«Ликвидатордың» диагнозы – лағу


Тақырыптағы етістіктің тура да ауыспалы мағынасында айтарым осы. Иә, Сатаевтың соны туындысы қазақ киносының қалыбын жаңаша құяды. Бұрын-соңды болмаған беталыс әкеліп, «боебой» рухты бөпелеп тастайды… Сонда да, Сатаевтың осы кезге дейінгі кинографиясында маған бұл өтпелі, өткінші дүниедей көрінеді де тұрады. Сонымен, несі ұнамайды дейсіз ғой?

1) «Жақсы тақырып – жарты мақала«.

Кинотеатрға жұрт тартушы фактордың бірі сол киноның аты екенін жоққа шығармайсыз. Демек, Дольф Лундгреннің «Каратель», Арнольд Шварценеггердің «Стирательдеріне» тойып келіп, Айтжановтың «Ликвидаторын» көремін бе? Яки, фильмнің атауы бірден 80-90 жылдардың арзаңқол, оқтан құлағың тұнатын, ойыңды ойға қашыратын боевиктеріне ұқсатып жіберді де.  Айтпақшы, Чак Норристің де «Ликвидатор» (Агент) деген қырғын фильмі бар…

2) Соншалық сүйкімді Қарлығаштың ойынына қарап, қарным ашты. 2,5 ай камера алдында жүргізіп-тұрғызып, 65 сағаттық материал жинағанда, неөжели актрисаның актриса сияқты ойнаған жері табылмады, а? Айталық, Арсен (Берік Айтжанов) редакцияға келгенде, алдынан Қарлығаш шығып, ағасының қайтыс болғанына адам емес, ауласындағы тауық қайтыс болғандай көңіл айтады. Әй, оған ең сенімді адам ретінде ақырғы аманатын қалдырып кеткен әріптесі осындай болушы ма еді? Мен, мысалы сенбеймін. Сезім жағы солғын.

3) Сазандай «Мерстің» артынан сүліктей қара «БМВ» келіп қағады. Ибай-ау, «Мерстің» алдындағы үрмелі екеу, бүйіріндегі төртеу, я терезелеріндегі екі қауіпсіздік жастықшасының бір де біреуі ашылмайды ғой. Вердикт: не «Мерседес» айдауға аса қауіпті, не бұл техникалық ляп. Жарайды, бұның тырнақ астынан тас іздеу 🙂 екенін біліп тұрмын. Ал, анау лентаның әр тұсында «сумен келіп, бумен кететін» екі қарасақал ше? Соларды көрсеткен сайын Мэтт Деймон түскен «Менющие реальность» көз алдыма келе берді. Мұнда жазушы Филипп Дик қалпақты қарттарды Түзету бюросының қызметкерлері деп ақтап алғысы келді. Ал, «Ликвидатор» сценарисі Тимур Жақсылықовтың алибиі бойынша, қос шал азғырушы «үш әріп» болып шығады. Білмедім, бар жақсылығы сын айту болатын көрермен ретінде бұл элемент артық болды.

4) Идея. «Сатаев өзін-өзі қайталады» деген сөзді Қисық та, Әсия, Ерлан да бірінен соң бірі қайталап өтті. Жарайды, қайталау-ақ болсын. Сүйікті режиссерім С.Л.Бхансали «Навеки твоясын» 1999 жылы түсіріп алып, үш жылдан соң «Девдасын» таспалады. Камераны люстраның төбесінен айналдырып әкелуден бастап, бақытсыз махаббат идеясына дейін қайталады былай қарағанда. Немесе «Тьмадан» (2005) соң, былтыр «Мольбаға» ауыз салды дегендей. Еуродекорациясын алып келіпті деді. Мың жерден қайталады дегенмен, оның келесі фильмі алдыңғысынан әлдеқайда биік межені алып жатты. Біздің жағдайда «Қырып-жойғыш» «Адасқандардың» жанынан алыс кете алмады. Тек басқаша жазықтыққа проекцияланғаны болмаса…  «Ликвидаторда» көтерілген басты мәселе не еді? Тұлғалық ыдырау, я раздвоение личности. Тамаша тақырып иә, келісерсіздер? Бірақ, Дэвид Финчердің «Бойцовский клуб», Мартин Скорсезенің «Остров проклятых» деген фильмдері де осы тақырыпты қаузаған. Екеуі де ең-ең әсерлі фильмдердің қатарынан тұр.

