Жер кіндігіндегі жайнамаз. ІІ-бөлім


Меккеде үш күндей аялдаған соң, одан 450 шақырым жерде орналасқан Пайғамбарымыздың қаласы – Мәдинаға жолымыз түсті. Қасиетті қалалардың арасын жалғайтын жол тақтайдай тегіс. Бір жерінде ғана тоқтап, тынығып, тамақ ішуге болады. Содан ба, манаурап ұйқымыз келіп, есінеп жатқандар болды-ау, топбастаушымыз ескерту жасап тастады. «Сендер қазір тегіс жолда, жайлы автобуспен келе жатырсыңдар. Ал баяғы заманда

дәл осы жолмен, қиыршық тасқа табанын тіліп, жаяу-жалпылап, кейде атпен, кейде түйемен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мен оның сахабалары жүрген… Ең болмаса, дұға тілеп қойыңдар», – деді. Тілеп жатып, бір ұйықтап, бір оянып, араб тілінде «қала» мағысын беретін Мәдинаға да келіп жеттік. Біздің мәдениет, мәдениетті деген сөздеріміздің түбірі осыдан шықса керек. Меккеге қарағанда, көшелері сәнділеу, үйлері биіктеу көрінді.

Қонақүйге жайғасар-жайғаспастан, әл Мәсжид ән Нәбәуи мешітіне қарай аяндадық. Құдай жарылқағанда, қонақүй мен мешіттің арасы ары кетсе, 200 метрлік жол. «Жасыл күмбезді» Пайғамбар мешітінің қазіргі алып жатқан аумағы бұрынғы Мәдина шаһарының көлемімен теңескен. Осыдан-ақ, оның қаншалықты үлкен екенін көз алдыңызға елестете беріңіз. Әрбір патша өзінің билік құрған уақытының белгісі ретінде мешітті кеңейтіп, жаңартуға үлес қосқан. Әрі бұл бұрын-сонды болмаған технологиялармен жарақтанған заманауи мешіт те болып келеді. Сонылығы неде десеңіз, оның әрқайсысы 80 тонна салмақ тартатын күмбездері автоматты түрде ашылып-жабылады, мешіт ішіндегі ауа қысы-жазы бір қалыпты, әрі бұл жерге Мәдинаның қасындағы тау аңғарында соғатын салқын самалды арнайы бұрып әкеліп, мешіт ішіне айдайды. Мешіттің астында үш қабатты паркингі һәм дәретханалары жайғасқан. Мешіт сыртындағы алып қолшатырлар күннің ыстығы қайтқанда, жиырылып, «Аватардағы» анабір гүлдер сияқты жабылып қалады.

Жалпы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешітін зиярат ету қажылықтың міндетіне кірмейді. Бірақ, бара қалсаңыз – сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жатқан қабірді сыртынан қарауға ғана рұқсат. Сүюге, аймалауға болмайды. Солай істемекке ұмтылғандардың бір-екеуін күзетшілер қағып тастап, ескерту жасап тастады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабірі дегеніміз оның өмірінің соңғы жылдары тұрған үйі де. Содан оңға қарай Ислам тарихындағы ең ұлы халифалар Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) мен Омардың (Аллаһ оған разы болсын) қабірлері жатқандықтан, оларға да сәлем бере кету – сүннет. Одан ары… Бақиғ зираты. Мешіт жанындағы аумағы ат шаптырым қабірстанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері, қыздары, ұлы, жақын сахабалары, ансарлар, үшінші халифа Осман (Аллаһ оған разы болсын) жатыр.

