Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере…


Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере)

«Астарын ақтарамыз» деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. «Керекинфоға» ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар. Алайда,

«мүмкін, мүмкін» дегенмен экрандағы тірліктері еш ақтауға да, көктеуге де келмейді. Былтыр осы бағдарлама шыға бастағанда, соны леп екен деп сүйсінгенмін. Ал, «қазақ порносы» деп әлгі анайылықты әдейі көрсеткенде, қаным басыма бір-ақ шапты. Көрсеткен күннің ертеңіне «Халық сөзіне» «Прайм-таймда.. порно көрсетті» деп ашынған да болатынмын. Ақпаратты боямасыз көрсетеміз дейтін бағдарлама адамның өңешіне қыл салып, алдына шелек қойып құстыруға арналғандай көрінді. Бірде бет-аузын мылжа-мылжа қылған, тәніне 30 рет пышақ сұғылған бейшараның өлігін көрсетті.

Бір көрсетсе мейлі… бірақ, бірнеше рет көрсету көрермен тарту тәсілі емес, оны сыйламау, я не берсе де бас тартпайтын нәумездің қадірінде қадірлемеу деп білемін. Бұның шокотерапияның қай бабына жататынын да біле алмадық. Бірақ, ҚР ҚК-нің 273-ші бабына жатады-ау деген ұят көріністі ұялмай, «Другая правдада» көрсете салды («Ақиқаты» да көрсеткен, өз басым Шахматовтікінен көргем). Прайм-таймда. Бала-шаға көрмесін деген ескертуі де естен шығыпты. Қазақ газеттері қаламмен жазған «алғашқы қазақ порносын» алды да, үзік-үзігімен бере салды. Көзіміз шыққыр бір-бірімен әуейі болып жатқан «қазақтардың» (жүргізуші осыған баса акцент береді) алдымен 69 позасында, одан кейін классикалық м… болып жатқанын көрді. Сонда осыны да КТК экрандық эротика дей ме? Егер бағдарламаның мақсаты «бұлтартпасыз ақиқат» болса, оған жетіп тынды. КТК... қазақтың артын ашты.

Жарайды, сөз толғатудан жарысқа түспей-ақ қояйық.

«Астарлы ақиқаттың» жүргізушісі Дина Төлепбергенмен болған сұрақ-жауапты жариялайын деп едім. Әрине, Дина әріптесіме қояр кінәм жоқ, жұмысы солай болар (сөздері бұрмалаусыз берілді)

Ө.К: Бала-шаға, ата-ана, жас пен кәрі бірдей көретін сенбіде, прайм -таймда ашықтан ашық порнодан үзінді көрсеткені қалай? Эротика деп ақталудан бұрын, бейнеде көрсетілген ұятсыз (сексте ұят болып па өзі?)екі позаны порно демей, не дейді?

Д.Т: Алдымен, эротика мен порноның айырмашылығын біліп алайық.

Эротика дегеніміз, сексуалды эмоцияны білдіру өнері. Андрей Беллолидің атақты «Шомылушы» картинасы –  бейнелеу өнеріндегі эротикаға жарқын мысал. «Астарлы ақиқатта» көрсетілген бейнені эротикаға жатқызуға болады. Бірақ, ол порно емес.  Порнография дегеніміз – жыныстық қарым- қатынасты ашық көрсету. «Астарлы ақиқатта» жыныстық акт көрсетілген жоқ. Бейнеге түскен арудың әдемі төсі, саны көрсетілді. Бірақ, акт барысы экранға шыққан жоқ.  Егер, ең қызығын көрсетпегеніме ренжіп отырсаңыз, Өркен Кенжебек мырза, кешіріңіз, мен еліміздің Ата-заңын құрмет тұтатын азаматпын. .

Сіз 69 дегенді айтып отырсыз. Ол не дегеніңіз?  Мен ондайды «Астарлы ақиқаттан» көргенім жоқ. Қыздың жігіттің астында жатқанын көрдім. Бірақ, не жасағаны маған көрінбеді. Сіз, құрметті тілші, бағдарламада көрсетілген бейнеге құмарыңыз қанбаған соң, өзіңіз әлгі дискті сатып алып, түпнұсқасын көрген шығарсыз. Әрине, ондай жағдайда, бұлдыр бейненің ар жағында не жатқанын  елестету Сізге қиын емес.

Ө.К: Бекболат… Тағы да қазақтың қазақты масқаралап тұрғанына Бекболат ағамызды кінәлаймыз ба?

