Осы да өнер дейсің бе, Өркен?


Бұлай деп біреу айтқан жоқ. Бірақ, «мына суретті неге түсіріп ең?» деп, соткамнан қызық іздегендер сұрап жатады. Неге-неге? Өнер үшін десем, Асылхан Әбдірайым, Шүкір Шахай сияқтылар шашымнан ұстап, іліп қояр. Шамам келгенде, шабытым қысқанда, қызық-ау дегенде… Еріктің ұлы Сони Сатиомен топ еткізіп түсіре берем, түсіре берем. Жақсы деген он жетісін қойсам,

о бида болмас 🙂 Бір машинаның бағасына тең Canon EOS 550D, я Canon 5D әзірге арман ғой, барға қанағат дейік…

«Парыз» ескерткіші. Нұрлы қала

Азиаданың алды. Алау

Ақ қала. Абай-Республика көшелерінің қиылысы

Тұман. Бір ағаларымыз бұны «Астананың ауа-райы жылып келеді» деп, жақсылыққа жорып жатты

«Хан Шатырдың» ұшы мұнартып, тұманнан көрінбей қалды

Көктемнің алғашқы шуағына жылынып тұрған мысықтар

Абай мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысы

Астананың көпқабатты үйлерінің қабырғасында осындай жазу қаптай бастады. Ерлан Оспанды көмекке шақырамыз!

Гүл-бәйтерек. «Көрме» залы

Наурызда ағаш егуші еді, бізде ағаштардың басын алып тастады

Астананың маңайындағы тоғай

Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлаудың нышан-эмблемасы. Мұндағы нөлді дизайнерлік мимен сызып-сызып тастағандай әсер қалдырады екен, тап бір бізге 20 емес, 2 жыл толғандай…

Біздің қаланың көшелерінде осындай әдемі гүлдер-фонариктер пайда болыпты

Осы сурет өзіме қатты ұнайды

Шығанақ стансасы


Advertisements

26 comments on “Осы да өнер дейсің бе, Өркен?

  1. Астана астана болғалы енді көрдім осы қаланы. Екі-үш рет шығып қойдық, өте әдемі қала екен. )) Суреттер әдемі ғой.

  2. Соңғы суретің соткамен түсіргенге ұқсамайды екен!!! Ғажап.

    Ағаштардың басын неге кескенін айтайын ба?
    Ол деген тополь ғой, пух шашпасын деп солай кесіп тастайды)))

    • Рахмет! Тополь дейсің бе, бұлар басқа ағаш сияқты еді, маған бір ешбір жапырақ шықпайтындай отап тастағандай болды да…

      • Жапырақтар шыққанда қандай, қаулап, қалың болады. Бұл емдік шара ғой және талдың өмір жасын ұзарту. Қызылордаға Баймаханов әкім болып келгенде жұмысын осы тал қырқудан бастаған еді 🙂

      • Тшанов облысқа әкім болып келгенде Тараздың талдарын қырқудан бастап еді жұмысын… бірнәрсені білген екен ғой онда

  3. З.Ы. Парыз ескерткіші қай жерде. Анау бір бірнәрсе жүрек деген бе, әлде бір басқа ма, әйтеуір жақсы адамдарға деп берілетін бір сый бар еді ғой. Соның көшірсмесі емес пе?

      • осы мен ба Астаналық, сен ба, Өркен ау? ))))

        Расымен, соның көшірмесі екен. Қызық негізі. Мен жуырда ғана махаббат алаңын, сондағы екі ғашық монументін көрдім. Қысқасы, Астананы жаңа көрген адам ұқсап)))

      • Ол Парыз ескетркіші емеееееес қооо. Ол «Алтын Жүрек» сыйлығының Астанадағы монументі.

      • Интернетте Парыз ескерткіші деп жазылған, анығын білмедім шыны керек,

      • Өркен, мен сөз берем, ол Алтын Жүрек монументі (зуб даю):-). Тұрғызылғанын өз көзіммен көргем.

  4. Осы Астанада «тополиный пухтан» аллергия бола ма? Әлде тек Алматыда ғана ма? Жалпы, Астанаға барған адамның аллергиясы кетіп қалады еген қаншалықты рас?..
    Ал, Өркен, суреттерің аса жаман емес. Өте жақсы емес дегім келгенін түсінген шығарсың)))) Сапасын айтамын… Бір машиненің құны болмаса да, арзан-құрзан, бірақ жақсы фотик алуға болады. «Алты градусқа» айтсаң, Жапониядан алып келеді)))

  5. Ал маған «Нұрлы қала» деген сөзіңіз қатты ұнап қалды, нені меңзеп, астарлап отырғаныңызды айтам. Астананың барлық жері «Нұрланып» бара жатыр ғой, НұрОрда(сондай куштііііііі мектеп бар екен), НұрБанк, НұрАстана, NURkz т.б.
    Ал анау «Бәйтеректің» көшірмесін де жақсы түсіріпсіз, қазір жан-жақтан Бәйтеректің братишкалары бой көтеріп жатыр ғой, бір ғана Жамбыл облысында қаншауы бар, тіпті мазардың басына да қоятын болыпты Бәйтеректі……….

  6. Шыны керек, Астанадан терек ұлпасын биыл байқамадым, әлде терегі аз ба? Әйтеуір, Таразда ой көктемде ұлпа деген киіміне жабысып, аузы-мұрыннан шықпай қоюшы еді)))) Иә, бұйырса Canon Eos 5D Mark II маркалы фотоаппарат алу арманымда))

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s