Қонаевтан материал келді…


Өркен қуып кетіпті демеңіз))) Өмірде емес, виртуалда Дінмұхамед Қонаев деген атты иеленген азаматтан материал түсті. Расында, бұл «Дана жол ынталы тобы» деген видимо ақылды жігіттердің бастамашыл ұйымы болса керек. Не де болса, материалдары бір оқып шығуға тұрарлық. Ойлы. Қызық. Тілі сәл ауыр, көлемі сәл көп болған соң, кешеуілдетіп жүргенде, «Қазақстандағы Монархиялық капитал

жүйесінің эволюциясы» деген атпен алғашқысы Абай кызыға шығып кетті. Екіншісі шығып кетіп, есем кетпей тұрғанда, осында салып отырмын. «Бұл қос мақала блогыңыздың танымалдылығын арттырады» дегені бар еді. Танымалдылығы құрысын, сіздердің бір кәделеріңізге жараса бопты…

Жер игерушілер мен көшпенділер.

 1. Ежелгі Қазақстан. Шамамен 1400-ші жылға дейінгі кезең.

Әр ұлттың өз қажеттіліктеріне қол жеткізу әдістері ұлттың болашақтағы жағдайы мен орнын анықтайды.

Шамамен 1400-ші жылға дейін көшпелі өркениеттер, жер өңдеушілермен салыстарғанда көлемі жағынан үлкен мемлекеттерді құра білді. Басқа елдерге жиі шабуылдар жасады.

Көшпенділер отырықшы елдердің территорияларын басып алып, бағындыра білді. Ал, отырықшы елдер көшпелі елдің жерін ұзақ уақыт ұстай алмады және басып ала алмады.

Неліктен көшпенділер жаңа аймақтарды басып алу тұрғысынан қарағанда ұтымдырақ болды?  Не себепті белгілі бір уақыт ағымынан соң, отырықшылардың экономикалық тұғырнамасы тиімдірек бола бастады? Жауап құпиясы шаруашылық әдісінде сақтаулы.

 1. Көшпенділер мен отырықшы елдердің шаруашылық әдістеріндегі негізгі айырмашылықтар.

 1.1. Жер өңдеу мен мал шаруашылығындағы ер азамат күшінің орны.

Көшпелілердің қорек көзі олардың отарларынан алынған ет пен өзге азық-түлік болды. Жылқылар мен қойларды өсіп-өндіру үшін қаншама ер азамат күші қажет? Бұл жұмыспен кәмелетке толмаған балалар немесе соғысқа лайық жас мөлшерінен шыққан қартаң кісілер немесе әйел шұғылдана алады. Яғни, көшпелі мемлекеттердің ер азаматтарының басым бөлігі соғысқа шақырылса, қалған әйелдер, балалар мен қариялар малды еш қиындықсыз баға алады. Нәтижесінде, ер азаматтардың басым бөлігінің соғысқа аттануы,  көшпелі шаруашылықтың төмендеуі мен ұлттың аштан қырылуына әкеліп соқтырмайды.

Отырықшылардың жағдайы өзгеше. Сол уақыттағы жер өңдеу технологиясының дамуымен мынандай жағдай қалыптасты. Азықтың басты көзі – жердегі еңбектен өндірілген өнімдер болды. Шаруалар тамақ көлемін жеке қолданысқа жеткілікті етіп және одан кішкене көбірек өндірді. Азықтың артық бөлігі қаладағы қажет тауарларға айырбасталып, әскерді қоса есептегендегі мемлекетті қаржыландыруға қажетті салық төлеуге жұмсалды. Сәйкесінше, егер отырықшы халықтың шаруаларының басым бөлігі әскерге шақырылса, онда қалған шаруалар халыққа қажет азық көлемін лайықты  мөлшерде өндіре алмағандықтан халық ашаршылыққа душар болды.

Шығындалған ер азамат күшін әйел күшімен ауыстыруға бола ма?

Көп жағдайларда бұл айырбас, егер ол мүмкін болған жағдайда өнім көлемінің төмендеуіне әкеледі. Әйелдің жерді қажетті тереңдікте қазуға мүмкіндігі болмайды, ал сол өнімді жинаған күнде әйел жинаған өнімнің үлес салмағы ер азамат жинанғаннан анағұрлым аз болады.

