Астанада «жер сілкінді» ме?


«Жүрегіңнен қыл суырып, жан-дүниеннің шайырын қайнатады» деді біреуі. «Алматы үшін әктуал екен, көзіңнен сора ағызып, көңіліңді былқ-сылқ еткізіп босата салады» дегеннің де сөзін тыңдай салдық. Очм, «Жел сілкінісіне» бармасаң, бұ дүниенің бұла киносынан құр қалып бара жатқандай болдық қой енді… Бардым. Бірақ көре алған жоқпын. Жарты сағат ертелеп жеткенмен,

орын жоқ. Бұрын-сонды бұлай бетім қайтып көрсемші… Араға күн салып барсам, зал жабылып қалыпты деп зар илетіп барып, «ер кезегі үшіншісінде» ғана үлгердім. Астаналықтардың мына киноға мұнша қызыққанына қарап, ақырзаманшыл режиссер Роланд Эммерихтің «қытайский» туысы болар деп топшылағам. «Жер сілкінісінің» режиссері Фэн Сяоган арзан спецэффектілермен көз алдамай, от құсып, жер тырнамапты. Әрине, фильмнің алғашқы секундінен-ақ көзден жас сорғалайды дегенге сенбеңіз. Себебі, титрдегі Го Яньхун, Хай Чэн Жао, Хань Саньпин секілді есім-сойлар құлағыңызды қытықтап, езуіңізге еріксіз күлкі шақырады. Жарым минуттай жадырап алған соң, фильмнің алғашқы планы инеліктер миграциясынан басталады.

Қауіпті сезген миллиондаған инелік миллиондаған қытайлықтың көз алдынан ұшып өткенде үрейің ұшады. Аквариумдағы балықтар судан шоршып, жерге баспен қадалатын эпизод тағы бар. Қарап отырсаң, бір түйір миы жоқ балыққа қаталап өлуден жер сілкінісі қауіптірек… Қысқасы, фильмнің желісіне 1976 жылы Қытайдың Таншан қаласында болған жойқын жер апатында айрылысқан бір отбасының тағдыры алынған екен.

Сол отбасының мысалында-ақ, Таншан тажалы жұтқан 242 419 адамның қайғы-қасыретін жүрегіннің көзінен жіп өткізгендей етіп түсініп отырасыз. Бар-жоғы бес минуттай болған сілкініс экранда да бес минуттық хронометражға сыйып кеткен. Құлап жатқан үйінділерде қабырға тіреп тұрған қаһармандар жоқ. Бәрі бас-басына тентіреп, біреуі баласын, біреуі өзін сақтаумен әлек сіз бен біз секілді адамдар. Тұнған натурализм. Содан отағасы қаза тауып, жас жесірдің буыны қатпаған ұл мен қызын үйдің алып плитасы басып қалады. Екеуі де өлімші халде жатқанмен, құтқарушылар тек біреуін ғана аман алып қалуға болатынын айтады емес пе?

Себебі, плитаның бір бұрышын көтеріп қана қозғауға болады. Яки, біреуі аман қалып, келесісі сол ауыр салмақтың астында езіліп-жаншылуы керек по идее. Соры қайнаған ананың өмір бойы өксітіп өткізетін таңдау жасар сәтін айтсайшы… Мұндай таңдауды досың тұрмақ, дұшпаныңа тілемейсің. Ақырында «ұлымды құтқарыңдар» дегенінде, оның бұл сөзін шалажансар қызы да естіп жатады. Баланың бір қолын кесіп барып, құтқарса, өлдіге санаған қызы кейін тірі болып шығып, оны апат орнына келген құтқарушылардың бірі бауырына басады. Ал анасы ұлын өсіріп-жеткізеді. Қызын бақилық санап, қайғы жұтып жүргенінде 32 жылдың жүзі сырғып кетеді.

Бұл уақытта қызы оқуын бітіріп, абайсызда жүкті болып қалып, артынша баласын дүниеге әкеліп, Канадаға кетіп тынып, онда бір бағланмен қайта отау құрып… очм өмірдің ащы-тұщысын қатар көріп үлгереді. Бірақ баяғы «ұлымды құтқарыңдар» деген сөз қашанда құлағыңда шыңылдап кетпей қояды. Анасын кешіре алмайды. Сөйтіп жүргенде, 2008 жылдың жазында сол Таншанда қайтадан жер сілкінеді.

