Фотожұмбақ: Бұлардың құлшылығында қандай қателік бар?


Мәдине қаласы. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешіті (әл Мәсжид ән Нәбәуи). Мына азаматтардың бірі қолын жайып, дұға қылып, енді бірі намаз оқуға ниеттеніп тұрған сияқты… Бірақ, осы арада бір өрескел қателік бар. Кім бірінші байқар екен?

Сонымен, бұлар – шиғалар, болмаса шииттер.  Тура шаштарынан ұстағандай шырылдатып осылай айыптап жатсам, білімі бізден әлдеқайда көп ағалар солай деп сілтеген еді. Шииттердің сеніміне соқтықпай-ақ қояйын, бірақ дәл осы суретте кейбірі Пайғамбардың (с.ғ.с.) қабіріне қарап, дұға тілеп тұр. Қажылықтың анықтамасында да осы қателікті анық көрсетіп, бұның сүннетке қайшы келетінін, дұға тілегенде дұрысы Құбылаға қарау керегі жазылған. Дұғаны қойшы, Пайғамбардың қабіріне қаратып, намаз оқып жатқанын да байқадым біразының. Құбыла қайда, сонда? Мына суреттегідей, мысалы. 


Advertisements

45 comments on “Фотожұмбақ: Бұлардың құлшылығында қандай қателік бар?

  1. 1) айелдер мен еркектер араласып отырып алганы болар? шаригат бойынша еркектер алдын катарлар да ал айелдер арт жакта отыруы тиiс.

    2) намаз окып турган адамдардын алдынан баска адамдар кесип отип жаткан болар?

    3) дуганы Аллага емес пайгамбарга жасап жатыр? ягни тилегин пайгамбардан сурап жатыр? (бирак биз ешкимнин журесин ашып корген жокпыз гой. Гы-гы-гы)

  2. 1) біз үшін өрескел болғанымен, оларға өрескел емес яғни қателікке жатпайтын құлшылық.
    2) адамның арқасына қарап емес, бет-жүзіне қарсы қарап намаз оқу.
    3) жамағат бола тұра, жеке-жеке намаз оқу.
    4) Жалпы Мекке мен Мәдина жер беті мұсылмандарына ортақ құлшылық орны болғандықтан, бұл жерде ортақ тәртіп мәселесі шартты емес шығар (мазһаб, сенім, ғибадат мәселесінде).

  3. Бұл жерде оң жақта тұрған еркек намаз оқып жатқан секілді, алайда ол жүріп бара жатыр. отырған әйелдер дем алып отырғандарға ұқсайды. Біреуі ғана көкке қолын жайып дұға тілеп отыр.

  4. менім ойымша аягын кубылага созып ягни теуіп отырган айел, айелдермен бірге турган еркек. Кубыладан шатасып турган елдер. Кыскасы намаз окиын деп турган жок сиякты

  5. Мұндай ислам дінінің «жілігін шағып, майын ішкен» нағыз мамандары тұрғанда, менің бір нәрсе жазуымның өзі артық сияқты…

  6. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мешітіне қарай аяғын көсілткен әйел отыр осы ұлкен қате және оның алдындағысыда жырғап отырмаған екен.

    Менің ойымша ана көсілген әиел 17 құрсақ көтерген болып аяғы бүгілмей қалған..Соны жазып бер деп бұлданып отырған шығар…Сенбесең қара деп.)))

  7. meninshe, jasyl oramaldy aieldin kasynda otkan ak oramaldy aiel Kubylaga on jagyn berip otyr, odan baskalarynyn bari bit bagytka karap otkan sekildi.

    Kubylaga aiagyn berip otyruga bolady, eger namazdy turyp okuga shamasy kelmese, sol sebepti, ony bir ozgesge narse dep oilamaimyn.

  8. Күн тас төбеде, күн батып бара жатқанда, күн шығып келе жатқанда намаз оқыған мәһрүк болып саналады деуші еді. Сондай уақыттардың біріне дәл келмеген бе екен? деп ойлағаным ғой

  9. Ержан ағай дәл тапты. Екі аяғын құбылаға созып отырған әйел. Оған жанында отырған әйел таң қалып қарауда

  10. суретте қолын жайып дұға оқып отырған мен намаз оқиын деп жатқанды қайдан көріп тұрсыздар? Байқау қиын болып тұр )

  11. Өреке жауап қайда ? сен бала жауапты біржагына құрттың ғой дейім қарай қарай көзім талды ғой жауап ҚАЙДА ?

  12. Ореке жауап?!!?! А то мунда фитна болады?!?!? Аркім озінін айтканына имандай сенуді бастады!!! Сен оны каламайтын шыгарсын?!?!?!

  13. obaldet! Olarda mundai bar ma eken?
    Afganistandyk bir dosym bar edi, sol kisi aitatyn ondai jok, sunnittermen ote uksaspyz, tek kiwkene aiyrmawylyk dep. Eger mynau kiwkene bolsa, daaaau aiyrmawylyk kandai bolady eken, a?

    Kyzyk, kyzyk!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s