Мысалмен айқындайық. Қоғамда 100 адам өмір сүреді, осы қоғамда бар технологиялар жер шаруашылығынан 1,2 өнім алуға мүмкіндік береді. 1 өнім – бір адамға бір жыл көлемінде жететін орташа азық көлемі. Туындайтын сұрақ, осы қоғам аштықты сезінбеуі үшін қанша адамды азық өндірісінде ұстау қажет? Есептеп көрейік. Жауап 100/1,2 –ге 83 адам болады. Ал қалған 17-і адам өндірісте, ғылымда, мемлекетік жұмыста, яғни азық-түлік өндірмейтін салаларда, тек қана тұтынатын салаларда жұмыс істеуі мүмкін.

Көшпелілер қоғамында 100 адам тұрады, оның 12-сі ғана малдарынан алатын азық көлемін қамтамасыз етеді.

Енді көшпелі мемлекетте 1 000 адам тұрады, ал отырықшы қоғамда 5000 адам тұрады деп елестетейік. Онда көшпелі мемлекет  1 000 * 88 (100 -12)  880 адам әскерге жібере алады, ал отырықшы қоғам 5000 * 17 (100-83) 850 адам әскерге жібере алады.  Яғни, халық саны 5 есе артық болса да, отырықшылар әскері аз болды.

1.2. Негізгі мал.

Жерді өңдеу жүк тартушы бұқаларды немесе мықты тұлпарларды  қажет етеді. Ол жануарлар үлкен жылдамдықпен жүре алмайды және ерекше қоректендіруді қажет етеді, оған тек бір түрлі жеммен ғана қоректену өте қиын.

Шаруашылықтың көшпелі әдісі өзге малды қажет етеді. Алыс жерлерге бару үшін оларға жылдам әрі төзімді мал керек. Өйткені, көшпелі шаруашылық ұзақ және үнемі көшуді жоспарлайды. Сәйкесінше, шаруашылық әдісі көшпелілерге отырықшыларға қарағанда тез қозғалатын әскерді иеленуге мүмкіндік берді. Себебі, соғыста әскердің тез қозғалуы әрқашан маңызды мәнге ие, бұл көшпелілерге отырықшылармен қақтығысқанда тағы бір артықшылық берді.

1.3. Аумақты сақтап қалу мүмкіндігі

Отырықшыларға әскер үшін азық-түлікті тасымалдау керек немесе жаулап алынған аумақтарда нан өсіру қажет. Көшпелілерде отар малды әскерге жақынырақ әкелу ғана.

Отырықшылар көшпелілердің жаңа аумақтарын жаулап және сақтап қалу үшін, бұл аумақтарда жер шараушылығын құру немесе аумақты ұстап тұратын гарнизонға тамақ әкелуді ұйымдастыру керек еді. Ал көшпенлілерге отырықшылардың  аумақтарын ұстап қалу үшін өздерінің отар малдарын әскерге жақын етіп әкелсе болды. Аумақты жаулап алу мен ұстап қалудағы бұл айырмашылық отырықшылардың экономикалық негізіне қосымша ауыртпалық салып отырды.

1.4. Жер иелері мен малшылардың әскери дайындығы

Көшпелілердің шаруашылық әдісі олардың ер азаматтарына әскери дайындыққа  көбірек бос уақыт берді. Сондықтан көшпелілердің әскерге дайындығы отырықшыларға қарағанда озық үлгіде болды. Міне, негізгі артықшылықтардың себептері осында.

2.  Қазақстан шамамен 1400 жылдан Ресейге бағынғанға дейін.

Осыдан соң белгілі бір өзгерістер болып, көшпелі мемлекеттер отырықшылармен қақтығысында оларды жеңуге деген теориялық мүмкіндігінен айырылды. Көшпелі мемлекеттер өздерінің өмір сүруін қашан тоқтатып, өздігінен немесе жауланып алынғаннан кейін отырықшы мемлекеттерге айналады деген кезеңдік сұрақ пайда болды.

Көшпелілердің отырықшылар алдындағы мыңжылдық әскери артықшылығынан айырған бұл қандай өзгеріс болған? Бұл өзгерістер технологиялар (дұрысы, технологиялық секіріс) деп аталады. Отырықшылардың қалаларында жинақталған өндіріс адам еңбегінің барлық белгілі құралдарын жетілдіруді тоқтатпады. Олардың өндірісі жер технологиялары мен құралдарды жетілдірілген кезең де жетті, бір шаруа көбірек азық өндіруге мүмкіндік алды, және олар атыс қаруын ойлап тапты. Дәл осы кезеңнен бастап көшпелі түрдің жеңілу сұрағы және оның отырықшылықпен айырбасталуы тек уақыт еншісінде болды.

