Құрылтай. Қалған-құтқан…


Алдыңғы жазбамда айттым. Бұл жолы да айтады екен демеңіз. Бірақ, көрсетуге болатын кереметтер бар боп тұрғаны… Блогкэмпте диаметрі басымнан дәу фотосайман ұстап жүргеніме жұрт куә. Өтірік басқаным, шын түсіргенім бар, біраз фотоны жиғандай болған едім.. атаңа нағылет

вирус жалмапты. Жүз пәлен суреттен ешбірі аман қалмаған. Вирустың кесірінен фотосайманым қолдан шығып кетіп, объективі шықпай қалғаны тағы бар. Қысқасы, «блатной» фотожурик (жулик емес))) Еркін Қуатайұлына қолқа салып, сурет алдырғам. Керегі болса, теріп көріңіз!

Бүркіт: «Сотка сатам. Аласың ба?» Тоты: «А-а, бұл Ай пад па, отпад па?»

Биржадағы брокерлер 🙂 «Блог котировкасы 2 индекске көтерілді! Бар ақшаға «Өрімталды» сатып алыңдар»

Берік Уәли: «Астанаға келгендерің жөн ғо. Рахат бізде – нан болмаса, пирожный жейсің, бензин болмаса, таксимен жүресің» Аққыз: «Қо-ей, рас айтасың ба?»

Мұрат Әбенов: «Бала кезімнен блог ашуға құмарлығым бопты. 5-ші сыныпта бағзы интернет тарихы пәнінде шығарма жазғаным бар еді. Сонда «Керекинфо мен Ювижн кландарының арасындағы «қызыл тіл» соғысы» туралы жазғаным әлі есімнен кетпейді-ей»

Мына сұлу қыздың ыстығы ұрған біраз жігіт бәлніске түсті деген жалған дерек бар. Бәріне де тым үңіле қараудан көз қарашықтарындағы капилярларына қан кетіп, зорығу деген диагноз қойылыпты. Не де болса, машаллах, қазағымның қыздары.. сұлу ғой

«Анау ше, арақ ішіп кетеді, махаббаттың күйігіне шыдамай. Ақырында құсалықтан Пароның табалдырығының алдына келіп ит құсап, запыран құсып өледі. Күчт енді…» Менің «Девдас» туралы мыжымамды екі сағат бойы тыңдаған Кербез Айжанға С.Л.Бхансали атынан үлкен рахмет!

Сатыбалды презентация жасайды: «Дәруішөлген мәдениетіне индуисті-итерациялық блогтардың кері әрі бері әсерін анықтамау»

Бізді «Таразыға» салған жорналшы қыз осы болатын. Бұл жерде бірақ Мақпал Мадиярова Көкбөріні күреске я боксқа шақырып тұрғандай әсер қалдырады екен))) Көкбөрі ағамыз да «бірінші удар сенен» деп қасқайып тұр! не деген батырлық, не деген еркек десейші!

«Ду ю спик инглиш» – «Иес, ай донт». Нұрғиса бырат: «Не істеп отырмын десейш бұ жерде? Дин-Дин»

Шай іше отырып күлімсіреу өнерін меңгерген Бүркіт қай қызбен танысарын жоспарлап отыр. «Менің атым… Бүркіт» «Жоқ, Бүркіт Нұрасыл«. «Жоқ, былай дейін: қалайсың, айдың қияғында әткеншек тепкен әдемі қыз? Мендей жігіттің төресімен, қызыл галстоктың иесімен танысуға тұратын қызсыз ба деп танысайын десем, бола ма, болмай ма?»

«Е қазақтар, блогтарыңа ат қоярда маған ызбандайсыңдар ғо… Соткам 8 70****** . Әдемі ат қоюға 150 доллар, әдемі емес, бірақ мағыналы ат қоюға 200 доллар сұрамаймын. Ұялғаннан өздеріңіз бересіздер»

«Иманигүл» композициясы. Бұл жерде әзілдеуге болмайды))

«Қап, Асекеннің алдап түсіргенің-ай… Пайда табу деп ақшаны ойласаақ, мынау аударма екен ғо. Сыртқа шығып кетсек, ұят. Ақыры қалған екем, керемет тыңдап отырған сыңай танытайын» (менің басымдағы ойдан френдлента)

Дин Кокс: «Апам шахтаның коксын жемесе де, жерік болғаны үшін атамның аты осылай болған деседі. Содан Кокстан алыс кетпей, шахтер болдым біраз жыл. Ит өмір-ай десейш. Қазір сәл свет өшірсе бітті, басыма фонарь тағатын әдет таптым. Талай жылғы тауқыметтен кейінгі комплекс ғо, е қайсыбірін айтайын»

«Әй-әй қыздармыз, иә? Синди Кроуфорд пен Клаудия Шифферіміз ғо блогосфераның, шіркін…  Ей, тіліңді жұтып қойдың ба, айтсай осылай, Өркен?»