Д.Т: Мен үшін эфир құдіретті. Айтқан әрбір сөзіме жауап беремін. «Астарлы ақиқатта» айтқан сөзім мынандай болды: «Ұятсыз бейнені көрсетті деп, сөкпеңізші мені, Бекболат аға! Егер «ойбай, жұрт естімесін» деп жабулы қазанды жауып қойсақ, бұдан да зорын көріп, екі көзіміз сонда шығар. Естуімізше, сол сапасыз дискілерді жастар жапа тармағай сатып алуда, яғни сұраныс бар. Ал сұранысқа, ертең орасан ұсыныстың болмасына кім кепіл?»

Клоун деген сөз бар ма мұнда? Айтылды ма? Құрметті журналист, Сіздің қиялыңыз мықты екен! Бәлкім, Сізге Лор немесе көз дәрігеріне барып  көрінген абзал болар. Сіздей журналистер біздің елімізге өте керек. Денсаулығыңызды күтіңіз!

Меніңше, ұлтттық намыс тақырыбын көтеріп,  ұлттың болмысына алаңдап, шырылдап жүрген депутаттың бірден бірі – Бекболат Тілеухан.  Бұл сұмдықты тоқтатуға оның ғана қауқары жетеді деген сеніммен айтылған сөз еді ол.  Менің сеніміме селкеу түскен емес. Мен әлі де ол кісіге сенемін!

 



Advertisements

40 comments on “Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере…

  1. Өркен аға, айып етпеңіз ашық айтсам. Шыны керек порно мен эротика арасында айырмашылық бары рас. Порно деп барлығын анайы түрде, жыныстық мүшелерді ашып көрсету. Қалай болып жатыр, кім не істеді барлығы экраннан тыс қалмайды. Ал, эротикада сыртқы келбеті ғана көрсетеді. Бірақ, екеуінің де оңып тұрғаны шамалы. Қалай дегенде де КТК-ның тірліктері дұрыс емес. Қазір, менің жеті жасар інім баланың қалай пайда болып, қалай туылатынын айтып береді. Осыдан соң ақ ТВ-ның әсері жоқ деп көр.

  2. КТК телеарнасы қазақы ұлттық құндылықтарымызға жау. КТК арнасы барша ел жұртты Наурызбен осылай құттықтады. Тойыс құттықтаймын деп отырып «анайылықпен, қарабайырлықпен, күлкі әжуамен бауыздады». Менің ұққаным осы болды достар. Бұларға тәйт дейтін ешкім жоқ

  3. Ол бағдарламаны көре алмай қалғаныма қатты өкінбей тұрмын, дәлірегі, отырмын. «Астарсыз ақиқаттың» (ол бағдарламадан астар көрмедім) бірле-е-тте «секс символдарды» түгендеп, бойдақ келіншектердің пысынап лыпамен отырған суреттерін эфирден бергенін көріп, көңілімнің қалғаны бар. Ойыңды түсіндім, Өркен. Түсінбегенім, Акзеренің бұл араға қатысы қандай?

    • Ақзере Керекинфода материал жазды ғой, «Астарын ақтарсақ» деп.. Осы материалымның ең бірінші сөйлемінде сілтемесі тұр ғой))) Менікі жай ғана үн қосу

  4. Бала-шағаны теледидармен емес, басқа нәрселермен тәрбиеле деп жатыр. Аяғында қарсылық білдірген біз жаман атты болады екенбіз. Қандай да бір бағдарлама болсын, жазба болсын, әйтеуір қоғамға әсер ететін нәрселерді жасағанда адами құндылықтардан аспайын, өскелең ұрпаққа қандай тәлім-тәрбие бере алады деген ұстаным болса ғой. Фильм болса бір сәрі, онда айқын көрсетіледі, мысалы +14, +18 деген сияқты. Ал бұл жаңалық форматы, шығатын уақыты да прайм-тайм. Осыны ойлану керек қой.

    • Е, Ақзере қазіргі заманда бала-шаға тұрмақ, өзімізді теледидар тәрбиелеп жатыр емес пе? Сәнді қалыптастыратын, талғам өсіретін, жаңалық тыңдайтын, езу тартатын, еріксіз жылайтын… бәрі бәрі ТВ болып тұр. Одан қашып құтылаймыз. Оны икемдеу керек өзімізге, өзің айтқандай адами құндылықтардан аспайтын, өскелең ұрпаққа қандай тәлім-тәрбие бере алады деген ұстаным болса. Болса емес, осындай талаптармен болдыру керекпіз ғой

  5. Ата нақылын теледидардан, ана ақылын телесериалдан үйренген заман болды ғой. мен отыз жерден…. сол кісіні көргенде түршіккем. Дина қыз қайыра кінәлаудан шебер екен, ә?

    • Негізі үлкен материал даярлап, Абай кызыға салмақ ойым болған. Содан кейін қалып кетті, мына сұрақ-жауап та соған дайындық кезінде алынып еді. Ақзере жазған соң ғана, оқылсын деп осында сала салдым

  6. Farid degen blogger esterinizde jok wygar. Sol kisi juyrda osy arnaga awyk wawyk adamdardy korsetpenizder dep hat jazyp, makul degen jauap algan edi. Kyzyk bolypty….
    Korermennin tilegine tukirgeni bar wygar bul arnanyn.