Әйтеуір, әлдебір сезім айдап әкелген қызы мен анасы, баласы баяғы үйінде кездесіп, фильм бақытты финалға ұласады. Содан да, фильмге халықаралық прокаттағы «Афтершок» деген атауы жарасымды болатын сияқты. Себебі, мұнда жер сілкінісіне маңыз бермей, одан кейін болатын оқиғаларды таратып көрсеткен ғой.  Әй, ресейлік прокат иелері де қу ғой…. «Жер сілкінісі» деп, көрерменге қарапайым ғана киноны блокбастер я фильм-апат ретінде ұсынамын деп ойлап тапқан қулықтары болса керек. Айтарым, актерлердің ойыны, оператор жұмысы, сазбен әрлеу сияқты аспектілер бойынша тағар кінә жоқ. 25 млн долларға ХХІ ғасырдың ең жойқын апатын экранизациялау деген оңай шаруа емес екенін білерсіздер. Оның үстіне өзін өзі қарғаумен өмір сүруді көрсеткен драматизмді қосыңыз. Бір қолын бетон астына тастаған ұлын жеткізіп, құтқара алмаған қызы үшін өзін жазықты сезінген адами қасыретке жаңаша көз тастаған фильмді шедевр дегім келмейді. Бірақ, жаман кино деп ешкім айтпайды. Сонда да дәл «Девдас», я «Мольбадағыдай» мені қайнау нүктесіне жеткізбеді (бір қайнауы кем болды, очм), көзге жас келіп тұрып, төгілмей кетіп қалды…

Мұнда Фэн мырза Кэмеронмен де, Эммерихпен де таласпайды. Оның өз ұлтына деген сүйіспеншілігі отбасылық құндылықтар турасындағы ойлы, тағлымды туындыға ұласқан екен. Сондықтан, реті келіп тұрса, «Жер сілкінісінен» қапы қалмаңыздар!

Advertisements

11 comments on “Астанада «жер сілкінді» ме?

  1. Өркееееен?????? Не мынау ойнамайм:(
    рецензия оқим деп келсем, мынау бүкіл киноның мазмұны ғой:(Бәрін айтып сүйегі мұжып лақтыру ғана қалыпты:))))
    уже көріп алдым сенің айтысыңмен ақ:)) Келесіде мынадай ғып жазбашы

  2. Бүгінмен үшінші күн қатарынан кино емес, шынайы өмірде болған жерсілкінісінің видеоларын қарап жүрміз. Қызық болғаннан емес, сейсмикалық қауіпті аудандардағы жобалауға рұқсат күәлігін алу үшін курста осындай көрсетіп жобалаушылардың зәресін алады, осыдан соң қатемен жобалап көр дегендей.
    Бүгін Армениядағы 1988 жылғы (7 желтоқсан) жер сілкінісінен соңғы үйіндінің астынан өліктерді шығаруын көріп, бетім қайтып қалды. Неменеге құрылысшы болдым деп отырмын (жылдан жылға көңілшек болып барамын-ау, осыдан 3 жыл бұрын көргенде жыламаған едім, бүгінгісінде көзімде тамшылар дөңгелектене бастап еді, қарамай қойдым).

  3. Маған кино ұнамады. Жер сілкінісін жақсы түсірген, бірақ, ары қарай қыртып кетті. Әлде мен сондай тасжүрекпін бе…

    • Тасжүрек емессің! Дәже мен, Девдастың 5 жеріне жылайтын мен бір тамшы көзіме жас алмадым, соған қарағанда сенің пікірің рас болып тұр

  4. Бұл киноны 2 рет көрдім…Бірінші 29 сәуірде көргенімде әбден жылап алганмын,кейін 1 мамыр күні Алматыда жер сілкінді.Содан қорқып, секемденіп қалғанмын.Жақында достарыммен тағы да киноға барғанмын, сеанстағы фильмдердің тізімінде осы кино тағы да тұр…Достарым қолка салып қоймаған соң, тағы да киноға кіріп жылап алдым әбден.))))Шынайы түсірілген, маған ұнады…Бірақ ,мұндай табиғи апаттар болмасын деп тілеймін жер бетінде.Алла сақтасын!

  5. Түнгі 12-00 дегі сеанс. Оның үстіне жұмыстан шаршап, сілем қатып барған соң.. маған ұзақтау әм дым слезливый көрінген шығар

  6. Бұл фильмді бірнеше рет көргенмін. Күштііііі! Қатты ұнады! Жалпы Қытай киноларын қатты ұнатамын, голливуд сияқты «дешевка» емес, терең философиялық мәні бар…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s