Осы Пайғамбарымыздың мешітіндегі мінбер мен михрабтың маңайында «рауда» деп аталатын жер бар. Біздіңше, Жәннаттың бағы. Яки, қызыл жайнамаздан бояуы бөлегірек, ақшыл-көктеу жайнамазы бар кішігірім бөлменің көлеміндей ғана жерде 2 рәкат намаз оқысаң, Жәннаттың бағында намаз оқығанмен тең делінеді. Адамдардың сейілуін аңдып отырып, оны да қатырып тастадық)))). Осыдан-ақ, «Бақиғты» ең қасиетті қабірстан десек, артық болмайтын шығар. Бірақ, әр қабірдің басында қалақтай тас қойылған. Суреті тұрмақ, ешбір жазу жоқ. Міне, осындай ұлы адамдардың басында болып тұрып, о дүние мен ақырет жайында ойға батасың. Өлімнен кейінгі өмірдің жайы осы жерге келген әрбір адамның ойына бір рет болсын кіріп шығады.

Мәдинада бір күнге жетер-жетпес уақыт болғандықтан, барлық көрнекі орындарын аралап үлгере алмадық. Алайда, бір-екі жігіт жиналып, Ислам тарихындағы ең алғашқы мешіт саналатын Құба мешітіне барғанбыз. Себебі, Ибн Омардан риуаят етілген хадисте: «Кімде кім үйінен дәрет алып, одан кейін Құба мешітіне келіп, намаз оқыса, умраның сауабындай сауап алады», – делінген. Ең алғашқы мешіті біздің «Нұр Астана» мешітінен жаңа болмаса, көне емес. Жасамыстығын жасыру үшін жасалған жаңғырту жұмыстарында бір мін болсайшы!… Намаз оқып болған соң, Құба көшесін бойлай төрт сағаттай жаялап, қонақүйімізге келіп, құлай кеттік.

Шаржа.

Күту залында күту. Тағы да он екі сағат. Ұшаққа отыруға қомданып, құжат тексеру залына жақындай бергенде, алдымды бұтына тырыстырып шалбар киген қазақ қызы қиып кетті. Шамасы, Дубайдан сәтті шопинг жасаған ба, шат көңілді. Қасымда тұрған Балғымбек Имашев «Міне, саған Қазақстан басталды» деп күліп жіберді. Төрт-бес күн бойы игілік пен ізгіліктің теңізіне шомылып келіп, қайраңға лақтырып тасталғандай күй кештім ше. Мен де «Жиған-терген иманымыздың 50 пайызы кетті-ау» деп күлгендей болдым…

Қызық болсын…

Білсеңіздер, Меккеде де, Мәдинада да көше бойы толған америкалық көліктер. Алып «ДжиЭмСи» джиптерден бастап, әлдеқашан банкрот болған «Меркурий», «Сатурн» сияқты автолардың көптігіне алғашында қайран қалдым. Әрі барлық көліктің не бампері, не бір шеті кетіліп-сүрілген болып шығады. Себебі, екі көлік соқтығысып қалса да, ешкім біздегідей «МАЙ» шақырмайды. «Алла разылығы үшін» деген сөзбен «разводить» ете салады. Бағдаршамды бірер көшеден ғана байқадым. Америкаға ұқсас дейтін тағы бір тұсы – қайда барсаңыз да, қаптаған «МакДональдстер». «Бұл арабтардың асханасын көрейікші» деп қанша іздесек те, араб тұрмақ, басқа ұлттың асханасын таба алмадық. Ал жедел тамақ дайындау жерлерінде сол баяғы шаурма, сэндвич әм «Пепси»… Бірақ, бәрі – халал. Соған қарап, арабтар асты не үйінде ғана дайындайды, не жалқау деп ойға түйіп жаттық. Жалқау дегеннен шығады, бір ғұлама ағамыз «Арабтар бізге ұқсас. Мұражайларында біздің күбіні көресің, даласында сексеуіл өседі, тойға кешігіп барады, тамақты жақсы ішеді…» деп күлдіріп еді.