  7. қайтесің енді?! Қазіргі қазаққа қат дүние осы тәнтоят дегені шығар бұл «жарығы сөнгір жарықтықтың»??!

    «Естуімізше, сол сапасыз дискілерді жастар жапа тармағай сатып алуда, яғни сұраныс бар. Ал сұранысқа, ертең орасан ұсыныстың болмасына кім кепіл?» ——— сол ұсыныс көтерілгенде қалып қоймайық деп пиар жасап жатыр ма сонда сол дискке?!?!?

  8. Динага салем айта саларсын. Баскасын былай койганда оз ултынын арын арламаса, колына калам устамай-ак койсын, имандылык болмаса жылтыраган жузи курсын. орыстын ойындагысын елге жеткизбей-ак койсын. орыска казахты кулкиге айналдырганнан баска лаззат калмаган онсызда

  9. Д.Т.-ның ТДдан көргенде ақ бетпақ жан екені көрініп тұр еді. Шын өмірде одан да өткен жан сияқты.

    Жалпы КТК телеарнасы елімізді іштен іріту құралының бірі ретінде көрінеді менің көзіме. :((

  10. Мойындаймын, мен ол бағдарламаны көрдім. Ауруын жасырған өледі деген, бәлкім Динаның бұлай шырылдауы дұрыс та шығар бір жағынан. Бірақ, «Қазақ порносынан» басқа да бағдарлама шығарылымдары маған ұнамайды. Мәселен, жаңа жылда депутаттар қандай сыйлық алды, шенеуніктердің сағаты қанша тұрады, шенеуніктер қалай ән салады, қалай билейді деген сияқты шектен тыс өсек-аяңдардың бізге қажеті қанша? Олар да адам баласы ғой! Аспаннан түскен жоқ екі аяқтары салбырап! Бұлай жалғаса берсе, «Астарлы ақиқат» бір күні депутаттардың ішкиіміне дейін көрсетеді әлі. Осылайша халықты қарық қылмақ түрі бар… Күлеміз бе, жылаймыз ба?

  11. Иә, тым қазбаланып кетеді, жалпы журналистердің кәсіби ауруы осы ғой, оған рейтинг, сенсация қуу деген қосылып, одан ары қоздырады

  12. Өркен сіз өте дұрыс жаздыңыз. Мәселе, порно, эротика деп ажыратуда емес, мәселе анайылықтың ашық түрде прайм-тайм кезінде көрсетілуінде. «Ақиқаттың астары қандай болер екен» деп біз үй ішімізбен көріп отырғанбыз сол күні Динаның бағдарламасын, анайы көрініс ашықтан-ашық көрсетілгенде, анам бетін басып, ағам бөлмеден шығып, мен қызарып қалдым. мұндай ақиқаттың қазаққа қажеті жоқ. Әрбірден соң, студенттер арасында ондай дискілердің сатылатыны осыдан бір жыл бұрын талай айтылды да. Сондықтан «Астарлы ақиқат» ескі ақпарды халыққа ұсынды. Бүйтіп рейтинг жинағандары бар болсын

  13. …сексуальная емес, секс тілеп тұратын… Қайтесің ӨРКЕН, сексуалдық тұтыну қабілеті жоғары … сөз жарыстырып

  14. «Астарлы ақиқат» деген аты дардай болғанымен, тап-таза көшірме. Екі тілде жұмыс жасайтын журналистердің соншалық «бірдей» ойлауы таңғалдырмай қоймайды.
    Екінші бір түйткіл, Дина әріптесіміздің тіліне қатысты. Жайна Сламбектен де өтіп кетті, сөйлемдерінің бас-аяғын түсіну қиын. Тілдік заңдылықты сақтамайды. Меніңше, бұл ешқандай да стиль емес, сауаттың аздығы секілді.

  15. Ореке, Дина апай «айтып айтып тастапты» а, саган… Сол кунгі эфир еееенді маскара болды… Кас кылгандай ауылда едім… Папаммен бірге коріп отыргам… Жер болдым…

  16. Өткен жылы Әз-Наурызда «Келін» -ді берді емес пе???сонда бұл телеарнаның жауапты қызметкерлері, журналистері,т.б. қазақтың ұлттық киносы осы деп танығаны болар….әрине, ақиқат айтуға келгенде, өткір сөзді хабарларды дайындауда алдына жан салмас арна екені хақ. Бірақ «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының» болмаса «шаш ал десе бас алдының» керін келтіретіндері жанға батады кейде. йә,Өркен ағау, дұрыс айтасыз,айта – айта шаршайды екенсіз, көре көре де….

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s