Шехерезаданың шаһарындамын


Барлықтарыңыз да «Мың бір түн» ертегісін біледі деген бек сенімдемін. Ең болмаса, «е-е, анау ма еді» деп басты ырғай-ырғай салуға ыңғайлы өзі. Ындыны келіп тұрған соң, ырлатқан жөнім емес, сол ертегіде ай десе мұрны бар Шехерезаданың қаласы делінетін шаһар бар.

Ол – Шарджа. Өзі Дубайдан он минут жерде орналасқан. Мына жазбаны сол қаланың айырпортынан жазып отырған жайым бар. 

Біріккен Араб әмірліктеріндегі ең бай қалаға қалтамды босатайын деген қаммен келген жоқпын. Бас бағдарымыз – қасиетті Мекке мен Мәдине, анық ниетіміз умра қажылықты атқару болғандықтан, жолшыбай осы жерге тоқтауымыз керек екен. Бір сөзбен, «пересадка». Келесі ұшақты күту үстіндеміз. Иә, Алла тағаланың қалауымен, «аһ» десе, ар жағынан жүрегі көрінетін ағаларымыздың қолдауымен айтыскері бар, ақын-жазушы, ішінде өзім сияқты жорналисі бар ағайын умраға ниеттеніп жүрген. Ақпанның аяғында аттанамыз дедік. Болмады. Билеті сай келсе де, визасынан шілік шығып, бір үшақ бос ұшып, бос қайтып дегендей, қызыл шығынға батып, бір шыққан деседі.

Одан кейін наурыз… очм, кеше, сәуірдің 13-інде, Алматының әуежайынан, «Эйр Арабияның» Айырбасынан мініп, жолға шығып кеттік. Төрт сағат, он минут дегенде Шарджаға келіп қондық. Шай-пайымызды ішіп, намазымызды оқып, ішінара ұйықтап, уағыз тыңдап дегендей, енді 11-12 сағат айырпортта аялдай тұруымыз керек. Ары қарай Джидда, одан әрі автобуспен Меккеге… деген сияқты маршрут жалғасып кете береді, бұйырса.

Айтпақшы, умраның үлкен қажылықтан айырмашылығы да сол, бұған жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Әрі Минада түнеу, Арафат тауында тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас ату секілді рәсімдер орындалмайды. Дегенмен, Алла тағаланың қасиетті еткен жерінде, Адам ата мен Хауа ана кездескен, Ибраһим пайғамбар (ғ.с) мен Исмайл пайғамбардың (ғ.с.) уағыз айтып, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген қаласында құлшылық қылу, жасаған күнәларына кешірім сұрап, тәубаңа келуге таптырмайтын тұс емес пе? Әрі десе, шетелге жасаған алғашқы сапарым осындай рухани зияраттан басталып тұр… Мұны да жақсы нышанға балай салайық.

Жарайды, көп сөзді көпіртіп қайтейін. Мүмкіндік болып жатса, жазып тұруға тырысамын!

Қазақ түгілі, дәже орысшаны қақпайтын стюардессаларға 5-шы сыныпта оқыған ағылшын граммикасын тексеріп көрдік. Жаман шықпаған сияқты, әр кофесіне 2 доллардан қағып алып кетті 🙂

Тереземіздің тұсынан осы бір қызыл қүс қалмай қойды)))))

Мына жігіт тәблияны не басқа бір дұғаны жаттап жатқан болар шамасы….

Шарджаның панорамасы

Ринат бауырымызбен бірге. Үстіміздегі жилетка қалың нөпірде адасып кетпеу үшін арнайы тігілген….

Мынау жәшік көзіме оттай басылғаны бар ма? Бес жылдай Тараздағы Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қоғамында жастар ұйымның жетекшісі болғаным есіме түсіп кеткені…

Қызық, ә! .«Ү» деген әрпіміз оларда кері төңкерілген Ү

Advertisements

70 comments on “Шехерезаданың шаһарындамын

  1. Мәссаған,мынау көзілдірік киген азамат алыс сапарға аттанып кетіпті ғой. Блогтағы жазбасының арқасында қыр соңынан біз де қалмай хабардар отыратын болдық. Сапар оңға бассын,Өреке! Аман-есен оралуыңа тілектеспін.

    • Рахмет, Тоты! Бұл бір ерекше сапар болды, қолымда интернет болса да, әсерімнен айыға алмай, ойымды бір қораға айдап кіргізе алмай отырған жайым бар. Иншалла, бөлек-бөлек қылып, 3-4 жазба салуды міндеттеп отырмын өзіме

  2. Машаллах, Өркен, ниетің қабыл болсын! Сен үшін қуаныштымын! Тек «ағаға» да, «жағаға» да емес, бір Аллаға ғана сеніп, арқа сүйесең болғаны)))
    Біз үшін де дұға қылғайсың.

    • Қап-ай а, мына жазбаңызды Қағбаға тауап еткеннен, Сафа мен Мәруаның арасында жүгіріп болған соң оқып отырғанымды -айййййй(((( Бірақ, барлық дос-жаран, аға-әпкелерімнің біліп және білмей істеген күнәларының Алла тағала тарапынан кешірілуін тілегенім рас. Ал сіз менің ең сүйікті әпкелерімнің бірісіз әм журналистикадағы шамшырағымызсыз ғой))))

  3. Ниетің қабыл болсын!!!
    Шарджаның әуе жайындағы д/фриден туыстарыңа құрма (финик) ала кел базарлыққа, ол «денсаулығың мықты болсын» деген ниетте берілетін сыйлық екен.

