Фотожұмбақ: Бұл қоспаның не құдыреті бар?


Қытайлықтар тағамдық қоспаның жаңа түрін ойлап тауып, оны 45 юаньға бағалап, оже шығыс провинцияларында сатылымға шығарып жіберген көрінеді. Сонымен, бұл пастаның сұмдығы да сол,

алдыңыздағы доңыз етін әлдебір мақұлықтың (жарайды, мал дейікші) етіне әп сәтте айналдырып жібереді. Құдыретін жазып қойыппын-ау, бірақ тумысынан шошқа еті қай малдың еті болып кетуі мүмкін?

Аньхой, Цзянси және Фуцзянь провинциялардында сатуға шығарылған бұл паста доңыз етін сиыр етіне айналдырады. Дәмі мен түсі жағынан айырмасы болмай қалады. Себеп неде десеңіз, доңыз етінің бір келісі 26 юань, ал маринадталған сиыр еті 70 юань тұрады. Әлгі «сиыр пастасының» бір қапшығын ұтымды қолдансаңыз, мың юаньның үстінде (150 доллардай) пайда әкелуі мүмкін.




16 comments on “Фотожұмбақ: Бұл қоспаның не құдыреті бар?

  1. иттің етіне айналдырып жіберетін шығар!? Итті бізден қатты «суйетін» ел ғой! Біз 7 қазынаға қоссақ, ол қазанға қосады?!

  2. Мүмкін бұл жұмсартқыш қоспа шығар, мәселен доңыздың қатып қалған етін – жап-жас, жұп-жұмсақ торайдың етіне айналдырады, немесе есектің етіне, біздің жақта еті арам болғанмен, ол жақтың «ДЕЛИКАТЕСі» шығар))))))))))))

    • Ужс, бұл идеяңды қазақша білетін қытайлықтар оықып жүрмесін, сондай бәле қоспа жасап жүрсе тағы, сұрауы кімнен болады)))

  3. Ия. Өз баласын жейтіндерден бәрін күтуге болады. Алдында бір сайттан Ардабек Солдатбайдың «Ет жей отырыңыз…» деген мақаласын оқығам.

Leave a reply to Өркен Жауап беруден бас тарту