Естуімізше, Арабиядағы бензин бағасы, біздің теңгеге айналдырғанда – 17 теңге. Ал, 0,6 литрлік минералды суы 1,5 риал, тіптен 2 риал тұрады. Яки, 50-80 теңгедей деген сөз. Бензиннен су қымбат. Қос қаладан да тыныштықтың, қарапайымдылықтың лебі сезілгені былай тұрсын, сол аура баурап алады. Көшеде біреу сізді танымаса да, «Ассалаумағалейкум» деп амандасады. Бізде осылай бейтанысқа амандасып көр, «Каблукованың тұрғыны ма?» деп тырқылдап күліп кетер. Әйелдері түгел қара киімде. Басында көзге оғаш көрінсе де, кейін оған да үйренісіп кетеді екенсіз. Бастысы, әйел екен-ау мынау деп үсті-басына тесіліп қаратқызбайды.

Айтпақшы, қайда барсаң да әйелдердің аса сәпременный, ашық-шашық көйлектерін сататын дүкен көп. Мұны араб әйелдері үйінде, ерінің алдында сәнденіп киеді деседі. Қызығып, суретке түсіре беріппіз… көп енді, қайсыбірін жариялайын))))) Бұдан басқа да айтар дүниелер көп секілді. Әзірге осы болсын.


Advertisements

21 comments on “Жер кіндігіндегі жайнамаз. ІІ-бөлім

  1. Ниетіңіз қабыл болсын Өркен агау!!! Алла үлкен қажылыққа да жеткізгей!.. Көру мен көргенді бөлісу деген осы..оқып керемет бір әсерде отырмын. Рахмет!

  2. Арабтын әйелдері былайда ұлттық киімдерін киіп жүреді ғой, ал вешерній көйлектерін киіп, әдемі әшекейлерін тағынып тойға барғанда европалық бикештерің олардың жанында жіп есе алмай қалады деп естігенім бар)))

    • иә,иә Дарын дұрыс айтады, әйтеуір көйлектері қатты ұнады, бірақ бағасы да әжептеуір, біреуін сұрап едім – 2000 риял деді-ау, 80 000 теңгедей ме сондай

  3. Bir demde okyp wyktym! Keremet bayandagan ekensin! Super!!!

    Kazakhstan bastaldy degeni kuwti eken. Kulip aldym..

    Benzindi aitsai barinen! Daaa!

    Aitpkawy, andagy koilekterin toida, merekede kiedi. Olarda mereke eki zalda otedi eken, biri erkekter uwin, ekinwisi aielder uwin. Sonda arab aielderi ne kise de erikti eken :)))

    al AKWta bolganda bir mewitke bargan edik, endi mewit te emes, Islam ortalygy goi, sonda bir agai uagyz okydy, al ol kisi ketken son koooop arab aielder wewine bastady. Iwterindegi kiimderi endi super. Make up degen jarkyrap tur. Kasymdagy kyzben katty tan kalgan edik 🙂

  4. Өте әдемі жазыпсыз. Тіпті сіздермен бірге сапар шегіп келгендей болдық қой. Әйелдердін көйлегі шынымен әдемі екен.

  5. Нетіңіз қабыл болсын! Әрбір үмметке Алла тағала сабыр мен қанағат, мейірімділік пен адалдық беріп, нәпсіден қашық болуға жаза көрсін!

  6. Ассалаумағалейкум, Өркен! Осы бір жолжазбаңды қашан оқимын деп күтіп жүр ем. Жақсы екен. Алла қабыл етсін! Тамаша! Тоқтамай жаза бер.

    • Уағалейкумассалам, АҒабек! Сіздің жолжазбаңызға жетпейді тәлімдік жағы, мойындаймын, прикольмен озып кетті демесең)))))

  7. биздеги айелдер осы араб айелдеринен улги алса.. айтпесе бизде бари керисинше гой, кошеде ботен еркекти озине карату ушин ен адеми ашык-шашык киiмдерин киеди, уйге келсе алкам-салкам боп журеди типти куйеуинин жейдесин киiп алады. сосын куйеуи кимге карасын, кошеде елдин айелдеринин бари адеми, ал уйине келсе оз айели калай болса солай киiнген. осыдан зинакорлык деген басталады

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s