    • Құрманың әжуә деген сұрыпынан бір келі, басқасынан бір келі ғана алдым, бірақ негізгі миссиямыз құлшылық болғандықтан, базар аралаудың соблазнынан барынша бойды аулақ ұстауға тырыстық!

  4. Kabyl bolsyn!!!!!!!!!!!!

    Keremet! Biz jazbanda wetelge wykkym keledi degen sozderin esime tusip ketti, wyktyn goi ALLA dep :))))

    Jolyn bolsyn, aman esen oralynyzdar :)))

    p/s. Y degeni kyzyk eken wynymen 🙂

    • Тілегіңе рахмет, расында алғашқы сапарымның Арабиядан, дін тараған, пайғамбарларымыздың табанының ізі қалған жерден басталғаны да бір знак болды деп депті баяғыда біреу….. ))

  5. Ниет қабыл болсын…
    Бір өтініш «Мына жігіт тәблияны не басқа бір дұғаны жаттап жатқан болар шамасы….» осы жердегі «тәблия» сөзін тәлбия деп өзгертіп қойсаңыз дұрыс болар….. Дұрысы тәлбия еді.

  6. Ниеттерің қабыл болсын! Еліміздің, жалпы әлемнің тыныштығын тілеп қойыңдар. Жапониядағы жағдайды ютубтан көріп, жүргегім қатты түршігіп қалды. Жалпы адамзат үшін дұға етіп қойсаңдар…

  7. Аллах ниетінді кабыл етсін. аман есен орал. керемет екен жазбан. шетелге кеткім келіп кетті. бізде сенімен бірге блогыннын аркасында сапарлап калатын болдык. )))

  8. машааллах!!!Шет елге сапарын осылай Меккеден басталса, керемет емес пе?!?! Париж Рим деп реңімді өзгертіп, аңсарым аумаушы еді, егер Меккеге жолым тусер болса….. АЛЛАХ ниетінді кабыл еткей!

  9. Ниет қабыл болсын!

    ЭйрАрабияның осы тамақ жағы өте қымбат, өзіңмен тамақ алып жүрген жақсы жақсы ма деп қалдым.
    Ана күту залы жиырма бірінші есікке шығатын жер ме?
    Қалдықыз, д/фридегі заттары өте қымбат, ініме деп сексен у.е.-ге әтір алып жүрсем, бізде ол елу у.е. екен.

    • иә қымбат екені рас, оның үстіне доллардың курсы тиімсіздеу екен сол жерде :(((
      Алған затқа доллармен төлеп ұтылып қалдық 😦

      • 21-ау ұмытып қалыппын шыны керек, жалпы сервиіс жаман емес, тек қымбаттау демесеңіз

  10. осы сендердің әдеттерің жаман, кетейін деп жатырмын деп екі,үш мақала алдын айтып қоймайсыңдар – деп ұрсатын еді баяғыда…)))))
    Алла разы болсын бауырым, қабыл болғай. Адамзат боп осы әлемге келудегі мақсатты орындау, ол үлкен іс. Тағы бір парызың орындалды….

  11. Өркен, ниетің қабыл болғай! Алла тағала тілеген ниет-дұғаларыңды қабыл алғай! ИншАлла, кіші қажылықтан кейін үлкен қажылық парызын өтеуді амандықта нәсіп еткей!

  12. МашАллах! Қажылығыңыз қабыл болғай! Артта қалған бауырларыңыз бен еліңіз үшін дұға етуді ұмытпаңызшы!

  13. Иә, бір жапырақтың өзі Алланың қалауымен жерге түседі екен, біздің Өркен аға да Алланың бұйрығымен сонау жердің түбіне табанын тигізді. Сапарыңыз сәтті, ішкен зәмзәм суыңыз тәтті болсын! Айтпақшы, зәмзәм суын суретке түсіріп, блогқа қойыңызшы, ауыз тиейік)))))))))))))

  14. Қажыекеңдердің атын айтып тауыса алмай шатасатын болармыз. Сол күнді көруге жазсын дейік!

  15. Оркен, Алла ниетіңді қабыл етсін! Жаратқан иманы бар адамдар басып өткен жерді бізге де басуға нәсіп етсін!

  16. Өркен, барлық бауырларымыз сізге тілекші болып жатыр…
    «Расулулаллаһ (с.ғ.с): «Исламдағы ең абзал амал қандай?»,- деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с): «Аллаһ Тағалаға иман келтіру», деп жауап берді.
    – Ал, одан кейін?
    – Аллаһ Тағала жолында күресу.
    – Ал, одан кейін ше?
    – Шариғат талабына сай орындалған қажылық».Сіздің де қажылық парызыңыз қабыл болсын!Ғұмра қажылығынан алған әсерлеріңіз жайында тағы да жазады деп сенемін Құдай қаласа…))))

  17. Кажылыгынызды Аллах кабыл етсин! елген келип «КАЖЫ» деген атка сай амал жасаныз!

  18. Қайтарма үнқосу: Жер кіндігіндегі жайнамаз. І-бөлім « Өркеннің өрнегі

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s