Күлгің келеді-ақ…


бірақ, күлуге ыңғайсыз ба? «Алдау күні мен Сайлау күні бір-біріне қандай жақын және ұқсас?!» деп Сәкен ағам (Сыбанбай) айтқандай, мына ұсынып тұрған әнектер осы екеуі туралы. Тимур Коман жіберіпті.


***

Егер айналанның бәрі Назарбаевтың суретіне толып кетсе, сайлауды күте бер!

***

Президенттікке үміткердің біріне өзіміз сияқты тілші сұрақ қойыпты:

– Сайлауға түсудегі мақсатыңыз не осы?

– Енді өзіңіз бағамдаңыз, билік жемқорлыққа былығып, ұрлық-қарлықтан аянбай жатыр, халықты қанап жатыр.

– Сонда сіз осы кеселдің бәрімен күрескіңіз келе ме?

– И жоға, – депті үміткер, – осының бәрінің бел ортасында жүріп, араласқым келеді

***

АҚШ президенті психиатрдың қабылдауына келіпті.

– Хай! Доғдыр, абайсызда «тұлғалық құбылу»ауруын жұқтырып алдым-ау: сөйлегенім басқа, ойлағаным мүлде басқа, ал жасайтыным ващше басқа…

– Ой, шұрқ етпеңіз басеке, бұл сіздің өз қызметіңізге толық сәйкес екеніңізді тағы бір дәлелдейді

***

– Әке-әке, осы ертегінің бәрі «Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп басталушы ма еді?

– Жоға, қазіргінің ертегісі «Егер сіз маған сайлауда дауыс берсеңіз…» деген сөздерден басталады.

***

Үшінші сәуірде коммунист Ахметбеков үш дауыс алыпты дейді. Әйелі оған:
– Ал, кәне шыныңды айт! Сенің көңілдестерің бар ма деймін???!

***

Астанадағы Ұлттық кітапханада:
– Ғылыми фантастика, ертегі, жарнама, депутаттың сайлауалды бағдарламасы. Міне, жанрларды ақпаратының сенімділігіне қарай осылай реттестіреді.

***

– Мен өз отбасымның шежіресін біле алмай жүр едім. Неден бастасам болады екен, а?
– Сайлауға өз кандидатураңды ұсынып көр.

Advertisements

12 comments on “Күлгің келеді-ақ…

  1. Менің ойымша ахметбеков көбірек дауыс алады сабаз! Ойынға шындап кірііп кетіпті әртіс екен…әртіс болмаса саясатшы болушы ма еді?

  2. «Ж.Ахметбеков көп дауыс алуы мүмкін, ал Ғ.Қасымов-гламурлы қазақта дауыссыз қалмайды. М.Елеусізов елді көгертемін дегенімен, Президент Н.Ә.Назарбаев болады»

    Шытырман жазбаларымнан. 01 сәуір 2011 жыл XXI ғасыр.

  3. Жоға, қазіргінің ертегісі “Егер сіз маған сайлауда дауыс берсеңіз…” деген сөздерден басталады.

    енді өтірік деп көрсінші

  4. Назарбаев тұрғанда, басқалардың жеңіске жетуі екіталай. Биыл да 95 пайызды ойнап отырып алатын сиякты ғой. Егер алда-жалда Назарбаев о дүниеге аттанса, халық Сталинді жоқтағандай, зарлайтын шығар. Халық шашырап кететін сияқты қырғыз ағайындар секілді. Сондықтан, Елбасының амандығын тілейік отырып алып)))))))) Тіпті артынан мұрагер дайындайтын, Путин құрлы болмағаны ма?

  5. «елің үшін дауыс бер!»деген күндіз түнгі жарнамаға әбден сеніп қалған қазақтар сайлауға бармай ел үшін айғайлап жүр дейді…олар дауыс бер дегенді айғалау деп ұғып қалса керек!

  6. Кезінде Аристотель «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады»- деген. екен.Сол айтқандай, қоғамдағы жағдайларға бей – жай қарамайтын сіз сияқты жандар көбейе берсе екен…

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s