОГИЯНЫ КАЛЫПТАСТЫРСАК КОЙ ДЕП ЖАТКАН ЖОК КОЙ! СИЗ АВТОР СОЛ ЖЕРДИ ОСЫНЫН БАРИН КОРСЕНИЗ СОЛ ЖЕРДЕГИ БИР БАЛАГА ОСЫНЫН КАТЕ ЕКЕНИН ТУСИНДИРДИНИЗ БА АЛДЕ ИШТЕН ТЫНЫП КУР СОЗ УШИН КАГАЗ ШИМАЙЛАП ОТЫРСЫЗ БА?!ПОЗДРАВЛЯЮДЫ ОЛЖАС АГАМЫЗ БЕН ГАНИ АГАМЫЗДЫ АЙТАДЫ. АЛДЫМДА МАКТАНАТЫН АГАЛАРЫМНЫН ЖОК ЕКЕНИ ЖУРЕККЕ БАТАДЫ БАЛКИМ СОНДЫКТАН ДА НИКНЕЙМ ЫСТЫК ШЫГАР!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  4. Туу, ашуға басыпсыз ғой, аямаңыз әй.. Автор ма, ұрайық авторды)))) Ол жерде ұстап алып біреуге ақыл үйреткенімнен осы жерде отырып алып, мыңға мақала жазғаным әлдеқайда артық па деймін. Әйтпесе, Георгий ленталы жігіттерден жесек, бір таяқ жер едік та.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s