«Ликвидатордың» да диагнозы – лағу. Бірақ, жоғарыда айтқан киноларымда Жақсылықовтың сценарийіндей емес, көрсетілімнен соң ешбір күмәнді сұрақ қалмайтындай етіп тігісі жатқызылып, теріне тері болып жабысардай үтіктелген еді. Мысалы, «Остров проклятыхтағы» бас қаһарман Лео ди Каприоның өн бойынан драматизм дегенің сасып тұрады 🙂 Алғашқы кадрден ақырғы үзікке дейін аяп отырасың, қолың жетсе, арқасынан қағып, Шахановтың «ақ көйлек кірлемейді деп кім айтты?» дегенін оқығың келіп отырады. Ал, Арсеннің (Берік Айтжановтың) анау жауызды фильм соңында өлтірейін деп жатып, көз алдына жыны бар, жақсысы бар, елестеп кеткенде барып арыстанша ақыратын тұсы бар. Болды. Сол тұста «тууу, обал болды-ау мына жігітке» деп қолыңызды шынтағыңызға дейін шайнап жібере жаздайсыз. Қалған жері кәдімгі атыс әм шабыс болғандықтан, кейіпкержандылық жоқ (Әсия білгірдің ескертуінен).

Арсеннің қояншық екені рас екен, онда неге осы кезге дейін істеген тірліктерінің бәрі терістелмейді? Неге барлығының жалған болғандығы аяғында анық болмайды? Осы енді. Қалған жағынан фильм озып тұр ғой. Чжан Имау, Санджай Бхансали, Дэвид Финчер, ағайынды Коэндердің пландарына үйреніп қалғанмын ба, Сатаевтың «секіргіш» камерасына шыдай алмадым. «Секіргіш» камера десең, Кэтрин Бигелоудың «Повелитель бури» деген киносын қайда қояды дерсіз. Ондағы операторлық жұмыстың орны бөлек, бекерге «Оскар» алды дейсіз бе? Очм, «Ликвидатор» ойымнан шықпады. Бірақ, бұдан Сатаев жаңылыса бастады деген ой тумаса керек. Ағамызға «Мың баланың» түсірілімінде толағай табыс әм сәттілік тілеп қояйық!

Advertisements

16 comments on “«Ликвидатордың» диагнозы – лағу

  1. Жақында Джеки Чанның «Маленький большой солдат» деген фильмін көрдім. Өте қызық. Ең маңыздысы оның айтқысы келген ойда керемет. Ликвидаторды әлі көрмедім. Ұнаған ұнамағанын сол кезде айтамын

    • Сол фильмге жете алмай жүрмін. Бірақ Чанның шау тартқан кездегі фильмдерін көру жүрегіме зорлық.. оны мәңгі жас қалпында көргім келеді

  2. Фильм маған да ұнамады(((. Сатаевтан терең дүние күткен едім. Бірақ фильмді қатты ұнатқан құрбымның «Неге ұнамады?» деген сұрағына нақты жауап айта алмаған едім. Жауапты сіз бергендей болдыңыз ғой, Өркен.

  3. Фильм маган да унаган жок. Отандык кинонын идеясы менин кокейиммен тогыса алмады. Тек актер Б.Айтжановты баска бир кырынан таныгандай болдым. Осы гана…

  4. Мен үшін сол «үш әріп-ті» екі шал көп ой салатын сияқты. Қазақстандық басқа киноларға қарағанда көш ілгері деп ойлаймын. Сосын енді ғана «тәй-тәй» басып жатқан қазақ киносын басқалармен салыстыруға келмейтін секілді…

  5. Қазақ киносы 2050 стратегиялық бағдарламасы болса мүмкін тәй тәйлеп жүріп кетерміз

    • Сол стратегиялық бағдарлама, ,бәлен-түген дегендер бос сөз, жай қағаз мен үшін. Онсыз-ақ ілгері дамуға болады. «Көш жүре келе түзеледі» дейді қазақ.

      • Бірақ мемлекеттен я жеке инвесторлардан мол ақша болса ғана масштабный кинолар түсіруге болады, әйтпесе есек жүріспен қаламыз

  6. Өркен өзің алдымен сондай фильм түсіріп ал жарайма, содан соң сынайсың өзгені.

    • Бауырым! Өркенге өпке айтудың қажеті шамалы! Бұл Өркеннің жұмысы! Жазуы керек! Аямай жазсын! Бізде сын жетіспейді! Керек пе Ақанның өзі жауап берсін! «Ликвидатор» фильмінің жалған, сапасыз дүние екендігін халықтың аузынан көп еститін болдық! Менде осындай ойдамын. Халықққа берері, пәлсапалық кемелі жоқ фильм! Еліміз осындай арзанқол идеялы фильмдерді қаржыландыра берсе, біз алысқа шаппаймыз! Бізге сұңғыла ойды режиссерлер керек!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s