«Менің суретімді салып берші?» – «Оп-оңай ғой, Өмірбек, қаз»

«иии, мынау маған ұқсамайды ғой» – «Енді кукладан басқа ешнәрсе сала алмаймын деп айттым ғо, менімше әдемі сияқты»

«Кім-кім? Патикпін, ал… Ващсе көршім Әконайдың күйеуі сияқты атың неге Патик деп сұрай бермеңдерш. Жүйкеме тиеді»

«Мен сұлумын» (Патик), «Айжаннан мен әдемімін» (Асқарбек), «Бәрінен красавшик мен ғой , мен» (Қисық)

Асхат тізе бүкті! «Менің зарядкамды көрген адам бар ма? Тезірек»




 



Advertisements

57 comments on “Құрылтай. Қалған-құтқан…

  1. Соңында не айтқаныңды ұқпадым. Менің компым арқылы көшірген суреттер ме өшіп кеткен? Неден, қайдан теру керек?

    • Жоға, Иманигүл сіздің комптан еш ақау да, мақау да жоқ, осы суреттер сіздің компекең арқылы көшірілген еді.. өз флэшкамды айтам, Таразға барғанда ауырып, оңбай түсті. Теріп көріңіз дегенім, мына суреттерден қызығы болса, копипаст қылыңыз дегенім ғой

      • Мына постыңа алғаш боп кіргендердің бірі едім. Сол кезде сурет жоқ сияқты, содан ұқпай жатқаным ғой. Флэшкаңа шипа берсін! 🙂

      • Аа, түсіндім!!! Тимур екеуің екі жақтан жабылып кәмент жазасыңдар, содан сәл жанығып жатқаным ғой, әмин

    • Капут болды! сол флэшкага вирус кіріп кетіп, бәрін жеп қойыпты. оны енді қайтадан қалпына келтіруге бола ма, болмай ма білмедім

    • Сол шашым ағармай тұрып, Шаншарға барып, бір-екі жыл жұмыс істеп, арзан ба, қымбат па ол жағын білмедім, бірақ атақ жинап қайтсам ба деп жүрмін))) ең болмаса, сценарист болып)))

  2. Суреттерді қатырыпсыз! Еркін Қуатайұлының фотоапаратына дерт бермесін! Әсіресе, Бүркіт пен Тотының суреттері күштііііііііііііііі!!!

  3. Бүркіт пен Дин Кокстың суреттерінің комментарийлерін қатырдың:))) бір күліп алдым:) 2 сағат бойы айтсаң да, «Давос» деп есімде қалып қалыпты:))

  4. Шынында да бесінші суреттегі қыз әдемі екен. Өркен аға, телефоны жоқ па? Азда болса Айдананы ұмытайын.

    • И жоқ)))) Бар болса да, беруге болмайды.. Анау бір «Анатомия любви» деген кинодағы сияқты, тауып алсай… Алматыда 1,5 млн-да адам бар, оның пәленшесі қыз, оның пәленшесі Казгуде, журфакта оқиды дегендей, өте аз-ақ қой қыздар дегенің .-)

      • Сөйтетін секілдімін енді. Тауып аламын құдай қаласа деп алақанға түкіріп отырмын. Қазақстанда тұрғаным қандай жақсы болған. Қытайда тұрғанда қайтер едім.

    • Бірінші курсқа келгенде екі көзі жәудіреп, еліктің лағындай еді Қарагөз, қазір есейіп қалыпты. Тфай-тфай!Түкіріп қойыңдар, көздеріңнің сұғы жоқ па?!))))

  5. Еркін ағаға алғысымды жеткізейінші дегем. Менің де фотоаппаратымның флешкасына вирус кіріп, ашылмай қалғанда көмегің тигізгені үшін. Суреттер өте әдемі шыққан…

  6. Бірден Астанаға қайтпай, Таразға барып,вирус жұқтырғаның дұрыс болмаған екен…, сен емес, то иисс фотоаппаратты айтам. КИМЭПтің ауласындағы шыршалардың фонына түскен суреттерді ойласам, ішім ашиды…:) Дегенмен, рахмет,Өреке!

  7. Мяссаган!!! Мен Тоты ханымга өзімнің кішкентай күнімдегі суретімді көрсетіп жатыр едім. Ал анау шай ішіп отырып бір қызға көз салып отырғаным рас болатын…

  8. Суреттер өте сапалы…Биржадағы брокерлердің котировкасы ориджинал шығыпты…мәссаған өзім де сеніп қалдым ))) ық-ық-ық

    • Екі суретің бар: бірінде Асхат ағаңмен бірге басқа қыздармен бірге, екіншісінде презентация үстінде, Ұшқынмен бірге

  9. Теманың бәрі мында ғой. 2010 жылы күз айында Ержанар Әшейхан деген досымды агентпен банкермін деп танысып, құлақтан теуіп алдап, көзімнен жас аққанша жерге жатып күліп едім. 2011 жылғы күлкім осы болды… Бүркіттен жақсы кәсіпкер шығатын сияқты. Жігітім 5-ші қызға мен ғашықпын, Қаракөз қай жігітпен сөйлесіп отыр екен ә… Пікірлеріңізге рахмет Алла разы болсын. Өркен брат сатқан суреттерімнің ақшасын мынаған лақтыра саласың ғой…87022880030

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s