«Уикиликс». Тыңдалған телефон


Wikileaks сияқты «зайырлы» өсектің ордасында осы аптада мынадай өсек шығыпты дейді қағылез Интернетшілер. Өткен айда көрші елдердің баспасөзінде Қазақстан Коммунистік Партиясының серкесі Козлов пен Аустрияның үлгілі бюргері Рахат Әлиевтің телефон арқылы әңгімесі жария болды. Сол күйі Интернетке «сливать» етілген «құнды» әңгіме іле-шала із-түссіз жойылып кеткен (орыс, ағылшын тілдерінен аударылып беріліп отыр.


Козлов: – Әлөөөу, бұл Лондон ба? Гуд мониң, мистер Шораз-Аблязов! Әлде, Шоразблязов? Шораз Абля… Шораз… бля… Как нынче Вас: слитно или раздельно?

Әлиев: – С Шоразом Вы угадали. Только Шоразалиев. Нет, Шораз-Алиев. Как Ежиков-Бабаханов, как  Зета-Джонс…  В общем, это – Вена! Гутен абенд!

Козлов: – Қалайша? Мынау Аблязовтың телефоны емес пе?

Әлиев: – Дұрыс, бұл – Шораз-Аблязовтың телефоны болған. Кеше түске дейін…

Козлов: – Сен тартып алдың ба?

Әлиев: – Жоға, бұл жолы сатып алдым. Еңбек биржасына тіркелуге 5 фунты жетпей тұрғасын, сендермен қоса, телефонын да берді. SIM-картасымен қосып…

Козлов: – Біздермен қоса? Қап… Пролетариатты әбден мазақ қылдыңдар-ау… Енді Сізден аламыз ба нан-пұлдық?

Әлиев: – Тоймайсыңдар өздерің! Ал нәтиже жоқ. «Алаң толы халық», «қанішер Президенттің образы»,»төңкерістер» қайда, уәде етілген?

Козлов: – О не дегеніңіз… Түсінесіз бе, көсеміміз В.И. Лениннің әдістері бұл елде онша іске аспай тұр… Оның контингенті аш-жалаңаш болатын… Сосын шетелден жарылқаушылары, қалай айтсам екен, Сіздерден ауқаттылау болатын… Ал бізде тоқ халықты көшеге тек концерт, мейрам үшін шығара аласың бұл күні…

Әлиев: – Концерт қойыңдар онда!

Козлов: – Қойдық «концертті де»…

Әлиев: – Нәтиже???

Козлов: – Жұмыртқа…

Әлиев: – Неужели елде шұқып-шұқып қанататын мәселелер бітіп қалды?

Козлов: – Бар негізі… Мысалы өткенде деймін де… Маған жұмыртқа лақтырылған кезде… Байыптап қарасам: жұмыртқаның қабығында мөр жоқ екен…

Әлиев: – А?

Козлов: – Соны ойлап отырмын… Дүкенде СЭС-тің мөрі қойылмаған солақай  жұмыртқалар қайдан жүр? Сальмонеллез! Бруцеллез! Коррупция!  Осы тақырыпты шамалы қоздырып, нетіп көруге болатын сияқты…

Әлиев: – Басқа түк-түк проблема жоқ па елде?

Козлов: – Проблема менде болып тұр… Алаңға шығып сөйлейін десем…

Әлиев: – Иә?

Козлов: – Қорқам…

Әлиев: – Неге?

Козлов: – Алдымда Ауыл шаруашылық министрлігінің статистикасы жатыр. Оның мәліметтері бойынша, көктемгі жұмыртқалар ірілеу көрінеді. Мен тек тауықтың жұмыртқасын ғана айтып отырмын. Ал «желтоқсаншылардың» импровизатор екенін білесіз: келесіде – қаздың, я түйеқұстың жұмыртқасы болса ше? Өткендегідей сұрмергендікпен қасқа бастан қадап тигізсе, пролетариат қозғалысының тезистері мен нұсқауларын ұмытып қалуым мүмкін…

Әлиев: – Дәрігер-опер ретінде айтайын: саған көріну керек.

Козлов: – Көріндім. «Ооцитофобия» екенмін, басқа проблема аздай…

Әлиев: – Оққағар берсем ше?

Козлов: – Артық болмас ед… Тек жалақысын өзіңіз… Сосын аз-мұз маған да… Қалтама салып алмайм: алдамжаровтық, то есть марксистік  ячейкалар ашуға. Ондай ячейкаларға жастар келе бермейд. Промо-акция керек, ол да қаржы.  Ендігі жарнамалар жас қыздармен, сырамен, тегін банкетпен…

Әлиев: – Қыздарға ақша құртпа, өзім жібертемін…

Козлов: – Ойбай, бір-екеуін көргем: я орысша, я қазақша білмейді ғой ана өзбек қыздарың?! Сосын мүмкіндігінше, ақшаны темір евроцентпен берсеңіз…

Әлиев: – А?

Козлов: – Саудада, брррр, то есть – саясатта достық жоқ… Өткенде Алдамжаров та Сізден қағаз ақшамен алып, ол фальшивка болып шығып… Жоға, Сізге еш күмәнім жоқ. Самолетте біреу ауыстырып кеткен де әмиянын… Сол КНБ-ның ісі де… Баяғыда өзіңіз басқарған… Көп сөйлесіп кеттік пе дейм, баланс аз менде…

Әлиев: – Біліп қойды ма?

Козлов:Нені?

Әлиев: – Ақшаны?

Козлов:Жоқ, әзірге біліп қалған мен, ол әлі сол ақшамен жүр, негізі сапалы екен…

Әлиев: – Былай болсын. Дүниежүзілік пролетариат диктатурасын қаржыландыра беретін менің ақшам жоқ, бұ жақта принтердің бояуы өте қымбат. Сенің орныңа сол ақша таусылғанша Алдамжаров төраға бола тұрсын. Оған дейін мен де темір ақша басатын станок табармын қытайлардан.

Козлов: Ол қалай? Алайша, товарищь Шоразаблязов, то есть Шоразалиев? Товарищ Шоразалиев! Товарищ Шораз…

(Тасталған тұтқаның үні)

Advertisements

15 comments on “«Уикиликс». Тыңдалған телефон

    • Өзі бір жыртылайын деп тұрған тақырып еді, негізі мұның конструкциясын құрып, жазған басқа адам, құпия деп қояйыншы, мен жай саяси жағын салмақтатып қойдым, и бсе

  1. Мәәәәә! Біздің қауіпсіздік қызметі қайда қарап отырған? Алғаш бастағанда басыма осындай ой келген. Ық-ық!!! Өреке керемет.

  2. күшті сценарий! күліп алдық! Біздің бастықтың «болмаған оқиғаларынан» несі кем? Мүмкін экранизациялаймыз, а? 🙂

    • Дабай, дабай! Жандос осы бір болмайтын сюжетке бір кино түсіріп көрсек қалай болады, сотканың камерасымен болсын

  3. көптен бері кулмеп едік, мынауыңыз «Тамашаның» приколдары сияқты екен….. Рахмет, Өркен аға!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s