Көшпелілер әлемінің элитасы арасында  бірлік пен қажетті түпкі өзгерістерді яғни отырықшылыққа сыртқы араласу арқылы емес, ұлт күшімен көшіретін, қабілетті көшбасшы болмады. Сөйтіп, технологиялық дамыған отырықшы мемлекеттер көшпелі мемлекеттердің аумағын өздеріне күшпен қаратып алды. Сол себептен де Қазақстан Иранға емес, Ресейге тәуелді болып қалды.

3. Қазақстан Ресейге бағынған кезеңінен бастап көшпелі шаруашылық салтынан отырықшы шаруашылыққа өту кезеңі. Шамамен 1933 ж.

Көшпелі өмір салтының басым мөлшерде сақталуы өндіріс пен ол өндірістің қоғамдық өмірмен байланысты салаларында ұлтқа керекті білім алуын мүмкін қылмады.

4. Қазақстан 1933 жылдан бастап 1953 жылға дейін.

Көшпелі шаруашылықтың күшпен отырықшылыққа өтуі былай түсіндіріледі. Отырықшының өндіру қызметі көшпеліге қарағанда көбірек, яки қоғамға пайдалы тауарды отырықшы көбірек өндіреді. Сондықтан, Кеңес үкіметі көшпелі халықтарды күшпен отырықшылыққа көшіру туралы шешім қабылдайды. Сосын оларды кеңестік өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мен экспортқа шығарылатын нанды өсіруге пайдаланды. Олар отырықшы ауыл шаруашылығының өнімдерін қалай өсіру мен қалай өңдеуді, қалай сақтауды үйренді. Ұлт бұрын өзінде болмаған білім қорын алды. Қазақтардың келесі ұрпақтары жер шаруашылығының өнімдерін өңдеу шеберлігін толық қабылдап, олардың жердегі жұмыс тиімділігі отырықшы ұлттардың жұмыс тиімділігінен кем түспеді.

Қазақстан 1953 жылдан 1991 жылға дейін

Бұл кезеңнің мынадай міндеттері болды:

  1. Ауыл шаруашылығы, тауар өндірісінің көтерілуі.

Бұл кезең тауар өндіре алатын және сол саланы өркендете алатын білімі бар еңбек қолдарының көбеюін талап етті. Яғни, тек жеке қолданыс үшін ғана өндіру емес, ол тауарды айырбастау үшін керек болды. Жер өңдеу шаруашылығынан келген көшпелілердің алғашқы ұрпағы тиімділігі жағынан отырықшылардан артта болды. Еңбекке жарамды білімді жұмыс қолы жетіспегендіктен, КСРО үкіметі қысқа мерзімде астық пен өзге де өндіріс саласын дамыту үшін мамандарды өзге республикалардан жер аудару туралы шешім қабылдады. Бұл қадам астықты өңірлердегі қоныс аударған халықтың жергілікті халыққа қарағанда көбеюіне әкелді -Солтүстік және Шығыс Қазақстанда.

  1. Бүкіл кеңестік өндіріс көлемінде Қазақстанның табиғи қорларын пайдалану.

Өндірісте ұлттық инженерлік кадрлардың жетіспеушілігінен, КСРО үкіметі Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан мамандарды әкелуге шешім қабылдады. Сәйкесінше, қалыптаса бастаған Қазақстанның өндірістік қалаларында КСРО-ның Еуропалық бөлігінен келген жер аударушылардың саны артты. Ұлт бұрын өзінде болмаған жаңа білім қорын жинай бастайды.

3. КСРО-ның жалпы сұраныстары мен Қазақстандағы сұранысты қанағаттандыру үшін машина жасау кәсіпорындарды қалыптастыру. Ерте ме кеш пе, машина жасаудағы білімге ие қазақтардың саны қалалардағы этникалық топтардың пайыздық үлесін өзгертуге жеткілікті болар еді.

ұндай жағдай Венгрияда, Латвияда, Чехияда да болды. Әуелі олардың, қалаларында неміс ұлттарының саны артты, ал кейін өндірісте жергілікті халық кадрлары немістерді алмастырды.

КСРО-ның сақталған күнінің өзінде, қазақтар ерте ме кеш пе, қалаларда көбейе бастайтын еді. Себебі ұлттың ауыл шаруашылығынан  өндіріске ағылу үрдісін тоқтату мүмкін емес  екенін түсінген жөн.

Жылы

1937

1959

1970

1989

Қазақтар

2,181,520

2,787,000

4,234,000

6,535,000

Орыстар

1,917,623

3,972,000

5,522,000

6,228,000

Украиндар

549,859

761,000

933,000

896,000

Немістер

80,568

660,000

858,000

958,000

Белорустар

0

107,000

198,000

183,000

Еуропалықтар

2,548,050

5,500,000

7,511,000

8,265,000

Хал. өсім жылд.
Қазақтар

20.81%

51.92%

23.56%

Орыстар

62.32%

39.02%

3.96%

Еуропалықтар

70.49%

36.56%

3.70%

Қазақ-дың

орыст-дан асып түсуі

0.33

1.33

5.96

Жалпы еуропалықтардан

0.30

1.42

6.36

Яғни, 1970 жылдан бастап қазақтар санының өсуі, орыстардың және жалпы еуропалықтардың өсу санынан асып түсті. Ал 1989 жылы қазақтар санының өсуі орыстар мен жалпы европалықтардың өсуімен салыстырғанда 6 есе асып кетті.

Енді қалалық халықтың жыл сайын өсу қарқынын қарастырайық. Өйткені егер КСРО әрі қарай өз қызметін жалғастыра берсе қазақтар қалада көпшілік бөлігін құрамас еді деген ой пікір қалыптасқан.

Жылы

1970 1979 1989 1999
Қала халқы 6,582,924 7,912,466 9,182,636 8,377,303
қазақтар 1,132,473 1,656,390 2,488,903 3,615,519
өсу қарқыны 46% 50% 45%
Орыстар 3,833,615 4,445,482 4,668,979 3,443,646
өсу/азаю қарқ. 16% 5% -26%

Көрсетілген деректер қазақтардың өсу қарқыны, орыс халқының өсу қарқына қарағанда, 1979 жылы 3 есе, ал 1989 жылы 10 есе артық болғанын көрсетеді. Сәйкесінше, қазақтардың өзге ұлт өкілдерін ерте ме кеш пе өндіріс пен инженерлік істе ауыстыратыны анық бола бастайды. Салыстыру үшін тәуелсіз Қазақстандағы қазақтардың санының өсу жылдамдығын келтірейік

жылы 1989 1999 2001 2007
қазақтар 6,535 7,985 8,167 9,109
Хал. өсу жылд.
қазақтар 23.56% 22.19% 2.28% 2.21%

Көріп тұрғанымыздай, 2007 жылы қазақтардың өсу жылдамдығы 1989 жылға қарағанда 10 есе аз болған. Бұған себеп Ресей де, орыстар да емес екендігі белгілі. Бұған себеп: біздің еліміздің осал экономикалық негізі.

Қазақстан 1991 жылдан 2010 жылға дейін

Экономикалық негіздің ауысуына байланысты біз ұлт өзіне қажеттілігін өтейтін өнімдерді өз елінің зауыттарында өздері қамтамасыз еткен социализмнен, өзіндік өндіріс ұлттың тауарға деген сұранысының тек 10-30 %-ын қамтамасыз ететін феодалдық-буржуазиялық (Монархиялық капитал) жүйесіне көшіп, ұлт білімін жоғалта бастадық. Біз энергиялық блоктарды жасауды, атом комбинаттарын, жолдарды, жылу және электр жолдарды, темір жолдарды, жоғары тауарлы өндірісті ауыл шаруашылығында калай қамтамасыз ету керек екендігін және т.б. нәрселерді білдік.

Енді біз өндірісті күйреттік, соған орай, ұлт өзінде болған білімнен айырыла бастады. Ал ауылдан келіп, өндірістік кәсіпорындардан келесі деңгейдегі білім алып дамудың жоғары сатысына өткен ұлттың бір бөлігі, қалаға келіп өндіріс таппай, сол білім деңгейімен қала берді. Осылайша, біртіндеп білімнің сарқылуы жүрді. Осы процесс славяндықтардың жоқтығанан емес, өндірістің жоқтығынан пайда болды. Мұнда ұстанатын қағида – қазіргі  ұлттан поездарды, ұшақтарды, теледидарларды, автомашиналарды  және т.б. ойлап табу үшін білімді қазіргі экономикалық негіз қажет етпейді. Біреуде бұл білім кездейсоқ бар болса да, ол оны бұл жерде қолдана алмайды, сондықтан ол деградацияға ұшырайды (қолданыста жоқ білім ерте ме кеш пе жоғалады) немесе оның білімдерін тәжірибеде жүзеге асыратын елдерге кетіп қалады.

Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қоғамдағы қажеттіліктеріне қызмет етуі жайлы.

Иә, қазақ тілі көшпелілердің тілі ретінде қалыптасты. Бірақ бұл дегеніміз – қазақ тілі өндіріс пен ғылымда қолданыс таба алады деген мағына емес.

Мысалы, орыс тіліндегі шетел сөздерінің сөздігінде 25 000 аса сөз бар. Орыс тіліндегі үлкен білім қоры инженерияда, қаржы саласында, авиацияда және т.б. өзге тілден енген сөздерден қалыптасқан, өйткені оның орыс тілінде баламасы табылмаған. Бірақ бұл орыс инженерлеріне, тілдің алғашында икемсіздігіне қарамастан өз тілдерінде жаңалықтар мен ашылулар жасауына кедергі болған  жоқ. Егер тілдің түпкі нұсқасында, шетел тіліндегі сөздің баламасы дәл табылмаса, тілдің икемсіздігі туралы әңгіме айтатын адамдар бар. Олар қателеседі. Неге? Өйткені, білімнің  жаңа салаларында барлық жаңалықтарды тек бір өзі ғана жасаған ұлт жоқ. Түрлі ұлт өкілдері түрлі салаларда жаңалықтар ашты. Бұл жаңа білімдегі сөздерді тез қабылдай алатын және сол сөздерді өз тіліне бейімдеп, оны өз ұлтының арасында таратып, ұлттық шаруашылығында қолданысқа енгізген ұлт өзіне көбірек пайда алады. Қолданысқа енгізу неғұрлым тез болған сайын, бұл үрдіс оңай жүріп, бұл тілдің қолданылу шекарасы кеңейеді.

Тілдің ғұмыр кешуі, сол тілдің грамматикалық негізі сақталғанға дейін болатынын түсіну қажет. Егер тілдің грамматикалық негізін сақтап қалып, оған көптеген шетел сөздерін енгізсе, онда тіл өлмейді және ол күштірек әрі бәсекеге қабілетті болады.

Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің басты мәселелері:

  1. Білімнің жетіспеушілігі
  2. Жаңалық ашушы, ойланушы, өз білімін келесі ұрпаққа беруші, сол білімін тәжірибеде қазақ тілінде қолданатын, тілді алып жүрушілердің арасында жоқтығы.

Бұл екі мәселе былай шешіледі.

Бірінші – экономика, саясат, философия, география, биология, медицина және т.б. салалардағы маңызды еңбектерді қазақ тіліне аудару. Себебі, бүгінгі таңда егер адам тек қазақ тілін меңгерсе, ол бұл тілде неміске, американдыққа  немесе французға сәйкес білім деңгейін ала алмайды. Сол себептен  тек қазақ тілін білетін қазақ оған қажет білім деңгейі бар өзге тілдерді меңгеруге мәжбүр. Мұнда, сөзсіз, бұл еңбектердің аудармасын жүзеге асырушы адамдар сол тақырыпты түсінетін адамдар болуы қажет. Механикалық аударма мәселені шешпейді, ол тек жұмыс сұлбасын тудырады.

Екінші – көп мөлшерде тек ауылдарды қамтитын және әр жылы 9 сыныптан бастап оқушыларды шетелге оқуға жіберетін жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет.

Бірінші жылы олар сол ортада тіл меңгереді де, Швейцариядағы, Жапониядағы, Германиядағы мектептерді бітірген соң, сол елдің ЖОО – на түседі. Бірақ тек екі саладағы мамандықтарға: инженерлік және медициналық істе. Әрине кеткен 100 оқушының арасынан бір бөлігі елге қайтпайды, бір бөлігі емтиханнан құлап, бір бөлігі ішкілікке салынып кетеді. Бірақ, елге маман болып қайтып келетіндері де болады. Бұл ұлттық ғылыми-инженерлік мектептің қалыптасуының бастамасы болады.

Олардың алғашқы ағымы 6-7 жылдан келген кезге таман, біз өндірістік негізді жаңадан жасап дайындап қоюымыз керек. Әйпесе, келген мамандар білімдерін жоғалтады, не елден кетеді.

Егер жіберілетін оқушылар саны көп болса, жылына 10-15 мың оқушы, онда 7 жылдан соң біздің ел қазақ тілінде және олар мекендеген елдің тілінде ойлап тәжірибе жасайтын 15 мың инженерлер мен дәрігерлерге ие болады.
 

Advertisements

4 comments on “Қонаевтан материал келді…

  1. Дана жолдықтардың семинарына қатыстым, ойлары толық пісіп жетілген дей алмаймыз кез келген системаның кем кетіктері болады ғой, бірақ жалпы алғанда Қазақстандағы қазіргі ситуацияны әділетті түрде түсіндіріп бере алады..жақсы жігіттер..

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s